Бата беру деген не
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Дастархан батасы: дастарханға бата беру
Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Сіздерге тәрбиелік мәні жоғары халқмыздың асыл қазынасының бірі бата туралы мәлімет беріп, үздік баталар топтамасын ұсынады.
- Дастарханға қысқаша бата
- Төле би бабамыздың Қойгелді батырға берген батасы
- Райымбек батырдың төртінші ұрпағы Ақбиев Досжан ақсақалдың батасы
- Жас түскен келінге бата беру
- Дастарханға бата беру
- Ахмет Байтұрсыновтың берген батасы
- Соқыр Абыздың батасы
- Бүркітші Омар қарттың батасы
- Қанжығалы Асаубайдың батасы
- Бекентай пірәдардың батасы
- Жас келінге бата
- Қыз балаға бата (Фариза Оңғарсынова)
- Жас жұбайларға, үйлену тойда бата беру
- Ұл балаға берілетін бата
- Дәмге бата
- Сақтық батасы
- Тойға бата
- Келін той батасы
- Той жасаған үй иесіне берілетін бата
- Жас бөбекке берілетін бата
- Шілдехана тойында берілетін бата
- Сүндет тойы
22 наурыз мейрамы: бата, бата беру
Құрметті оқырмандар! Наурыз мейрамы құтты болсын! Қазақ халқының кез келген мейрамы ақ тілек пен батасыз өтпейді.
Наурыз мейрамында Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге сәлем бере барып, ақсақалдардың батасын алады.
11 жауап
Ассаламу алайкум!Бата деген ол дұға жасау өз қажетімізді Аллаһтан дұға жасап сұрау қазақ халқы бата дейді бата ғибадаттың маңызы Батаны тек Аллаһтан сұрайды өмірден өткен ата баба әруағынан емес немесе Қызыр А.С(Қыдыр А.С)атын қосып бата беру Аллаға серік қосып бата қайыру дұрыс емес. Батаны тек қариялар берсін деген қатып қалған қағида жоқ аузында насыбайы аузына Алланы алмайтын қариядан бата сұрау күлкілі, дұғаның қабыл болуы үш жағдайда болады бірінші сұраған кезде тілектің орындалуы екінші кешігіп орындалуы үшінші қияметте орындалуы,үш адамның дұғасы Аллаһтың қалауымен мүлтіксіз орындалады 1)әкенің перзентіне жасаған дұғасы 2)Мүсәпір жолға шыққан жолаушының дұғасы 3)Мазлұм яғни себепсіз біреуден зиян көрушінің жасаған дұғасы,батаны стаканмен беруде дұрыс емес стаканға орыстың суынан құйып алып бата беретіндер де бар екі жасқа тілек білдіретін, бата қабыл болады пенденің тамағынан арам нәрсе өтпесе тамағымыз арам асқа толып бата берсек ол ешқашан қабыл болмайды.Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Бата беру дәстүрі қайдан шықты және оны кімдер береді?
АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны бар салт-дәстүрлерінің бірі — бата беру. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Оны кез келген адам айта бермейді және тойдағы тілектен айтарлықтай өзгешеленеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады.
Бата беру дәстүрі қайдан шықты?
Ал батаның шығуына қатысты фольклоршылардың пікірі әртүрлі. Яғни бұл тақырып әлі күнге дейін толық зерттеліп үлгермеген. Бірқатар маман оның араб елінің "фатеке" сөзінен шыққанын айтады. Фатеке дегеніміз — алғыс айту, ақ тілек білдіру.
"Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі" кітабында фатекенің негізінен намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға екені туралы жазылған. Яғни қазақ баталары соның үлгісінде айтылады. Мәтінінің көркем болуы әдетте батаны айтып тұрған ақсақалдың ақыл-ой, парасатымен тікелей байланысты.
Қазақ қоғамында бата көбінесе астан кейін табақты жинап алудың алдында атқарылатын ғұрып ретінде қалыптасқан. Ақсақал бата беріп жатқан кезде шаңырақтағы жастар, кейде, тіпті, жасы үлкендер орындарынан түрегеліп тұрады.
"Бата беруші жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі" деп жазылған кітапта.
Тілекті кез келген адам айта алатыны, ал батаны арнайы батагөй қариялар ғана беретіні көп жағдайда ескеріле бермейді. Бата көпшілік немесе белгілі бір адам үшін Жаратқаннан жалбарынып сұрау сипатында айтылады. Оны айтып жатқан кезде дастарханда міндетті түрде ас тұрады. Мұнымен қатар, батаның айтылатын жері мен өзіндік мазмұны, бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері болады. Ол адамды әдепті де арлы, дәулетті де бақуатты, білімді де батыр болуға баулиды.
Бата түрлері
Бата қай кезде және кімге қарата айтылып тұрғанына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар — жарапазан батасы, серттесу батасы, жол батасы, жаңа ай батасы, теріс бата, соғым батасы, көші-қон батасы, жас отау иелеріне арналған бата және өлім шыққан үйде айтылатын бата және т.б.-лар.
Бүгінде ұлттық нақыштағы ойыншықтар шығарып, дәстүрлі өнердің жалғасын табуына өзіндік үлесін қосып жүрген Қыдырәлі Болманов батаның діни түрі болатынын айтады. Оның өзге баталардан құрылысы да өзгеше.
Сондай-ақ, батаны кім көрінген адам бере бермейді. Бата беру үшін өзің абыройлы, салиқалы да парасатты өмір сүруің керек.
Тек ер адамдар емес әжелеріміз де бата беретін. Тіпті, эпостарымызда "ана батасы" деген тіркестер кездеседі.
Бата — біздің дәстүріміздегі үлкен ұғымдардың бірі. Ол халық үшін өте қажет және оны дұға деп те түсінуге болады. Қазір діни баталар көп айтылады. Батаның бұл түрінде "Жамбылдың жасын берсін, Абайдың басын берсін" деген сөздер айтылмайды. Алланың атымен басталып, ислам жүйесімен өрнектеледі", — деді продюсер.
Мұнымен қатар, ол ақсақалдардың текті жердің баласына бата беруге өздері сұранатынын айтып өтті. Бір кездері мұндай жағдай өзінің де басында болған екен.
Ол кезде балалардың құлақты қалай жақсы көргенін өздеріңіз білесіздер. Ақсақалдардың жанына тұра қалсақ, осы қойдың құлағын маған беретін. Сондай-ақ, әкеме келіп бата алуға асығатындар көп еді", — деді Қыдырәлі Болманов.
"Бата мен тілектің екі бөлек болатыны сөзсіз. Бірақ ол екеуі де оң дүниелер. Ешкімге зияны жоқ, тек жақсылықтың нышаны. Мен басқарып жүрген тойларда шама келгенше әулеттің үлкендері бата беріп жатады. Осылай болғаны да дұрыс деп ойлаймын. Біз қазақ үлкеннің алдын ешуақытта кесіп өтпегенбіз. "Кесіп өтсең, мұратыңа жетпегенсің" деген сөз де бар. Жалпы қазақ қоғамында батасыз өтетін той жоқ", — деді асаба.
Теріс бата. Халқымыз әрдайым жұрттың қарғысына ілігіп, теріс бата алудан сақтанған. Теріс батаны қарғыс пен жазаның ең ауыр түрі деп қарастыруға болады. Мұндай бата көп жағдайда ата-тегін көпшілік алдында ұятқа қалдырғандарға беріледі. Ғалымдардың айтуынша, қазақ қоғамында батаның бұл түрі сирек айтылған. Бұдан өзге теріс батаны алғаннан кейін оны қайтару үшін жалбарыну рәсімдері жасалатын болған.
Теріс батаға мысал ретінде "Қыз Жібек пен Төлеген" жырын қарастыруға болады. Аталған жырда Төлегеннің теріс бата алған жері сипатталған. Осыдан кейін оның ісі оңға баспай, ақырында жарық дүниемен қош айтысты. Яғни халқымыз теріс батаның әсері күшті деп есептеген.
Серттесу батасы. Батаның бұл түрін ел арасындағы маңызды үлкен шараларда, белгілі бір жағдайға байланысты уәде мен серт берген кезде және құдалық барысында беретін болған. Оның өзге түрлерінен басты ерекшелігі — әруақ, ақсақал, хан және билер алдында беріліп, соңында қол алысатындығында. Халқымыз сертті бұзуды қарғысқа ұшыраумен теңестірген.
Бұл бата түріне этнограф-жазушы Сейіт Кенжеахметұлы бір мысал келтірген-ді. "Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: "Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын", — деп, қол жайып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ", — деп баяндады оқиғаны этнограф.
Құдай сені қор қылсын,
Дұшпаныңды зор қылсын!
Жетейін дегенде жер қылсын,
Еңбегіңді сор қылсын,
Басқан жеріңді шөл қылсын,
Көз жасыңды көл қылсын!
Қайғың қалың шемен болсын,
Шыға алмайтын терең болсын!
Аузыңа жылы су тимейтін,
Күнің иттен төмен болсын!
Өмірден мəңгі қор болып өт,
Ел бетіне қарай алмай, жер болып өт.
Еш жақсылық, қызық көрмей,
"Не болдым" деп зарланып өт!
Басыңнан пəле арылмасын,
Өлсең бетің жабылмасын!
Ас батасы. Бұл бата дастархан жайылып ауызға асты алмас бұрын және тамақтанып болғаннан кейін беріледі. Халқымыз әр кез тамақ ішкен сайын "Асқа адалдық, денге саулық" деп тілек тілеп отыруды өздерінің адамдық парызы деп білген.
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Қыдыр келсін қасыңа!
Сенен байлық өтпесін,
Тәңірі берген берекең
Желіңнің екі шетіне,
Тай шаптырса жетпесін!
Наурыз батасы. Халық мерекеде қыдырып, үйді-үйге барып көже ішіп жүргенде берілетін бата түрі. Аты айтып тұрғанда көбінесе Наурыз мерекесі кезінде беріледі. Әдетте бұл батаның мәтінінде "Жасыңыз ұзақ болсын! Көктем көңілді, ұрпақтар өмірлі болсын! Ұлыс береке берсін, пәле жала жерге енсін" сынды тармақтар болады.
Әумин! — бата берейін,
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Араздыққа жол беріп,
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!
Сапар батасы. Қазақ елі ұл-қызы алыс сапарға немесе өмірін бәске тігіп жорыққа аттанарда халықты жинап, ішінен ең сыйлы деген азаматтан бата сұрайтын болған. Осыдан кейін адамның сапары немесе жорығы сәтті болып, елге аман-есен оралады деген наным қалыптасқан.
Жолыңды Алла қолдасын,
Серті мен сөзде тұратын,
Сенімді болсын жолдасың.
Жолыңды кесем дегендер
Сәтті болып істерің,
Жақсы болсын түстерің,
Жортып бір жортып жеткенде,
Жомарт болып төсегің.
Жұғымды болсын ішкенің
Көрмеген жерді көріп қайт,
Қайырылып сәлем беріп қайт.
Ырзығың сыртта шашылса,
Оны да түгел теріп қайт.
Айдарыңнан жел есіп,
Желіп барып, желіп қайт.
Бақ қосылып басыңа,
Дақ түспей ар мен бағыңа,
Кездесейік тағы да.
Балаларға арналған бата. Қазақ халқында сәби жаңадан дүние есігін ашқан сәтте ұзақ жасап келе жатқан қариялардан бата сұрайтын болған. Сондай-ақ, ата-аналар ұлдары ат жалын тартып мініп, қыздары іс тігуге жарап қалғанда өздері ұнатқан адамдардан бата сұрайтын болған.
Өмір-жасы ұзақ болсын,
Маңайы аққан бұлақ болсын,
Əр күні қызық, шуақ болсын,
Жер-ана жайлы тұрақ болсын,
Жомарттың қолын берсін,
Жортқыштың жолын берсін,
Қыздың қылығын берсін,
Судың тұнығын берсін,
Даланың кеңдігін берсін,
Батырдың ерлігін берсін,
Ақынның өрлігін берсін,
Той батасы. Бұл бата түрі екі түрлі жағдайда айтылады. Біріншісі — той иелеріне бата беру мақсатында, екіншісі осы тойға арналған малды соятын кезде.
Той тойға ұлассын,
Тойдан кенде қылмасын!
Өлең-жыр боп күндіз-түн,
Құтты болып қуаныш,
Еш жамандық болмасын!
Қызыр дарып, бақ қонып,
Құдай өзі қолдасын!
Болсын тойың торқалы,
Қарық болсын кəрі-жас,
Өлең айтып, əн салып!
Көрген досың сүйінсін,
Көре алмаған күйінсін!
Игі жақсы жиылсын!
Қарияларға берілетін бата. Қазақта бата жастарға ғана емес, бата айтушылардың өздеріне де беріледі. Ақ сақалды аталар мен ақ самайлы әжелер өздері ұнатқан данагөй жандарды шақыртып алып бата сұрап алатын болған.
Уа, қария, күйлі болыңыздар,
Ел-жұрттарыңызға сыйлы болыңыздар!
Немере, шөбере, шөпшек көріп,
Тоқсан отау үйлі болыңыздар!
Түндеріңіз тыныш болсын,
Үйлеріңізге ырыс толсын!
Ұлдарыңыз десті болсын,
Келіндеріңіз есті болсын!
Орындарыңыз төр болсын,
Мəртебелеріңіз зор болсын,
Ел-жұрттарыңыз тоқ болсын,
Қатарларыңыз көп болсын,
Қам-қайғыларыңыз жоқ болсын!
Қыздар мен келіндерге берілетін бата. Өсіп келе жатқан қыздың ақылына көркі сай, білімді де ісшең болсын деп қарттардан ықылас баталарын сұрайтын болған. Бұдан өзге ата-енелер келіндерін қыздай еркелетіп, оларға дастарханнан ас немесе табақтың түбін, кейде тіпті ішіп отырған шайын ұсынатын болған. Мұндайда келін орнынан атып тұрып сәлем берген. Осындайда қариялар келіндерге бата беретін болған.
Қыздарың құлықты болсын,
Ғаламат білікті болсын.
Күндей нұрлы болсын,
Гүлдей түрлі болсын.
Өлмес өнер берсін,
Əн-жыр, өлең берсін.
Теңдессіз дарын берсін.
Ізгіліктің бəрін берсін.
Талдай бой берсін,
Таудай ой берсін.
Жаздай жамал берсін,
Оттай жанар берсін!
Жасың ұзақ болсын,
Күнің шуақ болсын.
Басыңа бақыт қонсын,
Үйіңе жақұт толсын.
Ағалы-жағалы бол.
Өркенің өсе берсін,
Бақытқа қолың жете берсін!
Шенді-шекпенділерге арналған бата. Бұл бата түрі беделді қызметке жаңадан орналасқан азаматтарға беріледі. Мұндай батаны алдағы қызметінде айы оңынан туып, жолы болсын деген ниетпен береді.
Әумин десең есе берсін,
Қызырың кеп жетелесін.
Айларың аман кете берсін,
Күндерің күліп өте берсін.
Бақ-дәулет пен дәрежең,
Одан әрі өсе берсін!
Құлағың сақ болсын,
Ниетің ақ болсын,
Құлқының пәк болсын.
Көңілің шат болсын!
Қара қылды қақ жарып, елді түзу баста!
Жас жұбайларға және күйеу бала мен қарындасқа арналған бата. Өз алдына түтін түтеткен жас жұбайлар отауларына кіріп орналасып алған соң сыйлы қариялар мен ағайын-туысқандарына дастархан жайып, кейін олардан бата сұрайтын болған. Сондай-ақ, үйлі-баранды болып үлгерген ерлі-зайыптылар да өздеріне тілекші болып жүрген ағайын-туыстарын шақырып, олардан ықылас баталарын тыңдайтын болған.
Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін,
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын.
Шаңырақтарың биік болсын.
Несібе-ырыс иіп келсін.
Дастархандарың кең болсын.
Қызық-қуаныш тең болсын.
Үй-іштерің мерекелі болсын,
Өмірлерің берекелі болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Махаббаттарың пәк болсын.
Дастарқандарың берекелі болсын,
Отбасыларың мерекелі болсын.
Өмір-жастарың ұзақ болсын,
Жолдастарың Қызыр болсын!
Қораларыңнан қой кетпесін,
Есіктеріңнен той кетпесін.
Көшкенде көлікті болыңдар,
Өлшеусіз өрісті болыңдар!
Халық сүйер аға болыңдар,
Тоңдырмайтын жаға болыңдар.
Қиын жерде жол табар,
Дарқан ойлы дана болыңдар!
Шаңыраққа бата. Алыстан ат терлетіп келген қонақтар өздері түскен шаңыраққа алғыс ретінде бата-тілектерін айтатын болған. Ел мен жерге берілетін бата да осы іспеттес. Бірақ ол бір шаңыраққа емес, бүкіл елге беріледі.
Жаратқан Иең жар болып,
Не сұрасаң да қайтармасын!
Шаңырақтарың сыйлы болсын,
Отбасыларың дулы болсын.
Қоныстарың нулы болсын,
Өрістерің сулы болсын!
Қорыта айтқанда, қазақ халқы бата арқылы өзінің жан-жүрегінде жатқан ізгі тілектерін жеткізіп, бір адамның немесе халықтың тілеуін тілейтін болған. Сондай-ақ, бата беруші қариялар да халық алдында беделін түсіріп алмауға, бата беруге лайық болуға тырысқан.
3 жауап
Әрине ,*батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді* демекші бата біле жүрейік достар.
![enter image description here][1]
Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!
Беташарда беретін бата
Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлың он шақты болсын,
Қызың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын,
Шаңырақ берік болсын.
Дастарқаның кең болсын
Қызықшылық тең болсын.
Ауылың мерекелі болсын
Өмірің берекелі болсын.
Жолдасың ақ болсын
Молшылық тап болсын.
Сән-сәулетің ассын
Мал-дәулетің тассын!
Шілдеханада, тұсаукесерде берілетін бата
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата-анаға мейірлі болсын
Ағайын-туысқа пейілді болсын.
Өнеге-білімге зейінді болсын,
Он саусағы майысқан шебер болсын,
Ел қорғайтын батыр болсын
Шындықты айтар ақын болсын.
Халқым деген жүрегі болсын
Жұртының қамқор тірегі болсын.
Абыройы өрлесін
Ел алдында ерлесін
Жаманшылық көрмесін!
Ас қайыру батасы
Асың, асың, асыңа
Береке берсін басыңа
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай құрғалап
Бақыт қонғай басыңа
Осы отырған боз үйге
Қыдыр ата дарысын
Бәбішесі бұл үйдің
12 құрсақ көтеріп,
Ұл мен қызға жарысын.
Бақыты асып ұлдардың,
Үйдің тіксін ордасын
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдасын
Іргеден байлық кетпесін
Тәңірім айтқан несібең
Тепкілесе кетпесін!
Жас жұбайларға берілетін бата
Алтыннан болсын жағаң,
Күмістен болсын тағаң.
Тасқа тары өңгенше
Таршылық көрмеңдер!
Мұзға бидай өңгенше
Мұңшылық көрмеңдер!
Жүздерің жайнап,
Келісті болыңдар!
Толған айдай
Өрісті болыңдар!
Қатарларыңнан озыңдар
Қоздаған шоқтай қозыңдар!
Ең алдымен
Берекешіл болыңдар!
Көпке бірдей
Елшіл болыңдар!
Көкорайдай желпілдеп,
Желкілдеп тұрыңдар!
Сексенге келіп
Селкілдеп тұрыңдар!
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Дастарханың мол болсын
Абыройың зор болсын!
Көк жайлауды жайласаң
Тай-құлынды байласаң
Келін тұрсын керіліп,
Салтанаты көрініп.
Сабаң толсын қымызға
Шараң толсын уызға
Өрісіңе мал толсын
Ақ тілеуің жар болсын
Өрендерің ер болсын
Көре алмаған бағыңды
Сындыра алмай сағыңды
Бетін басып жер болсын!
Қара ниет жауларың
Ит пен құсқа жем болсын!
Балалардың сәні өссін
Толған айдай бағы артсын
Абыройы тағы өссін
Қорған болсын халқына
Ел сүйсінсін даңқына!
Сыздатпай жүрегіңді
Қалаған тілеуіңді
Қасыңдағы елден берсін.
Басып жүрген жерден берсін!
Ағайының қолдай берсін
Дос жараның қорғай берсін!
Көліңе балық қайраңдасын
Ел-жұртың жайраңдасын!
Далақтаған даудан сақта,
Жалақтаған жаудан сақта.
Ашыққан бөріден сақта,
Қара жердің көрінен сақта!
Ашынған ұрыдан сақта,
Құлқыны құрыдан сақта
Дауылдың кәрінен сақта
Жыланның зәрінен сақта
Аяқ-астынан кезігер –
Бәле-жаланың бәрінен сақта!
Уа, жаратқан ием,
Тілегімізді қабыл ет
Иманымызды кәміл ет
Ынтымақсыз алауыз,
Қырқыстан сақта
Әрі тарт, бері тарт
Жұлқыстан сақта.
Төріңді билер жатыңнан сақта
Көк долы қатыннан сақта
Руға бөлінген наданнан сақта
Жақсылығы өзінен арылмас адамнан сақта
Қара жүрек есерден сақта
Нанды аттаған кесірден сақта
Кеуде көрген көргенсіз келіннен сақта
Мезгілсіз келген өлімнен сақта
Татымсыз тұзыңнан сақта
Көргенсіз қызыңнан сақта
Бетіңе күлген сұмнан сақта
Бетімен кеткен жыннан сақта
Жалғасқан бәледен сақта
Бас кетер жаладан сақта
Қайырсыз малдан сақта
Қазымыр шалдан сақта
Адасқан елден сақта
Ез болған ерден сақта
Төтенше нәубеттен сақта
Міндетшіл жекжаттан сақта
Иә, жаратқан,
Өмір берсең, жайлы ғып бергің,
Дәулет берсең, сайлы ғып бергің.
Әйел берсең әдепті болсын
Алыс-жақынның көңілі толсын
Ұл берсең от болсын,
Қыз берсең шоқ болсын
Келін берсең келісті болсын
Келешегі өрісті болсын.
Құда берсең жолдасыңдай болсын
Құдағи берсең сырласыңдай болсын.
Ата-баба жолынан кім ассын
Құдалық мың жылға ұлассын
Екі жастың бақытын берсін,
Екі жас қызықшылығын көрсін!
[*Мына жерден алынған*][2]
Қазақтың бата беру дәстүрі туралы не білеміз?
"Қазіргі ұрпақ батасыз, батасыз болған соң, бәтуасыз лағып бара ма, қалай?" Алтайдың кербұғысы Оралхан Бөкейдің сонау 80 жылдары жазған «Атау кере» повесіндегі ойлары әлі күнге дейін де маңыздылығын жоймағандай. Қазір бата сұрасаң, тілек айтып кететін адамдарды арагідік кездестіріп қаламыз. Сондайда ренжиміз. Жақсы тілек естігенімізге емес, бата беру дәстүріміздің өрнегі сөгіле бастағанына, «Батамен ел көгерер, жабырмен жер көгерер» деген ұлттың ұрпағының бүгінгі кейіпіне. Десек те, баталы қариялар жоқ емес, бар. Олар батаның түр-түрін біледі және өз орнымен береді. Жастарға тәлім болуы үшін бата туралы деректермен бөліскенді жөн көрдік.
«Азасыз бата — мазасыз», «Баталы құл арымас, Батасыз құл жарымас», «Баталы құлға бақ қонар», «Бота алғанша — бата ал» сынды мақал-мәтелдер батаның қандай құндылыққа ие екенін көрсетсе керек. Олай болса, батаның тілектен айырмашылығы қандай? Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлы былай деп жазады:
«Тілек пен батаның ерекшеліктерін айта кетейік. Ақ батаны екінің бірі емес, тек қана батагөй ақсақал алқалы топтың атынан қалыптасқан формулалы өлеңді пайдалана отырып беретін болса, керісінше кез келген қарапайым адам қандай бір істің үстіне тап келгенде оң ниетін білдіру мақсатында жаттап алған тілек сөздерін есіне түсіріп, шама-шарқынша айтатын әдет бар. Батаның көлемі недәуір үлкен, құрылымы күрделі болса, тілектің көлемі қысқа, бір-екі жолдан құралған ырғақты қара сөз немесе тақпақтан тұрады. Бата аяқталғанда қалың қауым бір ауыздан «Әумин. Айтқаныңыз келсін!» деген сөздерді айтып қошамет-қолдау білдірсе, ақ тілекті естіген адам оған қарымта жауап қайтарып, көңіл-күйін жедел білдіруі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, тілек екі адамның диалогі ретінде орындалады. Мысалы, айтылған ақ тілекті қабыл алушы «Айтқаныңыз келсін», «Аузыңа май, астыңа тай», «Өз басыңа да сол келсін», «Құдайдың құлағына шалынсын», «Алла разы болсын» деген дағдылы жауаптарды береді. Тілек тұрақты қайталанатын қасаң тіркестерден құралады. Оның мағынасы сол атқарылып жатқан іспен тікелей үйлесіп тұрады. Мысалы, ауыл жаңа жұрқа қонғанда «Қоныс жайлы, кереге басы майлы болсын!», жолаушы сапарға аттанғанда «Жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын!», аңшыға «Қанжығаң қанды болсын!», шам жаққан балаға «Көзіңнің оты жансын! Балаңның аты – Таңжарық болсын!» т.б тілектерді айту дәстүрге айналған».
Халқымыз батаны берілетін жағдайына қарай бірнеше түрге бөлген. Олар: нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, сапар бата, жастарға бата, сүндет той батасы, Наурыз батасы, Ораза айт батасы, жарапазан батасы және тағы да басқалары.
Қазақтың бата сөзінің шығу тегі туралы этнограф ғалымдардың пікіріне жүгінсек: «Ата-бабаларымыздың өсиет батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», – дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз.
Ел арасында би-шешендеріміздің, айтулы тұлғаларымыздың ауыздан-ауызға тарап жүрген баталары бар.
Райымбек батырға анасының берген батасы
©Baribar.kz
Райымбек батыр Сәди деген қариямен жылқы баққанды жақсы көрген. Бірде жылқышы ақсақал ел амандығын білу үшін ауылға түседі. Сонда Ханкелді, Бақай, Сатай, Бөлек, Рыскелді, Аралбай, Тілеуке, Биеке, Қожағұл батырлар Жетісу өңіріндегі жоңғар қалмақтарынан қорлық көрген қазақтарды соңынан ертіп, жауға қарсы аттанғанын естиді.
Бұл туралы құлағдар болған Райымбек түн қатып анасына келіп, атасы Ханкелдінің сонынан баруға рұқсат сұраған екен:
Рұқсатынды бер ана.
Кеткен қолдың артынан,
Мен де жетіп барайын.
Қалмақтан кекті алайын,
Қайтпасын менің талабым.
Жаратқан ием жар болса,
Жауға ойран салайын.
Егер шамам келмесе,
Халқым үшін, жан ана,
Мен құрбандық болайын.
Менің жасым он бестен,
Он алтыға асып тұр.
Көкойнағым ат болды,
Үйретін бұған өнерді,
Көнілім судай тасып тұр.
Жас бала деп жан ана,
Өңіңіз, сірә, қашып тұр.
Рұқсат ет, жан ана,
Жол басуға Көкойнақ
Ұшқан құстай басып тұр.
Батаңды бер жан ана,
Нағашы атам сыйлаған,
Құралымды тағы бер,
Көпқе олжа салайын,
Осы жолдан тоқтатпа,
Артынан барып атамның,
Жәрдем болса жаратқан,
Медет тілеп пірлерден,
Жауға ойран салайын.
Қазақты болды құлданып,
Қалмақтан қекті алайын.
Атам кетіп қалыпты,
Неге мұнда қалайын.
Сыртынан жүріп атамнын
Жаудан қорғап алайын.
Қолынды жай, құлыным,
Жәрдем болсын құдайым.
Медет тілеп пірлерден,
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Адасса жолға салып жүр,
Сыртыңнан қорғап бағып жүр
Су атасы Сүлеймен,
Пәлекеттен қағып жүр.
Тым болмаса құлыным,
Кемел жасқа келмеді.
Жауға аттанып барасың,
Анаңнын құрттың шарасын.
Қалмақтан кеқті алдырып,
Жазғайсың көңіл жарасын.
Сескенбей жүр, шырағым,
Атаңа жетіп барасың.
Жаратқан ие қолдасын,
Жолбарыс болсын жолдасың!
Мендікеұлы Шәңкінің Бөлтірік шешенге берген батасы
©Baribar.kz
Дауда жалдап өткіздім,
Ат орнына шапанды.
Он жеті жаста әкеміз,
Жасанған жауды түсіріп,
Астынан алды тұлпар ат,
Үйірлеп жылқы айырып,
Жаудың бетін қайырып,
Атақты батыр атанды.
Тәңірі өзі берер деп,
Берейін саған батамды,
Жай қолыңды, Бөлтірік,
Аққа қойып ниетіңді.
Қадірлі бол халыққа,
Арыстандай бетті бол,
Дұшпанға сөзің өтімді.
Дәулетің мен бақытың,
Жетсін жеті ұрпаққа,
Пешенеңе берген секілді.
Алтын ерлі ақбоз ат,
Астыңда сенің арысын,
Қолаң шашты, қой көзді,
Алғаның бірге жасасын.
Көптің алып алғысын,
Бақыт, дәулет дарысын!- деген екен шешен алақанын жайып.
Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының берген батасы
©Baribar.kz
Соғыс аяқталған соң, Бауыржан Момышұлы Бішкек қаласына әскери қызметке жіберіледі. Ол жолшыбай өзінің туған жері – Жуалы ауданында (Жамбыл облысы) 4-5 күн аялдайды. Батыр ағамыздың жанына облыстың, ауданның біраз басшы қызметкерлері еріп жүреді. Ауыл ақсақалдарымен бірге жақсы сөзге жаны құмар жастар да Баукеңнің әңгімесін тыңдайды.
Сапарының соңғы күні Баукең жалғыз баласы соғыста қаза болған қасіретті қарияның бірінің үйінен дәм-тұз татып шықпақшы болады. Қанша үйдің дәмін татса да, астан кейінгі бата беруді ауыл ағалары атқарады. Енді елден аттанар алдындағы дәм-тұздың батасын беруді жұрт Баукеңнен өтінеді. Баукең сәл ойланады да, тебірене түсіп, былайша термелеп кетеді:
Е, Жаратушы жасаған!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет,
Дозақтағы оттан сақта,
Қаңғырған оқтан сақта,
Парақор соттан сақта.
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта.
Қара жүрек батылдан сақта,
Дәйексіз тіл тақылдан сақта.
Адалдықты арбаған ақыннан сақта,
Ашу жеңген ақылдан сақта,
Қайырымсыз жақыннан сақта.
Қате ісіне қиналмас,
Көк долы қатыннан сақта.
Халықты зәбірлер бастықтан сақта.
Жақынға жала жабатын
Қанқұйлы қастықтан сақта.
Сырты сұлу, іші кір,
Қадір білмес пасықтан сақта.
Өз пікірі татымсыз,
Кісі ақылымен күн көрер,
Татымы жоқ жасықтан сақта.
Несібе кесер кесірден сақта,
Жолы лас жесірден сақта.
Кеудесін керген келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Жалқау бала намыссыз,
Ожданы жоқ ұлдан сақта.
Түнере атқан таңнан сақта,
Жаңбыры жоқ шаңнан сақта.
Әкімінде шапағат жоқ,
Әділдікте шарапат жоқ,
Молдасында шариғат жоқ,
Байларында салауат жоқ,
Кедейінде қанағат жоқ,
Үлкенінде ұлағат жоқ,
Кішісінде инабат жоқ,
Азаматында ар-ұят жоқ,
Көршісінде қошемет жоқ,
Қариясында бата жоқ,
Сөздерінде пәтуа жоқ,
Құр айқай, шат-шәлекей даңнан сақта.
Е, Жартушы жасаған!
Өмір берсең – жайлығын бер
Дәулеті мен байлығын бер.
Еңбегіміз өністі болсын,
Қамбамыз жемісті болсын.
Мыңғырған мал өріске толсын.
Қарияны кемел, сыпайы ғып бер,
Ағаларды райлы ғып бер,
Апаларды мейірлі ғып бер,
Жезделерді зейінді ғып бер,
Құдағиды кең пейілді ғып бер,
Қарындасты көрікті ғып бер,
Інілерді бөрікті ғып бер.
Әйелді ақ некелі ғып бер,
Баланы қаны толық шекелі ғып бер.
Жиендерді жетелі ғып бер,
Күйеулерді көшелі ғып бер,
Екі айтпайтын еселі ғып бер,
Келіндерді келісті ғып бер.
Ұрпағы көп өрісті ғып бер.
Аттарды желісті ғып бер,
Ағаштарды жемісті ғып бер,
Төскейде төл көбейсін.
Жайқалтып дала егісті ғып бер,
Дәні толық өністі ғып бер.
Ұрпақтарды намысты ғып бер,
Тұлпарды шабысты ғып бер.
Иә, жомарт Жасаған!
Өнегелі өмірмен тату-тәтті,
Табысты ғып бер!
Соқыр Абыздың батасы
Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Қаракерей Соқыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:
Белбеуің белдеуіңде байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын: Қабағың жазық болсын.
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан!
Төле бидің батасы
©Baribar.kz
Жастарға берілген баталардың ішінде Төле бидің тоқсаннан асқан шағында берген батасы да ел есінде.
Бірде бір топ жас жігіт бата сұрап бидің алдына жүгініпті. Төле жарықтықтың тоқсаннан асқан кезі екен. Топ басшысынан:
– Анауың кім, мынауың кім? – деп сөзге тартып, былай депті. – Жас кезде адам кәрілікті аңсайды. Өйткені әркімнің көп жасағысы келеді, әркім дүниенің қызығын, артта өсіп келе жатқан бала-шағаларының, ұрпағының азамат боп есейіп, елге қызмет еткенін көруге асығады. Ол дұрыс та ғой.
Кәрілік әр адамға әртүрлі жолмен жетеді. Ең жақсысы – бойыңнан күш, аузыңнан сөз кеткенде сені құрметтеп, сыйлайтын елге қадірлі ұл-қызың болса, қарт кісінің ар-намысы, адамшылық парасаты жойылмай, кісілігінің төрт көзі бойынан табылса, жақсы. Мұндай жағдайда жүз жас та көп емес. Одан кейінгі бәрін реттеп, жөндейтін ең керектісі – денсаулық.
Дүниеде кездеседі, кездесіп те жүр, қайсыбір жанның адам айтса сенбейтін жақсылығы болады. Оның жолына жаныңды қиғың, немесе, жаныңнан кейінгі қымбат мүлкіңді сыйлағың келеді. Ол екеуін де алмайды, алғанды ар көреді. Тек шын көңілімен өзі қасиет тұтқан кісінің, не қасиетті қара шаңырақ иесінің батасына ынтығады.
Осылай дей келіп Төле би бабамыз әлгі келген жастарға «қолдарыңды жайыңдар» дейді. Олар қарсы алдына шөкелей отыра қалып, қолдарын жаяды:
– Көздеп арман асқарын,
Талпын алға, жастарым.
Қонар жерлерің ой болмасын, дөң болсын,
Етек-жеңдерің кең болсын,
Түндей түнерген жандарға,
Айтқан сөздерің ем болсын.
Елге қосылған ел болсын.
Маңдай терлерің сел болсын.
Ия, аруақ, қолдай гөр,
Ия, Құдай бере гөр.
Берсең, жаздай бер,
Жаздай берсең, жазбай бер.
Берсең, күздей бер,
Күздей берсең, үзбей бер.
Берсең, қыстай бер,
Қыстай берсең, қыспай бер.
Берсең, көктемдей бер,
Көктемдей берсең, көптен бер.
Кәрілердің көңілін тауып, ептеңдер. Әумин – деп сақалын сипаған екен.
Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Сіздің жауабыңыз
Бата дегенді қалай түсiнесіздер?
Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Бата-адам ғ а берілетін жақсы лебіз. Жа қ сы бата ал ғ ан адамның көңілі көтеріліп жүреді. Бата беру өте жа қ сы дәстүр.
Бата беру білеміз бе?
Сіздің жауабыңыз
Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Қарасай батырдың батасы
- Жақсы қыз-жағадағы құндыз, жақсы ұл – көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алың-дар. Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы, көпке салса – дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен елің-нің, жеріңнің қамын ойлаңдар, сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, ескермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылды қақ жаратын, елінің ығын табатын, көпті ұйытатын әділ биді қастарыңа алыңдар!
Биік төбеге шықсаң – көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң – көңілің ашылады.
Ақылды бимен болсаң – дауың басылады,
Хас батырмен бірге жүрсең – жауыңды қашырады.
Құтты адаммен қоңсы қонсаң – аруағыңды асырады.
Арың жақсы болса – сөзің елде тұрады.
Балаң жақсы болса – елінің асыл шырағы.
Қызың жақсы болса - өрісті болар тұрағы.
Жақсы жан ешкімді жатыр-қамайды.
Жан жолдасың ешуақытта алдамайды.
Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды.
Арғымақ аттың баласы аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Жала сөз тірідей қаралайды,
Жақсы сөз дем берер,
Күш-қуат, ән берер.
Болат қайнауда шынығады,ер ат үстінде көп жүріп,
Ел үшін аз тынығады.
Бұл айтқанымның көбісі –
бұрынғы өткен атам қазақтан қалған асыл сөз. Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын! Батам қабыл болсын! Жортқанда жолдарың болсын!
Әумин!
Қазақта дәмге, тойға ар-налған баталардан басқа, берілген сыйды алғаннан кейін де айтылатын бата, сақтық бата-сы дейтін де баталар кездеседі. Осы баталардың ішінде ел есінде көптен бері сақталып келе жатқан сақтық батасының, той батасының түрлері аз емес.
Сақтық батасы
Уа, құдайым, тілегімді қабыл ет,
Иманымды кәміл ет!
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақ-та.
Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек бақылдан сақта.
Көк айыл қатыннан сақта.
Кеудесін керген келіннен сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Ұятсыз қызыңнан сақта.
Түнеріп атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз болған жазың-нан сақта.
Қарсыз мұздақ қысыңнан сақта.
Жастарында әдеп жоқ,
Құр айғай, шуыңнан сақта.
Алдыңнан бақытың ашылсын,
Қызыр Ілияс барлық пәлені қашырсын.
Аллаһу акбар!
Қазақтың батасы көбінесе өлең түрінде өріліп, ол: «А, құдайым оңдасын, Желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, Тілегімді қабыл ет», «Ақ батамды берейін, Арта берсін мерейің», - деген сөздермен басталып, сөз түріндегі баталар: «Батыр бол», «Бай бол», «Бақытты бол», «Ақ сақалды, сары тісті (түсті деп те айтады) қария бол», «Қосағыңмен қоса ағар», «Үбірлі-шүбірлі бол», «Алла Тағала пәле-жаладан сақтасын», - деген ақ тілекпен де аяқталады. Дастарқанға бата бергенде оны «Дастарқаның мол болсын, абыройың зор болсын!», «Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін!», «Дас-тарқаның берекелі болсын, өмірлерің мерекелі болсын!», - деп те қайыратындар бар.
Бата берілген кезде жи-налған жұрт та қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!», - деп айтып, тыныштық сақ-тауға, бір-бірімен сөйлеспеу-ге, ыржалақтап күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.
Кейінгі кезде Мұзафар Әлім-баев, Фариза Оңғарсынова, Тұтқабай Иманбеков, Сейфол-ла Оспанов, Оразақын Асқар, Сейсен Мұқтарұлы тәрізді ақын-жазушыларымыз ас-қа, тойға, әртүрлі қуанышқа, жас келін, ұл-қызға арнал-ған баталар жазып, оны ха-лық жаттап алып, қуаныш-қызықтарында айтып жүр.
Фариза Оңғарсынова:
Жас жұбайларға бата
Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шаттық үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап-шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын!
Көлденең кеселден,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан сақта-сын,
Асып-тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын,
Бибі Фатима анамыздың аруағы
Өздеріңе жар болсын!
Әумин!
Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Баталар
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Дастархан батасы: дастарханға бата беру
Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Сіздерге тәрбиелік мәні жоғары халқмыздың асыл қазынасының бірі бата туралы мәлімет беріп, үздік баталар топтамасын ұсынады.
- Дастарханға қысқаша бата
- Төле би бабамыздың Қойгелді батырға берген батасы
- Райымбек батырдың төртінші ұрпағы Ақбиев Досжан ақсақалдың батасы
- Жас түскен келінге бата беру
- Дастарханға бата беру
- Ахмет Байтұрсыновтың берген батасы
- Соқыр Абыздың батасы
- Бүркітші Омар қарттың батасы
- Қанжығалы Асаубайдың батасы
- Бекентай пірәдардың батасы
- Жас келінге бата
- Қыз балаға бата (Фариза Оңғарсынова)
- Жас жұбайларға, үйлену тойда бата беру
- Ұл балаға берілетін бата
- Дәмге бата
- Сақтық батасы
- Тойға бата
- Келін той батасы
- Той жасаған үй иесіне берілетін бата
- Жас бөбекке берілетін бата
- Шілдехана тойында берілетін бата
- Сүндет тойы
22 наурыз мейрамы: бата, бата беру
Құрметті оқырмандар! Наурыз мейрамы құтты болсын! Қазақ халқының кез келген мейрамы ақ тілек пен батасыз өтпейді.
Наурыз мейрамында Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге сәлем бере барып, ақсақалдардың батасын алады.
Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз!
бата деген менің ойымша көңілге демеу, болашақта арманың орындалуан тигізер пайдасы мол үлкеннің рухани тілегі!
Читайте также: