Т?сау кесу бата беру ?аза?ша
О, халайық, қол жайып,
Той тілеуін қолдайық.
Мұсылманның заңдарын,
Барша ағайын қорғайық.
Тоқ ішек пен ала жіп,
Жасыл шөппен жарасып,
Үш түрменен кесейік,
Тұсауды біз санасып.
Тәй-тәй басып жүретін,
Қуаныш қылып күлетін,
Жүйрік болсын балаңыз,
Мыңнан озып жүретін.
Қамқор болып халқына,
Берік болсын антына.
Есейгенде қымбатты,
Сыйлы болсын жалпыға.
Бүлдіршінім танып ал,
Көп тлеуін қабыл ал,
Тіл мен көзден сақтасын,
Бойға тұмар тағып ал.
Қызықтарың халайық,
Той думан ғып тарайық,
Балақайым өссе екен,
Ел жұртына лайық.
Әмин, қабыл болсын!
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Тұсауың кесілді, құлама,
Тізеңді жаралап жалама.
Құлындай құлдырап жүгірші,
Кәніки, өзіңді сына да.
Секірсең құздардан сүрінбе,
Шыңдарға шыққанда бүгілме.
Болаттай қабырғаң қатайып,
От ұшқын ойнасын түріңде,
Ұзақ боп ИншаАллаһ өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқырап семсердей сенімің.
Әумин
Тұсаукесер тойы
Басып жатыр бір қадам, екі қадам,
Щоқты қара көзінен шашыраған.
Қуанышпен кеудеден жасыра алмай,
Төр іздейді тіршілік-сахнадан.
Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет.
Қаз-қаз тұрып,
Қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.
Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде еркін,
Жігіт болсын желі ескен айдарынан.
Тұсау кесер тойына арналған құттықтау, тілек
Басып жатыр бір қадам, екі қадам,
Шоқты қара көзінен шашыраған.
Қуанышпен кеудеден жасыра алмай,
Төр іздейді тіршілік - сахнадан.
Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет.
Қаз-қаз тұрып,
Қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.
Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде еркін,
Жігіт болсын желі ескен айдарынан.
Қадірлі меймандар! Асыл ағайындар!
Тәй - тәй басқан, таудан асқан баламыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын бұл қадамы баланың! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін, әрдайым күлімдесін, оқыс басқан қадамы еш уақытта білінбесін!
Бүгін алтын баламыздың тұсауы кесілді, күрмеуі шешілді. Болашағына қадам басты, сол қадамды кішкентай бір адам басты.
Өмір жолы жарқын болсын, қуанышқа бар күн толсын! Көзінен жас ақпасын, удың дәмін татпасын! Батпақтарға батпасын, елін - жұртын мақтасын! Сүрінбесін - әрдайым осылай мен зарлайын! Басына бақ орнасын, Қыдыр оны қолдасын!
Құрметті қонақтар! Ағайын - туыс, бауырлар!
Бүгін тұсауы кесілген азаматымыздың дені сау болып, ата - анасына қуаныш пен бақыт сыйласын. Өмірде сүрінбесін. Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін!
Тұсауы кесілген кішкентай азаматымыздың өмірі нұрға бөленіп жүрсін! Жүрегі шуақты болсын, білегі қуатты болсын! Сүрінбей алға ұмтылсын, жолын кесіп кім тұрсын! Бақ әкелсін бәріңе – жасы менен кәріңе!
Тұсау кесер тойына а наның тілегі
Оқуда зерек бол, ұйқыда сергек бол!
Істе шебер бол, тұйықта көсем бол!
Ойда мәнді бол, тойда сәнді бол!
Үлкенге тең бол, кішіге кең бол!
Ел үшін жауыр бол, жақсыға бауыр бол!
Достарың сүйінсін, дұшпаның күйінсін!
Құлқынға елікпе, мақтанға желікпе!
Тұсаукесерге әке тілегі мен құттықтауы
Ескен желдей жүйрік бол,
Қарағайдай сүйрік бол!
Өз ісіңе берік бол,
Ата - анаңа серік бол!
Үкідей үлпілдеп тұр,
Жорғадай бүлкілдеп жүр!
Шаршамай шарықтағын,
Ешқашан тарықпағын!
Жолың ашық болсын,
Алдың нәсіп болсын!
Достарың көбейсін:
Доссыз – кедейсің!
Кедергінің кесірі тимесін,
Жақсылық ісің күймесін!
Адымың алға ғана сүйресін.
Атасының айтар тұсау кесерге тілек
Еліңе ырыс - құт орнасын,
Жеріңе тыныштық орнасын!
Өсек аянның құрбаны болма,
Озбырлардың шұлғауы болма!
Жүзің нұрлы болсын,
Жүрегің сырлы болсын,
Тілің жырлы болсын –
Жігіттің сұлтаны атанып,
Өнерің сегіз қырлы болсын!
Stan.kz қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі тұсау кесу дәстүрі туралы мәлімет ұсынады.
Қазақ халқында балаға қатысты наным-сенімдер өте көп. Қазақтар балаға, әсіресе бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық. Жалпы бала дүниеге келгеннен бастап, есейген шағына дейін 20 шақты әдет-ғұрып жасалады. Қазақ халқы секілді баланы ерекше қадірлеп, көңіл бөлетін халық жоқ десек те артық болмас. Біздің халық сәби дүниеге келгенде Шілдехана жасау, 40 күн толғанда Қырқынан шығару, ат қою, бесікке бөлеу және тұсау кесу секілді ғұрыптарды әлі күнге орындап келеді. Бүгінде сіздерге сол балаға қатысты дәстүрлердің бірі тұсау кесу туралы баяндайтын боламыз.
Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.
Ырымшыл қазақ тұсауы кесілмеген бала сүріншек, болашақта жығылғыш болады деп пайымдайды. Ал тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп санаған. Сондықтан, қаз тұрып, тәй-тәй басып келе жатқан баланың тұсауын кесу бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ескі дәстүр. Тіпті, бұл күнге орай кішігім думанды той жасалады.
Дана қазақ баланың тұсауын ала жіппен, малдың тоқ ішегімен және көк шөппен кестірген. Ала жіппен – бала ешкімнің ала жібін аттамасын, ақ пен қараны ажырата алатын, адал азамат болсын деген ниетпен кеседі. Ал малдың тоқ ішегімен кесу себебі, бала бай, дәулетті азамат болсын деп ырымдауында. Сондай-ақ, бала шөптей қаулап өссін, шөп сияқты көгеріп, көбейіп, көктесін, ұрпақты болсын деп ырымдап, тұсауын көк шөппен кеседі.
Бір қызығы, қазақ халқы баланың тұсауын жәйбасар, сүріншек адамдарға кестірмейді екен. Баланың тұсауын жиналған көпшілік арасынан шаруаға икемді, елгезек, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағылез, пысық адам таңдалып алынып, соған кестіреді. Болашақта бала сол адам секілді үлгі тұтарлық азамат болсын деген ниетпен пысық адам таңдайды.
Кейде баланың ата-анасы тұсау кесуші адамды ырымдан өздері таңдап жатады. Көбіне баланың тұсауын көп балалы салиқалы анаға немесе абыройы асқан ақ жаулықты әжеге кестіреді. Сонымен қатар, тұсау кесетін адам тұсау кесу дәстүрінің негізгі жабдықтарына кітерін 1,5 метрдей ала жіп мен пышақты өзімен бірге алып кетуі тиіс.
Тұсау кесуші әже немесе әйел тәй-тәй басқан баланың аяғына ала жіп байлап жатып:
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам,
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз,балам, жүре гой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе.
Ілгері бас, шегінбе,- деп өлеңдете отырып, тұсауын пышақпен кеседі.
Содан кейін тұсауы кесілген баланы жайылған ақ матамен немесе кілеммен қолынан жетектеп жүгіртіп, шашу шашады. Ал баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін табыстап, арнайы «тұсау кесер» сыйлығын береді. Кейбір жерлерде кілемнің үстіне кітап, қамшы, аспап секілді түрлі заттар қойып, балаға таңдатады. Бала қайсысын таңдаса, сол салаға бет бұрады деп есептейді.
Ескере кететін бір жайт, баланың тұсауын қайшымен емес, пышақпен кесу керек. Қазақ халқы қайшылануды жақсы ырымға баламайтындықтан, баланың тұсауын қайшымен кестірмеген. Сол себептен, ата-бабамыз “баланың өмірі қайшыланып қалмасын” деп, тұсауын қайшы емеменс, пышақпен кескен.
Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Бүгінде Stan.kz сіздерге тәрбиелік мәні жоғары халқмыздың асыл қазынасының бірі бата туралы мәлімет беріп, үздік баталар топтамасын ұсынады.
Бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, тілек білдіру. Ақсақалдар үйде бір жақсылық бола қалған жағдайда немесе сойылатын малға бата жасап, балаларға құлақ үлестіреді. Бұның бір жағында үлкенді сыйлау жатса, екінші жағында «баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген, ізгі ықылас-игілікке деген тілектестік жатады. Қазақта батаны көбінесе келешегі алда жас өспірімдер сұрайды. Жақсылардың, көп жасағандардың, киелілердің, аузы дуалылардың батасын алуды жақсылыққа санап, ырымдайтындар ертеде осындай адамдарға алыста болса да арнайы жіберетін.
Ендігі бір түрі – қонағасына, сойылған соғым басына, жиналған егінге, күздікке, жауын жаумаса тасаттыққа, түрлі жақсылықтарға арналып жасалған той-томалақтарға, берілетін асқа, садақаға сойылатын малдарға берілетін бата. Мұнда батаны жас өспірімдер, балалардың сұрауы шарт емес, үлкендердің де сұрай беруіне болады.
Қазақта батаның түрі тым көп. Әр адам өз білгенін айтса болады. Бірі – «батыр бол» десе, бірі «бай бол», «ақылды бол», «ақ сақалды сары түсті шал бол», тағы бірі «бәледен сақта», -дейді.
Бата – негізінде намаздың соңына қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары сол дұғаның үлгісінде айтылатын түрлері. Оның бата берушіге байланысты ұзыны да, қысқасы да болады. Әрине, баталар да әр түрлі болады. Олардың қандай жағдайда қай түрі қолданылатынын аңғара білу керек. Олар – ел тірлігі, ұлттық намыс, азаматтық парыз, елдік тұтастық, берекелі бейбіт өмір, достық пен татулық, ағайынның адал көңіл ынтымағы мен бірлігі, жас отауға жақсылық, жорық-шерулерге аттанар сарбаздар мен сардарларға жеңіс тілеу, алыс жолға ат басын бұрғандарға сәттілік, өмір жолын жаңа бастаған өренге, жаңа туған нәрестеге ұзақ ғұмыр, өнегелі жол тілеу, мұсылмандық мұратына ұю, имандылық, әділеттілік, адалдық, елдік пен ерлік, дастархан берекесі. Ұзақ өмір, зор денсаулық, тыныштық, адамгершілік тағы басқалар жайында баталар түрін кездестіруге болады.
Төле би бабамыздың Қойгелді батырға берген батасы
Жүрген жерің жаз болсын,
Айдыныңа қаз қонсын.
Ұйқың-күлкің аз болсын,
Мерейің мақтанып,
Елің-жұртың мәз болсын.
Жая берген жапырақ,
Атсын таңың жарқырап.
Әумин!
Райымбек батырдың төртінші ұрпағы Ақбиев Досжан ақсақалдың батасы
Халқымды даласымен сақтасын,
Жігітті панасымен сақтасын.
Жаманды анасымен сақтасын,
Адамды өз бағасымен сақтасын.
Елдігіміз нығайып, өсіп-өнейік.
Бір Алла, бізді өзі жақтасын!
Әумин!
Ұлыстың ұлы күнінде
Дәулетті бақ берсін
Бақытты ас берсін,
Ұлың оңға қонсын
Қызың қырға қонсын!
Малың өріске толсын,
Дәулетіңді асырсын
Дұшпаның басылсын.
Менің берген бұл батам –
Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам.
Құдайым малды қыл,
Тең – құрбының алды қыл!
Қас сағынған кісіні
Қасқа шұнақ жарлы қыл!
Жас түскен келінге бата беру
Отша лаула, сөнбегін,
Еш жамандық көрмегін.
Қосағыңмен қоса ағар,
Құтты болсын қадамың,
Келін болдың, қарағым.
Салтын ұста, ардақта,
Үлкен ата-бабаңның.
Ошақтан от кетпесін,
Үйіңнен көп кетпесін,
Адал болғын жарыңа,
Лаула, оттай, жалында!
Аумин!
Бата
Құдай жарылқасын,
Бай қылсын.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Әулие дарысын,
Әруақ жебесін!
Дастарханға береке берсін,
Ерге дәулет берсін.
Шыққанның есесін берсін,
Қалғанның берекесін берсін.
Кең пейіл берсін,
Ұзақ өмір берсін.
От айнала бас берсін,
Өріс толы мал берсін.
Мал берсе,
Қайырлы берекесімен берсін.
Бас берсе,
Азық-несімен берсін.
Ахмет Байтұрсыновтың берген батасы
Құдайым жарылқасын, бай қылсын!
Төрт түлігін сай қылсын!
Кетпес дәулет!
Кең пейіл берсін!
Құрбандығың қабыл болсын!
Тілеген тілегіңді берсін!
Аллаһу ақбар!
Асың, асың, асыңа!
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Сенен байлық өтпесін!
Тәңірі берген несібең
Тепкілесең кетпесін!
Желіңнің екі шетіне
Тай шаптырса жетпесін!
Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып маңырасқан,
Қошқанның енесі
Аллаһу ақбар!
Уа, құдайым қолдасын,
Жіберсін пейіл – жолдасын.
Өмірлерің ұзақтан,
Көгендерің тұсақтан болсын,
Алдыңа береке,
Бақ-дәулетің шашылып жатсын,
Қазаның асылып жатсын.
Періштелер қорғай жүрсін,
Үйің қонақтан арылмасын,
Құдайым пейіл-тілегіңді жарылқасын!
Әумин!
Соқыр Абыздың батасы
Бай бол, барша мұратыңа жет,
Үбірлі-шүбірлі бол.
Қобыландыдай немере ұлың болсын,
Құртқадай ақылды қызың болсын.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деген.
Осы лебізімді байтақ әулие қолдап,
Періште әумин десін!
***
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін,
Әумин!
Үйге қонақ келсе қуанып, өте қадірлі қонақтарға тай сойып, қонақасы беріліп, аттандыру дәстүрге айналған. Ал қой, тоқты сою бұрыннан қалыптасқан әдет. Сойылатын малды алдымен үй иесі қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді. Оған бата беруші адам:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Көк жайлауды жайласаң,
Тай-құлынды байласаң.
Сабаң толсын қымызға,
Шараң толсын уызға.
Өрісіңе мал толсын,
Ақ тілеуің жар болсын!
Аттансын келген қонағың
Біз сияқты риза боп, – дегендей тілегін білдіреді.
***
Қуаныш қайырлы болсын,
Жастар абыройлы болсын.
Уайымдары жоқ болсын,
Көңілдері тоқ болсын,
Адал еңбек арқасында,
Табыстары мол болсын,
Алақандары ашық болсын,
Өмірге машық болсын!
Күйбең қағып кейін қалмай,
Жаңалыққа ғашық болсын,
Ұрпақтары ер болсын,
Кемеңгерлермен тең болсын.
Оларды көре алмағандардың,
Бедел-берекеті кем болсын.
Әумин!
Уа, отау иесі,
Қолдасын тәңір киесі,
Инабатың игілікке бастасын,
Пейілің жамандыққа баспасын.
Ошағыңның оты сөнбесін.
Арың мен жаның арамдыққа көнбесін,
Босағаң берік болсын,
Қосағың жерік болсын,
Көңілің ашық болсын,
Өмірің нәсіп болсын.
Жақсының қадірін біл,
Кәрінің әділін біл.
Өнегеңді қазық ет,
Ақылыңды азық ет,
Сағың сынбасын,
Бағың нұрлансын.
Ойың көсем болсын,
Сөзің шешен болсын.
Осының бәрі –
Сөзімнің нәрі, Құдайымның құлағына шалынып,
Тілеуім қабыл болсын!
Әумин!
***
Тәңірі жас жұбайларды,
Шат өмірмен жарылқасын.
Бақыттары арылмасын,
Ешқашанда мұқтаждық көріп,
Еш адамға жалынбасын,
Жастары жүзге жеткенше,
«Дерттімін» деп шағынбасын!
Әумин!
***
Жарылқа, құдай, қабыл ет!
Жарылқаудың қамын ет!
Бай ет, мамыр ет,
Батамды мұстажап ет!
Құдайдан не тілесе,
Соны әзір ет!
Құдай тағала, мұның ақниетін
Қабыл ет! Әумин!
***
Баға алмастай малды бол!
Жалшы менен құлыңа,
Әбүйір берсін қызыңа,
Дәулет берсін ұлыңа!
Әумин!
***
Бір құдайым оңдасын,
Оң жолыңа бастасын!
Үйіңді түрлі апаттан,
Құса-қайғыдан сақтасын!
Үміт артқан ұл қызың,
Ел сенімін ақтасын!
Аумин!
Бүркітші Омар қарттың батасы
Асарың асқар тау болсын,
Жүзерің мұхит, көл болсын,
Сүйенерің ел болсын,
Дұшпаның қара жер болсын.
Абайдай ән,
Жамбылдай сән,
Қажымұқандай күш болсын,
Ұрпақ ұмытпас іс болсын.
Есігің алды ой болсын,
Ой толған қой болсын.
Күнде ауылыңда той болсын.
Жақсыға елікте,
Жаманға желікпе.
Әрдайым шабытты бол,
Сарқылмас бақытты бол!
Әумин!
Қанжығалы Асаубайдың батасы
Көтер білекті,
Берсін тілекті.
Әуелі Құдай оңдасын,
Әжді-әулие қолдасын.
Қызыр менен қырық шілтен,
Пірің болсын жолдасың,
Асада жұртқа барғанда,
Қадірлі болсын өз басың,
Сегіз інген боталап,
Сексен саулық қолдасын.
Сегіз келін қомдасын!
Сені көздеген дұшпанды
Бір Алла өзі жондасын.
Дәрежең аса берсін,
Сені көздеген дұшпанды
Пәлекет баса берсін.
Аллау жар болсын,
Фатикам қабыл болсын,
Кеткенің келіп,
Кемтігің толсын!
***
Жас баланың күлкісін бер,
Жас ананың ұйқысын бер.
Жомарттың қолын бер,
Жорытқанның жолын бер.
Қыздың қылығын бер,
Судың тұнығын бер,
Асаудың арынын бер,
Түнгі оттың жарығын бер.
Асқар таудың паңдығын бер,
Бұлбұл құстың таңғы үнін бер.
Даланың жазықтығын бер,
Гүлдің нәзіктігін бер.
Теңіздің тереңдігін бер,
Қыранның көрегендігін бер.
Ердің көңілін бер,
Бүркіттің жігерін бер.
Лашынның жүрегін бер,
Нағыз достың тілегін бер.
Мәңгі-бақи ажырамас,
Шын ғашықтың тілегін бер!
Әумин!
***
Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын!
Айдан аман,
Жылдан есен қылып,
Үйдегі, түздегі,
Мал басты,
Аман қылсын!
Аллаһу ақбар!
***
Дастарқаның тоқ болсын,
Уайым-қайғың жоқ болсын!
Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсін жастарыңа!
Пәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қастарыңа!
Аллаһу ақбар!
Бекентай пірәдардың батасы
Алтыннан болсын жағаң,
Күмістен болсын тағаң.
Тасқа тары өнгенше,
Таршылық көрмеңдер.
Мұзға бидай өнгенше,
Мұңшылық көрмеңдер!
Жүздерің жайнап,
Келісті болыңдар,
Толған айдай,
Өрісті болыңдар!
Қатарларыңнан озыңдар,
Қоздаған шоқтай қозыңдар!
Ең алдымен,
Берекешіл болыңдар!
Көкорайдай желкілдеп,
Желпілдеп тұрыңдар!
Сексенге келіп,
Селкілдеп тұрыңдар!
Әумин!
Жас келінге бата
Жетегің бұйда болсын,
Арқаның шуда болсын.
Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын.
Бесігің алдыңнан түспесін,
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Жамандық саған жетпесін!
Әумин!
Қыз балаға бата (Фариза Оңғарсынова)
Талдай бой берсін
Сұңғыла ой берсін,
Жаздай жамал берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын,
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын,
Басына өнердің бағы қонсын,
Ақ орданың шамы болсын!
Жас жұбайларға бата
Сөзімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шатты үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап-шалдыққандар,
Төрлеріңе дамылдасын!
Көлденең кеселден сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан сақтасын,
Асып-тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын!
Өмірлерің бал болсын,
Бибі Фатима анамыздың аруағы
Өздеріңе жар болсын!
Әумин!
Ұл балаға берілетін бата
Жүсіптің дидарын берсін,
Мұхамедтің иманын берсін.
Жаныңа даланың кеңдігін берсін,
Әзірет ердің ерлігін берсін.
Абылайдың байрағын берсін,
Бауыржан батырдың айбарын берсін!
Еліңе ырыс-құт орнасын,
Жеріңе тыныштық орнасын!
Өсек-аяңның құрбаны болмасын,
Озбырлардың шұлғауы болмасын!
Алыс жолдарға,
Қолың орманда,
Тайғанақ құздарда
Көлденең келер қазадан,
Жазықсыз төнген жазадан
Әулие-әмбилер қорғасын,
Ата-бала, аруақ қолдасын!
Әумин!
Дәмге бата
Әуелі Құдай есен ет,
Жиреншедей шешен ет.
Атымтайдай көсем ет,
Лұқпандай береген ет.
Ибраһимнің бақытын берсін,
Сүлейменнің тақытын берсін,
Қыдыр құсы қонсын қасыңа,
Бұлбұл құсы қонсын басыңа.
Жорытқанда жолың болсын,
Жолдасың қызыр болсын.
Жоғары болсын жұлдызың,
Бақытты болсын ұл-қызың.
Ас иесі байысын,
Бар ойлаған арманың,
Жақсылыққа сыйынсын!
Аллаһу ақпар!
Сақтық батасы
Уа, құдайым, тілегімді қабыл ет,
Иманымды кәміл ет.
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақта.
Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қаражүрек бақылдан сақта.
Көк дауыл қатыннан сақта,
Кеудесін керген келіннен сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта,
Ұятсыз қызыңнан сақта.
Түнеріп атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз болған жазыңнан сақта,
Қарсыз мұздақ қысыңнан сақта.
Жастарында әдеп жоқ,
Құр айғай, шуыңнан сақта.
Алдыңнан бақытың ашылсын,
Қызыр Ілияс барарлық пәлені қашырсын.
Аллаһу ақбар!
Той батасы
Әуелі, Құдай оңдасын,
Хақ Расул жәрдем қып,
Әулиелер қолдасын.
Сапар шықсаң, басшы боп,
Қызыр болсын жолдасың.
Шүкірлік қыл Аллаға,
Пейіліңді Құдай алмасын.
Тәубе қылып жүріңіз,
Іриядан болмасын.
Тауфиқ берсін бір Алла,
Арамға ауырың салмасын.
Бақытты болсын ұл-қызың!
Жоғары болсын жұлдызың!
Риза болсын мейманың,
Орнынан келер жиғаның,
Таңда махшар болғанда,
Алдыңнан шығар бергенің,
Көпшіліктен бата алсаң,
Мұратыңа жетесің.
Жомарттық қылсаң тірлікте,
Қуанышпен өтерсің.
Қабыл болғай батамыз,
Кешіре гөр, Алла, қатамыз.
Пәлені дұға қайтарар,
Бұрынғыны айтамыз.
Ықыласқа тойдың біз,
Шақырған соң келдік біз,
Келмек – сүннәт,
Қайту – парыз,
Тойыңыз тойға ұлассыз,
Келген ізбен қайтамыз.
Аллаһу ақбар!
Келін той батасы
Жас келіннің батасы,
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласын,
Анасы мен атасы.
Балалар, көтер қолыңды,
Қайырлы құтты жолыңды.
Ием берсін мал мен бас,
Толтырсын оң мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл бол, келінжан,
Сыйла енең мен атаңды.
Кекшіл болма, қарағым,
Кешірер әркім қатаңды.
Бола берсін ойын-той,
Қызықтырып тойлау – құрмет қой.
Ақыл, естен айырмай,
Жастарым еске алып қой,
Қайырлы болсын тойыңыз,
Құдалар кеуде соқтырып,
Құйрық, бауырға тойыңыз!
Аллаһу ақбар!
Той жасаған үй иесіне берілетін бата
Құрметті той иесі,
Ісіңді тағдыр оңдасын,
Қайда жүрсең қолтықтап,
Қыдыр бабаң қолдасын!
Жамбылға ұқсап көп жаса,
Денеңде дерт болмасын,
Тойың-тойға ұласып,
Жан-жүрегің толғансын,
Күннен-күнге көбейсін,
Дос-жараның, жолдасың.
Бақытың тассын әманда,
Бергенін тәңірі алмасын!
Өміріңді ұзартып,
Балаң менен немерең,
Шөберең мен шөпшегің,
Туажаттар жалғассын!
Жас бөбекке берілетін бата
Көтерейік білекті,
Нұрға бөлеп жүректі.
Бөбекке бата берейік,
Ағынан айтып тілекті.
Сәбиіміз сүйкімді болсын,
Өнер-білімге икемді болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өнер, өршіл, өркенді болсын,
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандық тәлім алмасын,
Даналардың дәстүрін,
Жаңаласын – жалғасын.
Шұғылалы шуақ күн кешсін,
Басын сұр бұлт шалмасын,
Қос топшысы талмасын,
Қырандай биік самғасын.
Ары адал, жаны жаз,
Құрбысынан қалмасын!
Абай, Жамбыл, Міржақып,
Шоқан, Ахмет, Мағжандай
Тасқа басқан таңбасын,
Мәңгілік артына із қалдырсын!
Әумин!
Шілдехана тойында берілетін бата
Анасының аяулы
Жарып шыққан кемерін,
Қадам басып өмірге,
Жас шыбықтай бүр жарып,
Жаңа жайған желігін,
Торсық шеке, ақмаңдай,
Өсе берсін бөбегің.
Өмірі ұзақ болсын деп,
Көңілі нұрға толсын деп,
Ақ батамды беремін.
Азамат боп ер жетсін,
Қиын кезде жолдастан
Аямайтын көмегін.
Тойың тойға ұласын,
Бола берсін дегенің,
Аллһу ақбар!
Сүндет тойында берілетін бата
Атың, атың, ату бол,
Ағайынмен тату бол,
Бағаналы таудай бол,
Шағалалы көлдей бол…
Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын,
Қара биең құлындап,
Қаратауға сыймасын!
Үйіңнің алды ой болсын,
Қораң толы қой болсын,
Ішкенің қатық болсын,
Несібең артық болсын…
Сүндет атың пыраққа айналсын,
Мінген ашамайың таққа айналсын,
Қоржының толы болсын,
Ылайым жолың болсын!
Пішпең, пішпең, пішпеңде,
Тілек айтам кішкене.
Бақыт қонсын басыңа,
Жас қосылсын жасыңа,
Байлық берсін үстеме!
Тұсау кесу дәстүрі: рәсімді қалай өткізеді
Тұсаукесер: қазақ нені дұрыс жасамай жүр?
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне өте ерекше мән берген. Оның айқын дәлелі – сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап есейгенге дейін орындалатын салт-жоралғылар. Соның бірі – тұсаукесер. Тұсаукесер – табаны жерге тиіп, қаз-қаз басқан сәбидің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамы, тойдың басы. Сәбидің жүргеніне қуанған ағайын мал сойып, той жасап, алғашқы қадамына жақсылық тілейді. Тіпті тұсауы кесілмеген бала сүріншек, өмірі кедергілер мен қиындықтарға толы болады деп сенген. Қазақтың салт-дәстүрінде ерекше орын алатын тұсаукесер рәсімін қалай орындаған дұрыс? Тұсау кесуде қандай қателіктерге бой алдырып жүрміз? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан тілшісі дайындаған материалдан таба аласыздар.
"Қаз-қаз, балам, қаз балам"
Әр халықтың өзіне тән ұлттық тәрбиесі бар. Сол секілді қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – тұсаукесер тойы. Шілдехана-бесік тойдан кейін сәби өмірінде ерекше аталып, үлкен той ретінде өткізілетін салттың бірі – тұсаукесер.
Тұсаукесер – сәбидің өмір сапарының алды. Сәби еңбектенуден өтіп, тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасай бастаған кезде әр ата-ана "балам, тез жүріп кетсін" деген ниетпен келешегіне ақ жол тілеп, тұсауын кеседі.
Қазақ сәбидің тұсауын "көбейіп, көгере берсін" деп көк шөптен де есіп жасаса, "бай болсын, тоқ болсын" деген тілекпен малдың тоқ ішегінен де өрген. Бірақ көбіне "біреудің ала жібін аттамасын, өзгенің мал-мүлкіне, дүниесіне көз тікпесін, қол сұқпасын" деген тілекпен ақ пен қара жіпті айқастыра отырып, ала жіп дайындаған.
Осы орайда неге көк пен қызыл немесе жасыл мен сары жіп емес деген заңды сұрақ туындайды. Ақ пен қара – тіршіліктің нышаны. Өмірде барлығы қос-қостан, жұп болып жаратылған. Өмірдің өзі сынақ, ақ пен қара секілді жақсылық пен жамандық, ыстық пен суық, өмір мен өлім, аштық пен тоқтық үнемі қатар жүреді. Осының барлығын мінсіз жаратқан бір Алла ғана жалғыз.
Ала жіпті көпті көрген, талай немере-шөбере сүйген ақ жаулықты әжелер ақ батасын беріп, баланың аяғына байлайды. Осыдан кейін сәбидің ата-анасы таңдаған келіншек немесе ер азамат баланың тұсауын кеседі. Сүріншек, жайбасар адамға баланың тұсауын кестірмейді.
Тұсауды неге қайшымен кесуге болмайды?
Қазір барлық жерде баланың тұсауын қайшымен кесетіні жасырын емес. Алайда атақты Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова бұл мүлде дұрыс емес дейді.
"Өйткені бір-біріне кереғар, қарама-қарсы қайшының жүзі секілді баланың алдағы өмірі қайшыланып, кедергілер көп болмасын деп қазақ қайшымен кесуді жөн көрмейді. Бұл да жай емес, тіршілік тәжірибесінен алынған", — деп жазады Ахметова "Күретамыр" атты кітабында.
Сондықтан, оның айтуынша, "Жақсылық болып, басына бақ қонғанда асып-тасып асылық жасамасын, қиындықта жасып басылмасын, өмірдің күнгейі мен көлеңкесінен тең өтсін" деп баланың аяғына тұсалған ала жіпті пышақпен шорт кеседі.
Тұсауды кімдер кеседі?
Қазақ халқы тұсауды кез келген адамға кескізбеген. Әдетте жүріс-тұрысы ширақ, пысық, бір әулеттің түтінін түтетіп отырған келіншекке немесе өз ортасында сыйлы, абыройлы, қолға алған шаруасын тындырып жүретін еңбекқор азаматқа кескізеді.
"Қай кезден бастап үрдіс алғанын білмеймін, қашан көрсең жасы үлкен әжелер тұсау кесіп жатады… Сөз жоқ, көпті көрген, талай немере-шөбере сүйген ұлағатты әжелер батасын беріп, ала жіпті баланың аяғына байлайды. Ал тұсауды қыз бала болса, жүрісі ширақ, істеген ісін тиянақты тындыратын қағілез, ақжарқын мінезді келіншекке, ұл баланың тұсауын жақсы аты ел аузында жүрген, қолға алған шаруасын нәтижелі атқаратын, еті тірі еңбекқор азаматқа кескізеді. Бұл жерде қалау – ата-ананың ықтиярында, көңілі түскен адамын оның қадір-қасиетіне қарай таңдап, тұсау кескізеді", — деп жазады Зейнеп Ахметова.
Сондай-ақ, жазушы өз кітабында қазақ "жолы әлі ашылмаған" деп үйленбеген жігітке, тұрмысқа шықпаған қызға тұсау кескізбегенін атап өтеді.
Зейнеп Ахметова жас балаға тұсау кескізуді де құп көрмейді.
"Иә, жеткіншек балалар тұсаукесерге қатысады, олардың да атқаратын маңызды міндеті бар. Балаларды тұсаукесердің алдында жарыстырып жібереді. Олар қайта айналып, келіп қалғанда тұсау кесіледі. Ентігіп келген балалардың алдыңғы озып келген екеуі тұсауы кесілген бүлдіршіннің алақанын алақандарына түйістіріп, уысын толтыра қолынан мықтап ұстап, дедектетіп жетелей жөнеледі. Сонда жүгіріп келген балалардың екпіні, қан қызуы, қуат-жігері сәбиге алақан арқылы беріліп, бала тез жүріп кетеді екен. Шынымен солай болады, өйткені жасөспірім балалардың таза да табиғи энергиясы қадамын жаңа басқан балаға дариды. Ал қажыр-қайраты қайтқан, ілби басатын кейуаналар тұсау кескенде, бала қалай тез жүгіріп кетеді деп ойлайсыз?", — дейді ол.
Тағы бір есте сақтайтын дүние – қазақ ешқашан тұсауды артынан кеспеген.
"Алды ашылуы керек деп алдынан кеседі", — дейді Зейнеп Ахметова.
Тұсаукесер жыры
"Жүйрік бол!", "шауып кет!" деген тілектермен баланың тұсауын таңдалып алынған адам кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығады да, тез-тез жүгіреді. Осы кезде "Тұсаукесер" жыры шырқалады.
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Қаз-қаз, балам, қаз балам.
Тақымыңды жаз балам.
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Тұсаукесерде шашу шашылады. Тұсау кесілген жіпті ырымдап, бала көтере алмай жүрген келіншекке немесе нәрестелі болған отбасыларға "сіздерде де көп ұзамай той болсын" деген ниетпен береді. Тұсау кескен адамға сыйлық береді.
Қазіргі таңда баланың жолына төселген ақ матаның екінші басына домбыра, кітап, ақша, нан, айна секілді түрлі зат қою үрдісі белең алған. Бала нені таңдаса, болашағы сол затпен байланысты болады деп жорамалдайды. Мәселен, баланың көзі домбыраға түссе, есейіп, ержеткенде өнер адамы болады дейді. Кітапты алса, ғылым, білім жолын қуады деп топшылайды. Ақшаға жармасса, қалталы, бай, дәулетті азамат болады деп ырымдайды. Қазақтың дәстүрінде мұндай болмаған, бұл кейіннен пайда болған үрдіс.
Тұсаукесердің пайда болуы туралы діни аңыз
Қазақтың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарының шығуына себеп болған аңыздар мен қисса-дастандар жетерлік. Соның бірі – тұсаукесер дәстүрінің пайда болуы жайында.
Тәңірі тағала Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жаратып, жер бетіне жібереді. Олар өте ажарлы, сұлу болған екен. Бір-бірін ұнатып қалады. Жаббар Хақ екеуіне: "Некелерің қиылмай, бір-біріңе қосылмаңдар", — деп ескертеді.
Бір күні екеуі шыдай алмай, бір-біріне қосылып қояды. Дүниедегі ең алғашқы зинақорлық осыдан басталыпты. Діни аңыздарда қиямет-қайымда зинақор адамдар Әбілет пен Тәбілеттің қауымында тіріледі екен деседі. Некесіз қатынастан дүниеге Ібіліс келеді.
Адам ата мен Хауа ананы жер бетіне жіберер кезде Тәңірі оларға да ескертіп: "Некелерің қиылмай қосылмаңдар", — дейді. Адам ата мен Хауа ана: "Мақұл!"- деп уәде береді. Бірақ, ол заманда Ібіліс малғұн атанып, оларды азғырып, туралы жолдан тайдыруға серт берген кезі екен.
Тәңірі Жебірейілге: "Адам мен Хауаның аяғын тұсаула. Жерге табаны тиген соң, тұсауларын кес. Ібілістің азғыруына еріп, тура жолдан таймасын", —дейді.
Жебірейіл олардың аяқтарын көк шөппен байлаған екен. Жерге түскен соң тұсауларын кеседі. Некелерін қияды. Кейін бұл оқиға дәстүрге айналады. Содан бастап жаңа туған баланың табаны жерге тиер кезде тұсауын кесіп, күрмеуін шешеді екен. "Баламыз алғаш қара жерге қадам басты, тура жолдан таймасын" деп ырымдайды. Тұсауы кесілмеген сәбидің иманы әлсіз болады деген де түсінік бар.
Деректер "Дін мен дәстүр II", "Күретамыр" (Зейнеп Ахметова), ""Салт-дәстүр сөйлейді" отбасы хрестоматиясы" кітаптарынан алынды
Бата беру: дастарханға бата
Т?сау кесу бата беру ?аза?ша
Қазақтар бала қаз-қаз тұра бастағанда «болды, енді жүреді» деп байлам жасап, сәбиді өмірдің келесі кезеңіне – жүру, тұру процесіне дайындаған. «Тұсау кесу рәсімі, міне, дәл осы кезде атқарылады. Тұсаукесер - әр бала үшін міндетті түрде орындалатын салт.
Кез келген тойдың жақсы өтуі тікеле тойды басқарушы адамға байланысты. Сондықтан да той асабасына өте жауапты міндет жүктеледі. Тойды жүргізу барысы, тілек айтушылар тізімі, үзіліс кезіндегі ойын-сауық түрлері және табақ тарту, той бастау салттары жайлы ойлар алдын-ала талқыланады. Қонақтар жиналғаннан кейін ортаға той иесі – кішкене сәбиді әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын дайындап тұрады.
Бұрындары баланың тұсауын лып еткізіп өткір сапымен кескен. Баланың келешегінде қарама-қарсы - қайшылану болмасын деп, мүмкіндігінше қайшымен кеспеген екен. Тұсау кесудің алдында ол, баланың қолына түсетін ерекше бір сыйлық ұстатқан. Сосын жиналған жұртқа қарап, балаға бата-тілегін айтатын болған. Ел «Әумин!» деп бетін сипаған соң тұсау кесіледі де, баланың әбден естияр болған, аға-әпкелері сәбиді «қаз-қаздап» жұртқа қарай біршама жүргізеді. Баланың тұсауын кескен адамның өмірде сүріншек, шалағай, зуылдақ не өтірікші болмағаны дұрыс. Керісінше, жүріс-тұрысы ширақ, өмірде орнықты, нық адам болғанын әке-шешелері әдейі ырым етіп, қалайтын болған. Той иелері тұсау кесушіге өздерінің сый-кәделерін жасайды. Тұсауды кесетін сапы не пышақ өз иесіне қайтарылады да, кесілген ала жіпті сол топтағы жаңа нәрестелі болғандарға немесе бала көтере алмай жүрген жұптарға ырым қылып таратып береді. Осы кезде шашу шашылып, тұсау кесу жыры айтылады. (Бұл тұсау кесу жырын бір адам жеке дауыспен, немесе жиналған жұрт бірігіп, қосылып айтса болады
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Тұсау кесу – қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, Құдайға деген құлшынысы, «Баталы ел – арымас, батасыз құл - жарымас» деп аталарымыз айтқандай, ақ батаның реті осыдан кейін келетін сияқты. (Бата берудің бір үлгісі):
Тұсауың кесілді – құлама,
Тізеңді жаралап, жылама.
Қанеки өзіңді сына да!
Секірсең, құздардан сүрінбе,
Шың-құзға шыққанша бүгілме,
Болаттай қабырғаң қатайсын,
От ұшқын ойнасын түріңде.
Ұзақ боп иншалла, өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
(Батаның неше түрлі үлгілерін «Ақ бота» («Өнер баспасы, 2001 ж.)
кітапшасынан тауып алуларыңызға болады).
Бұдан кейін қонақтар жолына қарай той дастарханына шақырылады. Ары қарай баланың атасы мен әжесі, болмаса сол әулеттің үлкен ақсақалы құтты болсын айтып, батасын беріп, тойды ары қарай жүргізуші асабаны жұртқа таныстырады. Ендігі жердегі тойдың барысы түгелімен асабаға тапсырылады.
Асаба алғашқы сөзді алдымен тойға жиналған қонақтармен, ағайын-туыстармен, бүлдіршіндермен сәлемдесіп, тұсауы кесілген сәбиге тілек тілеумен бастайды. Өйткені, кез келген танысу сәлемдесуден, тілек тілеуден басталады. Мысалы, тойды былай бастауға болады:
Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңіз де есен-сау бармысыздар.
Тұсау кесіп, той жасау – ата-дәстүр, салтымыз,
Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз.
Думанды тойын жасап дүбірлетіп,
Салт-дәстүрді ежелден қастерлеген халқымыз.
Тойда тілек айтатын әрбір қонаққа жолыңа, туыстық ретіне және халық алдында сіңірген еңбегіне қарай сөз беру асабадан үлкен шеберлікті қажет етеді. Яғни сөз кезегін ардагер ақсақалдардан бастаған дұрыс. Өйткені үлкенді сыйлау – халқымыздың өнегелі қасиеттерінің бірі. «Аталы сөз – баталы сөз», «Атаның сөзі Ж ақылдың көзі» деген сөздерден біз осыны аңғарамыз.
Ата, ақсақалды, қадірлі қарияны құрмет тұту, олардың ақ батасын алу – сәбидің келешегіне, жалпы өмір жолына зор бақыт, мол жақсылық әкелетінін асабаның нақышына келтіріп айтуы мәнді болып шығар еді.
Ата менен немере – аяқталмас бір дастан,
Екеуіне керегі – ашық болсын нұрлы аспан!
- Балаңнан тәтті дейді немере,
Маған ақы сен өмірде төлеме.
Гүл сияқты алақанмен аялап,
Күн сиқты көтеремін төбеме.
Немер үшін ең мейірімді жан - әже. Әженің аялы алақаны, мөлдір мейірімі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет. Әжелердің ақ тілегін тыңдап, бата сұрап және сол кісілердің жолын бізге де берсе екен деген тілек айтылады.
Қандай той болсын нағашылардың төрден орын алатыны сөзсіз. «Киіз үйдің жақсы болуы – ағашынан, азаматтың жақсы болуы – нағашыдан» деген сөзден бойындағы асыл адамгершілік қасиеттер ананың қаны, әрі ақ сүті арқылы дариды, олай болса, анаңның өскен елін, өркен жайған нағашы қауымыңды қастер тұт деген мағынаны түсінеміз.
Қымбат болар туған жердің ағашы да,
Әркімнің жету керек бағасына.
Анамның ақ сүті үшін өмір бойы,
Бәріміз борыштымыз нағашыға!
(Нағашылары сәбиге батасын, тілек айтып, «қырық серкешін» атап жатады).
Осылай рет-ретімен сөз кезегі беріліп жатады.
«Бір сәбиді қуантсаң, мың періште қуанады» деген сөзді ескере отырып, сәбидің қуанышында жас балаларды ескерусіз қалдыруға болмайды. Ересек балаларға ән айтқызып, күрестіруге, әртүрлі ойындар ұйымдастыруға болады. Сыйлықтарды да бала жасына лайықтап алу керек. 2-3-4 жастағы балалар жарысын ұйымдастырса, той мәнісін аша түскендей болады. Белгілі межеге дейін кім жығылмай бірінші жетеді, үлкен сыйлық иегері болады. Бұл тойда балалардың тұсауын кескен адамдар аталып, құрмет көрсетіледі. Араларында тұсауы кесілмей, жығыла беретін балалар болса, тұсауын сол жерде кесіп, тойды ары қарай жалғастырса, әркімнің есінде ұзақ сақталатын қызықты сәттер молая берері сөзсіз.
Үлкен-кіші демей, бірдей атсалысып, ән айтып, би билеп, тойды әуелі балалардың, сосын ересектердің есінде қаларлықтай етіп өткізіледі. Түрлі сыйлықтар үлестіреді. Әжелер жарысын ұйымдастыруға болады. Баланың тұсауын кескен адамға сыйлық беріледі немесе аяқ киім ұсынылады.
Т?сау кесу бата беру ?аза?ша
Астана мектеп кз сайтынан
«Тұсау кесер» салты.
Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ күні.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге сыяды.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
Бүгінгі күні Амантай әже өзінің немересі Аружанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.
Алғашқы немерем Аружан жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Орынбасар құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай Аружанды ортаға әкеліп, Орынбасар әжесіне табыс ет.
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)
(баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)
Тәй-тәй балам, тәй балам,
Шақырып тұр айналаң,
Жүруге алғаш талпындық
Құтақандай жан балам,
Қаз-қаз тұрып талпындың,
Аман болсаң аз-ақ күнде
Алшаң басып жүресің.
Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.
Бөпеміз қаз тұрыпты,
Алға қадам басуға,
Тәй-тәй болып жүріпті,
Маған тұсау кестіріп,
Жатқандардан бұйрық сол;
Мені жүйрік депті жұрт
Менен асқан жүйрік бол.
(Орынбасар әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(Аружанды жетектеп жүргізеді.)
Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап
Әлдиді алға бастаңдар.
Жалғыз тастап қашпаңдар.
Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар
Із қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашындар!
( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)
Амантай әжемнің немересінің «Тұсау кесер» тойының құрметіне ән-шашу арнайын.
Рахмет, айналайын, өркенің өссін. Саған да осындай той жұғысты болсын.
Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін.
Читайте также: