Келінге бата беру жа?а т?скен
Семьяң үлкен бай болсын,
Төрт түлігің сай болсын,
Ата-анаңның көңілі жай болсын,
Шаңырағың жоғары, биік болсын
Мал-басты үйіп берсін,
Босағаң берік болсын,
Тату-тәтті махаббатты
Бір-біріне серік болсын,
Дастарқандарыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін,
Қызметтеріңе табыс берсін,
Қол жеткісіз ырыс берсін!
Дастарқандарың тоқ болсын,
Уайым-қайғыларың жоқ болсын,
Отбастарың шуылдап,
Күлшашарларың көп болсын!
Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсін жастарыңа,
Пәле-жала, жын-шайтан
Жоламасын қастарыңа!
Аллау әкбәр.
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Related articles
Бата-тілектер! Жақсы сөз - жарым ырыс 3 839
Ашып тастап пейілдіДастарханың жайылды.Қасиетті нан ұлықБерекең тұр нақ ұйып.Асыл сөздер шашылды,Бар абырой бақ орнапЕл
Бата-тілектер! Жақсы сөз - жарым ырыс 1 686
Келін түскенде бата беру
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін,
Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!
Айналайын қарағым!
Алтыннан болсын тарағың.
Күмістен болсын жарағың.
Бақыт қонып басыңа,
Басталсын өмір парағың.
Ашық болсын есігің.
Ұлды болсын бесігің.
Қазаның жиі майланып,
Алладан болсын несібің.
Айналайын қарағым!
Ақылды болсын сыңарың.
Жаратқан Ием жар болып,
Алладан болсын тұмарың.
Айналайын қарағым!
Ашық болсын қабағың.
Бағың артып күн сайын,
Көктен болсын сыбағаң.
Мұң баспасын жүзіңді.
Құм баспасын ізіңді.
Жұлдызың тұрсын жарқырап,
Көктемдей қылып күзіңді.
Жас келіннің қонған жері,
Құтты қоныс тұғыр болсын.
Біреуі шал біреуі кемпір –
Қос ағарған ғұмыр болсын!
Балапанмен, балақанмен
Бесік іші жыбыр болсын!
Құлан-тайдың асырымен
Оттың басы дүбір болсын.
Сүйіспендік махаббатпен
Тәтті күлкі, сыбыр болсын.
Кәрі күліп бала бағып.
Мол қызықтан ығыр болсын.
Кәрілерге мейірімді келіндерде
әдеп болсын.
Ата күту, ана бағу –
Ата жолы әдет болсын!
Әумин.
Келінің баянды болсын,
Үлкендерді сыйлайтын аяулы болсын!
Жылы жүзді болсын!
Жұмақ сөзді болсын!
Келінің бақытты болсын,
Ел қыдырса сыпайы жүрсін.
Күлсе сыпайы күлсін,
Ашпын деп жалаңдамасын.
Өз байымнан анау тәуір екен деп,
Шаш қайырғанға алаңдамасын.
Алдымен еріне жақсын.
Қолға қонған қырғидай
Атасы мен анасына жақсын.
Әумин.
Ақылды енелі бол.
Абысынға беделді бол.
Қайын апаңа жағымды бол.
Қайын жұртыңа жұғымды бол.
Ардақты аталы бол.
Оң ісіңмен баталы бол.
Қайын ағаңа қадірлі бол.
Әр ісіңде сабырлы бол.
Байыңа суйікті бол.
Ай, жылыңда жүкті бол.
Қайын сіңіліңе сырлас бол,
Қайныңа құрдас бол.
Малға барсаң көнекті бол.
Суға барсаң шелекті бол.
Ошаққа барсаң отынды бол.
Бауға барсаң желекті бол.
Кішпейіл, сүйкімді бол.
Өнерге икемді бол.
Жұмысыңда епті бол.
Шаңырағыңда көпті бол.
Келін той батасы
Жас келіннің батасы,
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласын
Анасы мен атасы.
Балалар, көтер қолыңды,
Хайырлы құтты жолыңды.
Ием берсін мал мен бас,
Толтырсын оң мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл болып, келінжан,
Сыйла енең мен атаңды,
Кекшіл болма, қарағым.
Кешірер әркім қатаңды.
Бола берсін ойын-той,
Қызықтап тойлау — құрмет қой.
Ақыл, естен айрылмай,
Жастарым еске алып қой,
Хайырлы болсын тойыңыз,
Құдалар кеуде соқтырып,
Құйрық-бауырға тойыңыз,
Аллаһу акпар!
КЕЛІН ТҮСКЕНДЕ АЙТЫЛАТЫН БАТА
Семьяң үлкен бай болсын,
Төрт түлігің сай болсын,
Ата-анаңның көңілі жай болсын,
Шаңырағың жоғары, биік болсын
Мал-басты үйіп берсін,
Босағаң берік болсын,
Тату-тәтті махаббатты
Бір-біріне серік болсын,
Дастарқандарыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін,
Қызметтеріңе табыс берсін,
Қол жеткісіз ырыс берсін!
Дастарқандарың тоқ болсын,
Уайым-қайғыларың жоқ болсын,
Отбастарың шуылдап,
Күлшашарларың көп болсын!
Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсін жастарыңа,
Пәле-жала, жын-шайтан
Жоламасын қастарыңа!
Аллау әкбәр.
Жас келінге бата
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласын,
Анасы мен атасы,
Балалар, көтер қолыңды,
Қайырлы құтты жолыңды,
Ием берсін мал мен бас,
Толтырсын ол мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл болып келінжан,
Сыйла енең мен атаңды.
Кекшіл болма, қарағым,
Кешірер әркім қатаңды.
Бола берсін ойын-той,
Қызықтап тойлау – құрмет қой.
Ақыл, естен айрылмай,
Жастарым, еске алып қой,
Қайырлы болсын тойыңыз,
Құдалар кеуде соқтырып,
Құйрық, бауырға тойыңыз.
Әумин
Қос аққудай көлдегі,
Қызғалдақтай белдегі,
Жас жұбайлар екенсің,
Бата берем кел бері.
Дәулетті, малды болыңдар,
Жұқармас жалды болыңдар,
Ел-жұртың мақтан тұтатын,
Жастардың алды болыңдар.
Тұтатқан шырақтарыңды,
Басталған мұраттарыңды,
Бір Алла қолдап әрдайым,
Жайқалтсын құрақтарыңды.
Отауларың орда болсын,
Аттарың жорға болсын.
Қымызың қымызық татып,
Местерің қорда болсын.
Әумин
Сыртыңнан дұшпан жүрмесін,
Көңіліңе үрей кірмесін.
Көре алмаған күншілдер,
Күшіктей шулап үрмесін.
Сыйлы етіп Алла басыңды,
Ғұмырлы қылсын жасыңды.
Аруақ қолдап өр, шыңға,
Домалатсын тасыңды.
Қадірін білгін анаңның,
Қызығын көргін балаңның.
Күнің мен ісің түспесін,
Қолына топас сараңның.
Асқақ болып арманың,
Арайлап атсын таңдарың.
Мақсатыңа жете бер,
Аман болып мал-жаның.
Әумин
Жетегің бұйда болсын,
Арқаның шуда болсын.
Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын.
Бесігің алдыңнан түспесін,
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Жамандық саған жетпесін.
Әумин
Жас келіннің қонған жері
Құтты қоныс, тұғыр болсын.
Біреуі шал, бірі кемпір –
Қоса ағарған ғұмыр болсын.
Балапанмен, балақанмен
Бесік іші жыбыр болсын.
Құлын тайдың асырымен
Оттың басы дүбір болсын.
Сүйіспендік махаббатпен
Тәтті күлкі, сыбыр болсын.
Кәрі күтіп, бала бағып,
Мол қызықтан ығыр болсын.
Кәрілерге мейірімді,
Келіндерге әдеп болсын.
Ата күту, ана бағу,
Ата жолы әдет болсын!
Әумин
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол,
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайныңа қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Әумин
Қосылып тұрған қос ұлан,
Игілікті, алаулы болыңдар.
Халыққа қалаулы болыңдар.
Өмір бойы біріңді-бірің
Жамандыққа қимаңдар.
Мейірбанды махаббатпен,
Үлкендерді сыйлаңдар!
Табыстары көп болсын,
Алақандары ашық болсын,
Өмірге машық болсын!
Күйбең қағып кейін қалмай,
Жаңалыққа ғашық болсын,
Ұрпақтары ер болсын,
Кемеңгерлермен тең болсын.
Жас баланың күлкісін бер,
Жас ананың ұйқысын бер,
Жомарттың жолын бер,
Қыздың қылығын бер,
Судың тұнығын бер,
Асаудың арынын бер,
Түнгі оттың жарығын бер,
Даланың жазықтығын бер,
Гүлдің нәзіктігін бер,
Теңіздің тереңдігін бер,
Лашынның жүрегін бер,
Нағыз достың тілегін бер,
Мәңгі бақи ажырамас
Шын ғашықтың білегін бер!
Әумин – деп қолың жай,
Мен бір бата берейін.
Бергенде бата не дейін:
Әуелі Құдай оңдасын,
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Берекелі бақ қонып,
Бірдей өссін мал-басың,
Несібең артып күн сайын,
Өзегің ешбір талмасын.
Жаратқан жаббар жар болып,
Пендеге күнің салмасын!
Жаратушы құдірет,
Жарылқаудың қамын ет,
Зылиқа мен Жүсіптей, ет!
Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы от бастарыңа
Сәбидің шат үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Шаршап-шалдыққандар
Төрлеріңе дамылдасын!
Көлденең кеселден сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан, сақтасын!
Асып-тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын!
Әуелі құдай оңдасын,
Періштелер болсын жолдасың.
Ақ батамыз пәк болсын,
Ақ ордаңа бақ қонсын!
Жас отауың басқа толсын,
Аллаһ мың бір атты пәледен сақтасын.
Жүз бір атты қатерден сақтасын,
Тілдінің тілінен сақтасын,
Көздінің көзінен сақтасын,
Кезенгеннің кезінен сақтасын.
Өсек, аяң күндеуден,
Пәле-жаланың бәрінен,
Бір Аллаһ сізді сақтасын!
Әумин, Аллаһу әкбар!
Әумин десең міне бата
Қонсын деп Қыдыр Ата.
Қыдыр дарып, Бақ қонсын,
Көңілдерің толар шақ болсын.
Күндерің шуақты болсын,
Көңілдерің суатты болсын,
Аспандарың жұлдызды болсын,
Жан ұяда ұл да, қыз да болсын.
Ұлдарың басты болсын,
Қыздарың шашты болсын,
Мынау менің емес,
Пайғамбардың батасы болсын
Адал тілек астарыңа
Ұзақ өмір жастарыңа
Жанұя тату тәтті боп
Бақыт қонсын бастарыңа!
Әумин!
Біздерден тілек: жаманның сұғы өтпесін,
Кесірдің сөзі жолдарыңды кесіп кетпесін.
Тірнектеп жиған ырыс пен дәулет, байлығың,
Үйіңе құт боп, қызығы оның бітпесін.
Пейілдерің ешқашан тарылмасын,
Бастарыңнан бақ-дәулет арылмасын.
Көретін қызықтарың көп болып,
Тойларың тойға ұлассын!
Әумин!
Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін,
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын.
Шаңырақтарың биік болсын.
Несібе-ырыс иіп келсін.
Дастархандарың кең болсын.
Қызық-қуаныш тең болсын.
Үй-іштерің мерекелі болсын,
Өмірлерің берекелі болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Махаббаттарың пәк болсын.
Әумин!
Бүгінгі қуаныш тойына
Тілейін тілек жан-жақты
Қыздарың болсын моншақты
Ұлдарың болсын оншақты!
Аспандарың ашық болсын
Дұшпандарың қашық болсын
Бүгін қосылған екі жас
Бір-біріне мәңгі-бақи ғашық болсын!
Әумин
Кесірдің сөзі жолдарыңды кесіп кетпесін.
Тірнектеп жиған ырыс пен дәулет, байлығың,
Үйіңе құт боп, дұшпаның лайлап төкпесін.
Пейілдерің ешқашан тарылмасын,
Бастарыңнан бақ-дәулет арылмасын.
Көретін қызықтарың көп болып,
Тойларың тойға ұлассын!
Әумин!
Құдайым, жастарға ұзақ ғұмырлы жас берсін!
Жас отауға ырыс-береке, бақ берсін!
Белдеуде байлаулы малы болсын,
Ошақта қайнаулы қазаны болсын!
Есiгі ашық болсын, Қабағы жазық болсын!
Дос-жараны сүйiнсiн. Дұшпаны iштей күйiнсiн, Отауға бақыт құйылсын!
Аспанда Айса, Жерде Мәди, Қырда Қыдыр, Суда Сүлеймен қолдасын!
Ал қарындасым, өзіңе айтарым:
Бұл келісің мәңгі болсын, кеңісін, Екі араға тартқан арқан желісің. Осы жерден тамыр тартып тереңге, Осы жерден өсіп-өнсін жемісің.
Дүниеде кем болмайды баталы құл,
Шашайын батаменен жемісті гүл.
Қосылған теңін тауып екі жастың,
Әуелі жасын ұзақ бақытты қыл.
Қаптаған қара ормандай шоғырлы қыл,
Әр іске асықпайтын сабырлы қыл.
Алдында үлкендердің абыройлы,
Өзінен кейінгіге қадірлі қыл.
Сөйлесе айтқан сөзін жүйелі қыл,
Қалдырмай қатарынан киелі қыл.
Тілеуін екі жастың қабыл етіп,
Ат мініп жүгін артар түйелі қыл.
Әумин.
Үй иесіне берілетін бата
Жас баланың күлкісін бер,
Жас ананың ұйқысын бер.
Жомарттың қолын бер,
Жорытқанның жолын бер.
Қыздың қылығын бер,
Судың тұнығын бер,
Асаудың арынын бер,
Түнгі оттың жарығын бер.
Асқар таудың паңдығын бер,
Бұлбұл құстың таңғы үнін бер.
Даланың жазықтығын бер,
Гүлдің нәзіктігін бер.
Теңіздің тереңдігін бер,
Қыранның көрегендігін бер.
Ердің көңілін бер,
Бүркіттің жігерін бер.
Лашынның жүрегін бер,
Нағыз достың тілегін бер.
Мәңгі-бақи ажырамас,
Шын ғашықтың тілегін бер!
Әумин!
Ардақты үйдің иесі,
Әуелі бердің шай,
Көңілің болсын жай.
Екінші бердің ет,
Таппасын көңілің
Ешбір дерт!
Үшінші бердің сорпа,
Болмасын бағың орта!
Екі дүниенің игілігіне жеткізсін,
Есіркеп сүйген пендесінен еткізсін!
Алла жарылқасын,
Кімді жарылқаса,
Соның жағында қалсын!
Жаманның алдында қалсын!
Жортқанда жолың болсын,
Адассаң, Алла жолға салып жүрсін,
Сүріндіртпей алып жүрсін,
Мың сан бәле, қауіп қатерден қағып жүрсін!
Уа, Жаратқан – Құдірет!
Мал-жандарын аман ет,
Басына бер зор бақыт.
Асыңа бер берекет,
Ғұмыр-жасын ұзақ ет.
Ұрпақтарын асыл ет,
Кәсібін адал кәсіп ет,
Бәле-жаладан аулақ қып,
Таттырма еш қасірет,
Дүниенің бар жақсылығын
Дәл осы отауға нәсіп ет!
Бізге тартқан басыңыз,
Дәмді екен асыңыз.
Ұрпақтар боп өзгеше,
Сыйлы болсын басыңыз!
Домаласын өрге тасыңыз,
Иманды болып тасыңыз.
Көре алмаушы, кертартпа
Құм қапсын дұшпан –қасыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз,
Елге сыйлы қарт болып,
Жәннатқа қадам басыңыз!
Құйған қызыл шәйіңіз,
Балдай тәтті майыңыз,
Еселі боп еңбегің,
Иманды боп байыңыз!
Дәулетіңді тастырсын,
Сәулетіңді астырсын,
Ақсақалың келгенде
Ақ дастархан жайылып,
Адал ас пен бас тұрсын!
Тіл мен көзден аман боп,
Түлеп ұшсын жас қыршын –
Байсалды туған балаңды
Байтағына бас қылсын!
Адалдан жиған малыңды
Алты атаңа ас қылсын!
Жақсыменен дос қылсын,
Жаманменен қас қылсын,
Иманыңды рас қылсын!
Қарауды қара тас қылсын,
Сараңның көңілін пәс қылсын!
Бұл үйге қастық қылғанды
Тәңірім қара бастырсын!
Астырсын, тастырсын,
Жақсылармен жанастырсын,
Жамандардан адастырсын,
Оттың басы аман болсын,
Бейбітшілік заман болсын,
Балаларың азамат адам болсын,
Жауың жеңіліп қабан болсын!
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!
Басыңа Алла бақ берсін,
Не берсе де нақ берсін,
Білім нақыл айтуға
Жалықпайтын жақ берсін!
Айтып жүрер білімнің
Іс-амалмен шақ келсін!
Береке-құт пен ырысты
Үйлеріңе ап келсін!
Қара ниетті жауыңа
Бәлекеті тап келсін!
Арман ниетке жеткізіп,
Тілеуіңді ап берсін!
Мал-жан аман тоқ болсын,
Қайғы-қасірет жоқ болсын!
Дастарханың ақ болсын,
Шаңыраққа бақ қонсын!
Балаларың көп болсын,
Тамағы тоқ, киімі көк болсын,
Иманы мығым бек болсын,
Сөзі тура дөп болсын!
Хақ қарасын,
Бақ дарысын.
Дастарханға береке берсін,
Елге дәулет-мереке берсін.
Шыққанның есесін берсін,
Қалғанның берекесін берсін,
Кең пейіл берсін,
Ұзақ өмір берсін,
От айнала бас берсін,
Өріс толы мал берсін.
Мал берсе, қайырын берекетімен берсін,
Бас берсе, азық-несібесімен берсін!
Ақылыңды астырсын,
Ықыласыңды тастырсын,
Балаң үбірлі болсын,
Қызың шүбірлі болсын!
Жақын көп болсын,
Жауың жоқ болсын!
Жақсы келсін қасыңа,
Нұр жаусын әзіз басыңа!
Көшің көлікті болсын,
Қонысың түлікті болсын,
Қатулықтан аулақ бол,
Татулыққа жақын бол!
Дәуренің иманмен сәнді болсын,
Ғұмырың біліммен мәнді болсын!
Келінге берілетін бата
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер»,- деп қазақ халқы айтпақшы, келін болып есік аттаған күннен бастап келінге жақсы баталар беріледі. Бүгін біз сіздерге келінге берілетін бата түрлерін ұсынып отырмыз. Келінге жақсы бата беру ата мен ененің, үлкен қайны ағалар мен апаларымыздың міндеті. Сондықтан, жақсы баталарды жаттай жүріңіздер.
Ақылды енелі бол,
Абысынға беделді бол.
Қайын апаңа жағымды бол,
Қайын жұртыңа жұғымды бол.
Ардақты аталы бол,
Оң ісіңмен баталы бол.
Қайын ағаңа қадірлі бол,
Ар ісінде сабырлы бол.
Байыңа сүйікті бол,
Ай, жылында жүкті бол.
Қайын сіңліңе сырлас бол,
Қайныңа құрдас бол.
Малға барсаң көнекті бол,
Суға барсаң шелекті бол.
Ошаққа барсаң отынды бол,
Бауға барсаң желекті бол.
Кішіпейіл, сүйкімді бол,
Өнерге икемді бол.
Жұмысыңда епті бол,
Шаңырағыңда көпті бол!
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол!
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайын аға, қайныңа қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Әумин!
Отша лаула, сөнбегін,
Еш жамандық көрмегін.
Қосағыңмен қоса ағар,
Құтты болсын қадамың,
Келін болдың, қарағым.
Салтын ұста, ардақта,
Үлкен ата-бабаңның.
Ошақтан от кетпесін,
Үйіңнен көп кетпесін,
Адал болғын жарыңа,
Лаула оттай, жалында!
Әумин!
Құдайым осынау үйге дуа берсін,
Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.
Жас келіннің қонған жері
Құтты қоныс тұғыр болсын.
Біреуі шал, біреуі кемпір –
Қос ағарған ғұмыр болсын!
Балапанмен, балақанмен
Бесік іші жыбыр болсын!
Құлан-тайдың асырымен
Оттың басы дүбір болсын.
Сүйіспендік махаббатпен
Тәтті күлкі, сыбыр болсын.
Кәрі күліп, бала бағып,
Мол қызықтан ығыр болсын.
Кәрілерге мейірімді келіндерде
әдеп болсын.
Ата күту, ана бағу –
Ата жолы әдет болсын!
Әумин.
Келінің баянды болсын,
Үлкендерді сыйлайтын аяулы болсын!
Жылы жүзді болсын!
Жұмақ сөзді болсын!
Келінің бақытты болсын,
Ел қыдырса, сыпайы жүрсін.
Күлсе, сыпайы күлсін,
Ашпын деп жалаңдамасын.
Өз байымнан анау тәуір екен деп,
Шаш қайырғанға алаңдамасын.
Алдымен еріне жақсын,
Қолға қонған қырғидай
Атасы мен анасына жақсын.
Әумин.
Айналайын қарағым!
Алтыннан болсын тарағың,
Күмістен болсын жарағың.
Бақыт қонып басыңа,
Басталсын өмір парағың.
Ашық болсын есігің,
Ұлды болсын бесігің.
Қазаның жиі майланып,
Алладан болсын несібің.
Айналайын қарағым!
Ақылды болсын сыңарың.
Жаратқан Ием жар болып,
Алладан болсын тұмарың.
Айналайын қарағым!
Ашық болсын қабағың.
Бағың артып күн сайын,
Көктен болсын сыбағаң.
Мұң баспасын жүзіңді,
Құм баспасын ізіңді.
Жұлдызың тұрсын жарқырап,
Көктемдей қылып күзіңді.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін,
Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!
Асқа бата
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
Әумин!
Ашып тастап пейілді
Дастарханың жайылды.
Қасиетті нан ұлық
Берекең тұр нақ ұйып.
Асыл сөздер шашылды,
Бар абырой бақ орнап
Ел сыйласын басыңды.
Аңыз болып отауың
Айта жүрсін асыңды.
Сүйген жарың,
Бала-шағаң аман боп,
Бүтіндесін асылды.
Ниетіңе біз тойдық.
Рахмет шәйіңа,
Риза еткен бір қойлық!
Келінге берілетін бата
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер»,- деп қазақ халқы айтпақшы келін болып есік аттаған күннен бастап келінге жақсы баталар беріледі. Бүгін біз сіздерге келінге берілетін бата түрлерін ұсынып отырмыз. Келінге жақсы бата беру ата мен ененің, үлкен қайны ағалар мен апаларымыздың міндеті. Сондықтан, жақсы баталарды жаттай жүріңіздер.
Ақылды енелі бол.
Абысынға беделді бол.
Қайын апаңа жағымды бол.
Қайын жұртыңа жұғымды бол.
Ардақты аталы бол.
Оң ісіңмен баталы бол.
Қайын ағаңа қадірлі бол.
Ар ісінде сабырлы бол.
Байыңа сүйікті бол.
Ай, жылында жүкті бол.
Қайын сіңліңе сырлас бол.
Қайныңа құрдас бол.
Малға барсаң көнекті бол.
Суға барсаң шелекті бол.
Ошаққа барсаң отынды бол.
Бауға барсаң желекті бол.
Кішіпейіл, сүйкімді бол.
Өнерге икемді бол.
Жұмысыңда епті бол.
Шаңырағыңда көпті бол!
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол,
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайныңа қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Әумин!
Отша лаула, сөнбегін,
Еш жамандық көрмегін.
Қосағыңмен қоса ағар,
Құтты болсын қадамың,
Келін болдың, қарағым.
Салтын ұста, ардақта,
Үлкен ата-бабаңның.
Ошақтан от кетпесін,
Үйіңнен көп кетпесін,
Адал болғын жарыңа,
Лаула, оттай, жалында!
Әумин!
Құдайым осынау үйге дуа берсін,
Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.
Жас келіннің қонған жері,
Құтты қоныс тұғыр болсын.
Біреуі шал біреуі кемпір –
Қос ағарған ғұмыр болсын!
Балапанмен, балақанмен
Бесік іші жыбыр болсын!
Құлан-тайдың асырымен
Оттың басы дүбір болсын.
Сүйіспендік махаббатпен
Тәтті күлкі, сыбыр болсын.
Кәрі күліп бала бағып.
Мол қызықтан ығыр болсын.
Кәрілерге мейірімді келіндерде
әдеп болсын.
Ата күту, ана бағу –
Ата жолы әдет болсын!
Әумин.
Келінің баянды болсын,
Үлкендерді сыйлайтын аяулы болсын!
Жылы жүзді болсын!
Жұмақ сөзді болсын!
Келінің бақытты болсын,
Ел қыдырса сыпайы жүрсін.
Күлсе сыпайы күлсін,
Ашпын деп жалаңдамасын.
Өз байымнан анау тәуір екен деп,
Шаш қайырғанға алаңдамасын.
Алдымен еріне жақсын.
Қолға қонған қырғидай
Атасы мен анасына жақсын.
Әумин.
Айналайын қарағым!
Алтыннан болсын тарағың.
Күмістен болсын жарағың.
Бақыт қонып басыңа,
Басталсын өмір парағың.
Ашық болсын есігің.
Ұлды болсын бесігің.
Қазаның жиі майланып,
Алладан болсын несібің.
Айналайын қарағым!
Ақылды болсын сыңарың.
Жаратқан Ием жар болып,
Алладан болсын тұмарың.
Айналайын қарағым!
Ашық болсын қабағың.
Бағың артып күн сайын,
Көктен болсын сыбағаң.
Мұң баспасын жүзіңді.
Құм баспасын ізіңді.
Жұлдызың тұрсын жарқырап,
Көктемдей қылып күзіңді.
Ақылды енелі бол.
Абысынға беделді бол.
Қайын апаңа жағымды бол.
Қайын жұртыңа жұғымды бол.
Ардақты аталы бол.
Оң ісіңмен баталы бол.
Қайын ағаңа қадірлі бол.
Әр ісіңде сабырлы бол.
Байыңа суйікті бол.
Ай, жылыңда жүкті бол.
Қайын сіңіліңе сырлас бол,
Қайныңа құрдас бол.
Малға барсаң көнекті бол.
Суға барсаң шелекті бол.
Ошаққа барсаң отынды бол.
Бауға барсаң желекті бол.
Кішпейіл, сүйкімді бол.
Өнерге икемді бол.
Жұмысыңда епті бол.
Шаңырағыңда көпті бол.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін,
Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!
Бата мен тілекті шатастырып жүрген жоқпыз ба?
Ғасырлар көшінде халықпен бірге жасасып, оның өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған бата мен тілек халық өмірінің айнасы. Десе де соңғы жылдары осы бәтуалы бата мен тілек аражігін де әбден шатастырып алған сияқтымыз. Осыдан болар, кейде тойда айтылған тілекті батаға жатқыза саламыз, немесе керісінше.
Халқымыз «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас». «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп текке айтпаған. Адамның адамдығын тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтін қазақ баласы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән берген. Сондықтан той-томалақта, келелі жоралғыларда бір-біріне тілек тілеп, қадірлі қариядан бата алу ықылым заманнан дәстүрімізге айналып, тұрмыс-тіршілігімізбен біте қайнасып келеді.
Алты алаштың ардақтысы болған би-шешендеріміздің берген баталары ел аузында сақталып халық мұрасына айналып, қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қалыптасты. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, обал-сауап тұрғысындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Киелі сөзге айналған бата үш түрге бөлінеді: ақ бата, теріс бата және серттесу батасы. Ақ бата игі ниеттен туғандықтан ел аузында сақталып, жаңғырып дамып отырды да, жақсылыққа ғана құштар халқымыз теріс батаны ұмытуға тырысты. Ал серттесу батасы - құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» - қарғыспен тең. Сондықтан ақ батаның – нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, жолаушыға бата, жастарға бата, сүндет той батасы, наурыз батасы, ораза айт батасы, жарапазан батасы, ас қайыру батасы сияқты түрлері көп.
Батаны кімдер береді?
Батаны жасы үлкен, сөзге шешен, сыйлы адамдар береді. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Халқымызда батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кезі көп. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Және де қуаныш пен тойдың ретіне қарай соған лайықты бата беріледі. Қазақта ұлы үйленгенде атасы, ол болмаса, сол әулеттің үлкені, әкесі бата беруге тиіс. Той иелерінің қалауымен екі жасқа бата беруді басқа да үлкен кісілерден сұрауға болады.
. Бірде тойда отырып қатты ыңғайсыздандым. Асаба алпысты алқымдап, жетпіске жақындап қалған қариядан жас отау иелеріне ақ батасын беруді өтінді. Жұртшылық алақанын жайып, бата күтті. Ал атамыз: « Не дейміз. Бақытты болыңдар, көтерген шаңырақтарың биік болсын. Бір-бірлеріңді демеп жүріңдер, шырақтарым. Әумин» - деп қысқа қайырды. Бәрі де «әумин» деп бет сипады. Бұл бата ма, тілек пе.
Қазақтың батасы көбінесе өлең түрінде өріліп, ол: «А, құдайым оңдасын, Желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, Тілегімді қабыл ет», «Ақ батамды берейін, Арта берсін мерейің», – деген сөздермен басталатын секілді еді. Ал «Батыр бол», «Бай бол», «Бақытты бол», «Ақ сақалды қария бол», «Қосағыңмен қоса ағар», «Үбірлі-шүбірлі бол», «Алла Тағала пәле-жаладан сақтасын», – деген ақ тілектер баталы сөздер болып саналады.
Осы орайда филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлының бата мен тілекке қатысты мақаласынан үздінді келтіре кеткенді жөн санап отырмыз.
«Тілек пен батаның ерекшеліктерін айта кетейік. Ақ батаны екінің бірі емес, тек қана батагөй ақсақал алқалы топтың атынан қалыптасқан формулалы өлеңді пайдалана отырып беретін болса, керісінше кез келген қарапайым адам қандай бір істің үстіне тап келгенде оң ниетін білдіру мақсатында жаттап алған тілек сөздерін есіне түсіріп, шама-шарқынша айтатын әдет бар. Батаның көлемі недәуір үлкен, құрылымы күрделі болса, тілектің көлемі қысқа, бір-екі жолдан құралған ырғақты қара сөз, немесе тақпақтан тұрады. Бата аяқталғанда қалың қауым бір ауыздан «Әумин. Айтқаныңыз келсін!» деген сөздерді айтып қошамет-қолдау білдірсе, ақ тілекті естіген адам оған қарымта жауап қайтарып, көңіл-күйін жедел білдіруі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, тілек екі адамның диалогі ретінде орындалады. Мысалы, айтылған ақ тілекті қабыл алушы «Айтқаныңыз келсін», «Аузыңа май, астыңа тай», «Өз басыңа да сол келсін», «Құдайдың құлағына шалынсын», «Алла разы болсын» деген дағдылы жауаптарды береді.
Тілек тұрақты қайталанатын қасаң тіркестерден құралады. Оның мағынасы сол атқарылып жатқан іспен тікелей үйлесіп тұрады. Мысалы, ауыл жаңа жұрқа қонғанда «Қоныс жайлы, кереге басы майлы болсын», жолаушы сапарға аттанғанда «Жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын», аңшыға «Қанжығаң қанды болсын», шам жаққан балаға «Көзіңнің оты жансын. Балаңның аты – Таңжарық болсын» т.б тілектерді айту дәстүрге айналған» - деп жазады.
Ел есіндегі баталар
Халық арасында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан да атақты баталар бар. Ол оның тәлім-тәрбиелік маңызының, өлең болып өрілу шеберлігінің өте жоғарылығынан, көркемдігінен екені мәлім. Солардың ішінде Төле бидің Қойгелді батырға берген батасын, Анасының Райымбек батырға берген батасын, Шәукенің Бөлтірік шешенге берген батасын, Соқыр Абыздың Жәнібек батырға берген батасын, Қарасай батырдың балаларына берген батасын, Бауыржан Момышұлының батасын, Кененнің келіндеріне берген батасын халық жыр қылып айтады.
Бата мен тілекті ажыратып қана емес, бата бере біліңіз де. Ал біз Наурыз мейрамы қарсаңында барша қазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтап, ақ батамызды береміз.
Дастарханға, шаңыраққа, үй иесіне бата, тілектер
Бата берерде әркім «Иә, құдайым», «Иә, Алла», «Иә, жаратқан» секілді бағыштау сөздерін әр батаның алдынан қосып айтуға ерікті.
Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!
.
Келінге берілетін бата, бата-тілектер, келінге бата беру, келінге бата
Ақылды енелі бол.
Абысынға беделді бол.
Қайын апаңа жағымды бол.
Қайын жұртыңа жұғымды бол.
Ардақты аталы бол.
Оң ісіңмен баталы бол.
Қайын ағаңа қадірлі бол.
Ар ісінде сабырлы бол.
Байыңа сүйікті бол.
Ай, жылында жүкті бол.
Қайын сіңліңе сырлас бол.
Қайныңа құрдас бол.
Малға барсаң көнекті бол.
Суға барсаң шелекті бол.
Ошаққа барсаң отынды бол.
Бауға барсаң желекті бол.
Кішіпейіл, сүйкімді бол.
Өнерге икемді бол.
Жұмысыңда епті бол.
Шаңырағыңда көпті бол!
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол,
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайныңа қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Әумин!
Отша лаула, сөнбегін,
Еш жамандық көрмегін.
Қосағыңмен қоса ағар,
Құтты болсын қадамың,
Келін болдың, қарағым.
Салтын ұста, ардақта,
Үлкен ата-бабаңның.
Ошақтан от кетпесін,
Үйіңнен көп кетпесін,
Адал болғын жарыңа,
Лаула, оттай, жалында!
Әумин!
Құдайым осынау үйге дуа берсін,
Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.
Жас келіннің қонған жері,
Құтты қоныс тұғыр болсын.
Біреуі шал біреуі кемпір –
Қос ағарған ғұмыр болсын!
Балапанмен, балақанмен
Бесік іші жыбыр болсын!
Құлан-тайдың асырымен
Оттың басы дүбір болсын.
Сүйіспендік махаббатпен
Тәтті күлкі, сыбыр болсын.
Кәрі күліп бала бағып.
Мол қызықтан ығыр болсын.
Кәрілерге мейірімді келіндерде
әдеп болсын.
Ата күту, ана бағу –
Ата жолы әдет болсын!
Әумин.
Келінің баянды болсын,
Үлкендерді сыйлайтын аяулы болсын!
Жылы жүзді болсын!
Жұмақ сөзді болсын!
Келінің бақытты болсын,
Ел қыдырса сыпайы жүрсін.
Күлсе сыпайы күлсін,
Ашпын деп жалаңдамасын.
Өз байымнан анау тәуір екен деп,
Шаш қайырғанға алаңдамасын.
Алдымен еріне жақсын.
Қолға қонған қырғидай
Атасы мен анасына жақсын.
Әумин.
Айналайын қарағым!
Алтыннан болсын тарағың.
Күмістен болсын жарағың.
Бақыт қонып басыңа,
Басталсын өмір парағың.
Ашық болсын есігің.
Ұлды болсын бесігің.
Қазаның жиі майланып,
Алладан болсын несібің.
Айналайын қарағым!
Ақылды болсын сыңарың.
Жаратқан Ием жар болып,
Алладан болсын тұмарың.
Айналайын қарағым!
Ашық болсын қабағың.
Бағың артып күн сайын,
Көктен болсын сыбағаң.
Мұң баспасын жүзіңді.
Құм баспасын ізіңді.
Жұлдызың тұрсын жарқырап,
Көктемдей қылып күзіңді.
Ақылды енелі бол.
Абысынға беделді бол.
Қайын апаңа жағымды бол.
Қайын жұртыңа жұғымды бол.
Ардақты аталы бол.
Оң ісіңмен баталы бол.
Қайын ағаңа қадірлі бол.
Әр ісіңде сабырлы бол.
Байыңа суйікті бол.
Ай, жылыңда жүкті бол.
Қайын сіңіліңе сырлас бол,
Қайныңа құрдас бол.
Малға барсаң көнекті бол.
Суға барсаң шелекті бол.
Ошаққа барсаң отынды бол.
Бауға барсаң желекті бол.
Кішпейіл, сүйкімді бол.
Өнерге икемді бол.
Жұмысыңда епті бол.
Шаңырағыңда көпті бол.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін,
Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!
КЕЛІН ТОИ БАТАСЫ
Жас келіннің батасы,
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласын
Анасы мен атасы.
Балалар, көтер қолыңды,
Хайырлы құтты жолыңды.
Ием берсін мал мен бас,
Толтырсын оң мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл болып, келінжан,
Сыйла енең мен атаңды,
Кекшіл болма, қарағым.
Кешірер әркім қатаңды.
Бола берсін ойын-той,
Қызықтап тойлау — құрмет қой.
Ақыл, естен айрылмай,
Жастарым еске алып қой,
Хайырлы болсын тойыңыз,
Құдалар кеуде соқтырып,
Құйрық-бауырға тойыңыз,
Аллаһу акпар!
КЕЛІН ТҮСКЕНДЕ АЙТЫЛАТЫН БАТА
Семьяң үлкен бай болсын,
Төрт түлігің сай болсын,
Ата-анаңның көңілі жай болсын,
Шаңырағың жоғары, биік болсын
Мал-басты үйіп берсін,
Босағаң берік болсын,
Тату-тәтті махаббатты
Бір-біріне серік болсын,
Дастарқандарыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін,
Қызметтеріңе табыс берсін,
Қол жеткісіз ырыс берсін!
Дастарқандарың тоқ болсын,
Уайым-қайғыларың жоқ болсын,
Отбастарың шуылдап,
Күлшашарларың көп болсын!
Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсін жастарыңа,
Пәле-жала, жын-шайтан
Жоламасын қастарыңа!
Аллау әкбәр.
Жас жұбайларға бата, тілек, құттықтаулар
Үйлену оңай, үй болу қиын деген бар,
Саналы жастар бұл сөзді ұғып бағыңдар.
Қос өзен сынды қос тағдыр бүгін қосылса,
Жарасын тауып жасалсын ізгі қадамдар.
Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,
Шамшырақ сынды жетелей берсін тәтті үміт.
Беу қарақтарым, алтын тойды да тойлаңдар,
Отауларыңнан қуаныш кетпей бақ тұнып.
Көңілде көктеп махаббат гүлі, нұр гүлі,
Естілсін үйде күміс күлкінің сыңғыры.
Өрісі кеңіп бабадан қалған әулеттің,
Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры.
Адами ғұмыр болары айқын бір нүкте,
Жақсылық келер ынтымақ барда, бірлікте.
Бас қосқан жастар, сендерге үлкен тілегім,
Біріңе бірің сүйеніш болғын тірлікте.
Ақыл айттым, ұл-қызым, ұрпағыма арнадым,
Берекеге шақырам, байқарсың сөздің салмағын.
Туысқанмен ақылдас, бос қайтпасын қармағың,
«Ене көрген — тон пішер» деген сөзді жалғадым.
Жақсы ойланып, жастарым, мұның да байқа салмағын,
Біреулер мақтап жағынар, көре алмай біреу тарылар.
Ойдағыны айтты деп, біреулер мені сағынар,
Түсінетін сөз мәнін жақсы адамдар табылар.
Ағайын — туыс, құрбылар білгенін мақтап, жыр қылар,
Кейбіреуі жамандап, жегеніңді құм қылар
Ауыз бірлік сақтаған, берекені жақтаған
Ал туысқан ағайын, қайсыбірін жазайын -
Көре алмаған адамдар, өзі тартсын сазайын.
Жастарыма — аманат, тыңдасаңдар жамағат,
Жастарыма бұл сөздің қалғандары аманат.
Берекемен басқарып, біріңді-бірің қамдаңдар,
Білім менен өнерде тағы да артта қалмаңдар.
Жастар деп соққан жүрегім, туысты жақсы білемін,
Бақытты жастар болыңдар, қабыл болсын тілегім.
Дастарханның басында,
Не бір жақсы осында.
Мен бір бата берейін,
Дос-жарандар қасында:
Қос өрім жас — қос өркеш,
Қалижан мен Бәтима.
Бақыттың ашып қақпасын,
Ақ отауын көтеріп,
Құт босаға аттасын,
Еңбек етсін елмен тең,
Ерініп үйде жатпасын.
Дастарханы кең болсын,
Келгенде бұрып ат басын.
«Күлшашары» көп болсын,
Қуантар ата-анасын,
Айтып-айтпай не керек,
Сөзімнің болсын түйіні:
Зердеңе құй екі жас,
Нағашының батасын.
Қуаныш қайырлы болсын,
Жастар абыройлы болсын.
Уайымдары жоқ болсын,
Көңілдері тоқ болсын,
Адал еңбек арқасында
Табыстары мол болсын.
Алақандары ашық болсын,
Өмірге машық болсын!
Күйбең қалып кейін қалмай,
Жаңалыққа ғашық болсын.
Ұрпақтары ер болсын,
Кемеңгерлермен тең болсын.
Оларды көре алмағандардың
Бедел-берекеті кем болсын.
Әумин!
Шаңырақтарың биік болсын,
Босағаларың берік болсын.
Бау-бақшаларың өрік болсын.
Басыңда дәйім,
Құлпырған құндыз бөрік болсын.
Ақ жүзіңде жарыңның,
Ақ кимешек көрік болсын.
Құдай қаласа,
Көп ұзамай жерік болсын.
Торсық шекелі ұл тауып,
Ол өзіңе серік болсын.
Әумин
Дастарханға бата
Әумин десең бердім бата
Қабыл етіп бір Аллаһ
Бақ-дәулет, берекет
Үйіңізге ұяласын.
Жаратқан Ием аман қылсын
Бізге берген шәйіңіз -
Жақсы болсын жәйіңіз.
Бізге берген етіңіз -
Қабыл болсын ниетіңіз.
Мақсатыңа жетіңіз,
Бізге берген тұз-дәміңіз
Таусылмайтын несібе болып,
Аман-сау болайық бәріміз.
Әумин, Аллаһу әкбар!
Иә, жаратқан құдірет,
Мал-бастарын аман ет,
Басына бер бақыт,
Асына бер берекет,
Өмір-жасын ұзақ ет,
Михнаттан аман ет,
Дұшпанының күнін жаман ет,
Ұрпақтарын асыл ет,
Дүниедегі жақсылықты,
Дәл осы үйге нәсіп ет
Әумин.
Құдайым осынау үйге дуа берсін,
Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Сенен байлық өтпесін,
Тәңірі берген берекең
Тепкілесе кетпесін.
Желіңнің екі шетіне,
Тай шаптырса жетпесін!
Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып маңырасқан,
Қошақанның анасы,
Салық бассын үйіңді!
Бақайлары сыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың анасы
Сиыр бассын үйіңді.
Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақанның анасы
Інген бассын үйіңді!
Шіңгір-шіңгір кісінескен,
Сүйістікпен иіскескен,
Құлыншақтың анасы
Бие бассын үйіңді.
Берейін бата асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа,
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның,
Жуа бітсін жолына.
Бақытың жетсін төтелеп,
Дүние малды жетелеп,
Аузыма түскен батаның
Жатырмын бәрін түгендеп!
Көтердік міне білекті,
Ақтардым түгел тілекті,
Мынау тұрған балаңыз,
Батыр болсын жүректі.
Аумин десең маған,
Құдай берсін саған.
Алтыннан – жағаң,
Күмістен – тағаң.
Оң жағыңнан кетпесін
Күрпілдек қара сабаң.
Жортсаң жолың болсын,
Жолдасың қыдыр болсын.
Тілеуің қабыл,
Мұратың асыл болсын.
Ішкенің қымыз,
Жегенің сырбаз,
Кигенің түлкі болсын,
Жүрген жерің ойын-күлкі болсын!
Қозыға толсын көгенің,
Тұлпар болсын көгенің.
Құтты болсын құрығың,
Сүтті болсын құдығың.
Қияқты болсын сұңқарың,
Тұяқты болсын тұлпарың.
Өрісті болсын жайлауың,
Ырысты болсын қыстауың.
Арыстандай болсын айбатың,
Аюдай болсын қайратың.
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің.
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін,
Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!
Пейіліңе қонақжай
Бата берем қолың жай:
Ақ жарылған жүрегің,
Қабыл болсын тілегің.
Бізге сойдың семіз тай,
Төрт түлігің болсын сай.
Өсіп-өніп ұрпағың,
Төрт қиырға қанат жай!
Бізге сойдың құлын,
Жақсыдан болсын жұғым.
Өміріңді ұзартып,
Өзіңнен өте тусын ұлың.
Бізге сойдың марқаны,
Алдыңнан тарқат арқаны.
Сыйлы болып еліңе,
Сыбағаңды ал тағы.
Бізге сойдың қой,
Үйіңнен кетпесін той.
Қызығына қанып,
Ішпей-жемей той.
Бізге сойдың тоқтыны,
Еліңнің бұл тоқтығы.
Абырой алып ұл-қызың,
Биік болсын шоқтығы.
Бізге астың бас,
Берсін саған ұзақ жас.
Ауыздықтап асауды,
Асудан асуға ас!
Бізге астың жамбас,
Жақсымен бол жандас.
Ықыласың қабыл боп,
Ырысың толмай қалмас.
Бізге астың сыбаға,
Жамандық көрме сірә да.
Қиянат қылма пендеге,
Жағамын десең құдаға.
Бізге астың қазы,
Болдық сізге разы.
Ақ май ақсын аузыңнан,
Үзілмей қорың қысы-жазы.
Бізге астың жаяны,
Өмірдің болсын баяны.
Болсаң да төлдің жылқысы,
Жұртыңның болма саяғы.
Бізге астың жал,
Басыңа бітсін дүние-мал.
Ата-анаңды ардақтап,
Аяқ-қолын жылы суға мал.
Бізге астың омыртқа,
Пәле-жалаға жолықпа.
Өрісің барда өрге шап,
Өз-өзіңнен торықпа.
Бізге астың шұжық,
Көргенің болсын қызық.
Аққу-қаздай мамырла,
Айдыныңда жүзіп.
Бізге астың жауырын,
Баланың берсін тәуірін.
Ізет көріп ініден,
Үзілмесін сауығың.
Бізге астың сүбе,
Қырсығың жерге енсін түге!
Күндегенді күңірентіп,
Күннен-күнге үде.
Бізге астың төс,
Үрім-бұтағыңмен өс!
Жайланып қон,
Жазылып көш!
Бізге астың жілікті,
Ұл-қызың болсын білікті,
Бізге астың белдеме,
Сыйлы бол басқа елге де.
Бізге астың кесек ет,
Дәулетің тассын еселеп.
Сыйлап бердің етіңді,
Жарылқасын бетіңді.
Енді әкелдің сорпаңды,
Орындатсын қолқаңды.
Келді тағы қымызың,
Арылмасын қызығың.
Қойдың қаймақ, айраның,
Аман болсын ауыл-аймағың.
Жаздың жайма, бауырсақ,
Бола берсін қауым шат.
Және келді құрт-майың,
Туа берсін құтты айың.
Рақмет дәміңе,
Ризалық берсін бәріңе.
Аман болып басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Маған жаптың шапан,
Көңілде болмасын қапаң.
Маған мінгіздің ат,
Қыз ұзатып, қызығына бат!
Маған атадың жол,
Ұл өсіріп мәре-сәре бол!
Маған бердің ет,
Келін түсіріп, тілегеніңе жет!
Маған бердің сауға,
Басың түспесін дауға!
Алдыма салдың мал,
Алладан рақмет ал!
Ет – Сізден,
Ықылас, ниет бізден.
Тілеуі ақты тәңірім
Мұратына жеткізген.
Жақсы-жаманды көріп бақ.
Бар мен жоққа көніп бақ.
Ащы-түщыны татып көр,
Тайыз-тереңді батып көр!
Ел басына түскен сынды,
Түз кешіп, түн қатып көр.
Жиынды топқа түскенде,
Жүйрігің баптаулы болсын,
Жігітің мақтаулы болсын.
Жортуыл, жорық жолықса,
Найзаң саптаулы болсын.
Нөкерің сақтаулы болсын.
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын.
Аман сақтап,
Абырой берсін!
Жорытқанда жолың болсын!
Шаңырақ шалқи берсін.
Керегең кеңи берсін.
Осы үйге ән-күй келсін,
Дұшпаның кеми берсін.
Дастарханға береке берсін.
Күнде мереке болсын.
Қастық ойлағандар,
Қабағы ашылмай келеке болсын.
Әумин
Әуелі құдай оңдасын,
Аруақтарың қолдасын.
Бақыт пен дәулет, бас пен мал,
Басыңа мәңгі орнасын.
Төрт құбылаң сай болсын,
Саған қастық ойлаған
Ғұмырында оңбасын.
Ақылды бол, арлы бол,
Бақытты бол, малды бол,
Қатарыңның алды бол!
Әумин
Берекеміз қашпасын,
Белімізді ешкім баспасын,
Адал жан болып астасың,
Арыңды күлдей шашпасын.
Бақыт болса бастасың,
Мейманың, сірә, таспасын,
Тірлікте түзу жол тапсаң,
Тәңірім берер басқасын.
Әумин
Әуелі құдай есен ет,
Жиреншедей шешен ет,
Атымтайдай көсем ет,
Лұқпандай береген ет.
Ибраһимнің басын берсін,
Сүлейменнің тақытын берсін.
Қыдыр құсы қонсын басыңа.
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың қыдыр болсын.
Жоғары болсын жұлдызың,
Бақытты болсын ұл-қызың.
Ас иесі байысын,
Бар ойлаған арманың,
Жақсылыққа сайысын.
Әумин
Қазан-ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын.
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың қонып қияға,
Қызың қонып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың,
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.
Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дұшпан алмасын,
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қызыр жалғасын.
Әумин
Береке берсін басыңа,
Бақ қонсын басыңа.
Балын татып өмірдің
Жамбылдың жет жасына.
Қуанышпен достарың
Жинала берсін қасыңа.
Қойың қоздап егізден,
Ешкің туып сегізден.
Майдан қолың кетпесін,
Соғымың болып семізден.
Айтып жүрсін қонағың
Таңдайдан кетпей жегізген.
Шалқып жатсын дәулетің,
Тасыған селдей теңізден.
Баянды Алла бақ берсін,
Адалын берсін, ақ берсін.
Атағың кетіп Алашқа,
Астыңа алтын тақ берсін.
Әумин
Береке берсін асыңа.
Әумин
Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын!
Айдан аман,
Жылдан есен қылып,
Үйдегі, түздегі
Мал-басты аман қылсын!
Әумин
Дастарханың майлы,
Көңілің жайлы болсын.
Өміріңе не тілесең,
Тілегің қабыл болсын.
Әумин
Читайте также: