Кыз узату бата беру
***
Қонақтан кетпей төрлерің,
Ісіңнің таппай ел кемін.
Тамсана мақтап көп адам
Баса алмай жүрсін шөлдерін.
Қалаулы бол халыққа,
Еңбектен еш жалықпа.
Қосылған сүйіп, жарыңмен
Аққудай мәңгі қалықта.
***
«Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!
***
Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі – тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі бар, қолында қонақ келгенде нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде тілінде тоқтауы бар. Тіліне еге болады деген сөз ғой. Сондықтан тілек — екі пышағы бар емес, үш белгісі бар жақсы келіншек бол, айналайын!
***
Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!
Үмітпен ұл да өсірдік,
Қыз да өсірдік,
Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.
Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,
Жайласын жас отаудың іргесін құт.
Болғанмен ұл менікі,
Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Жатырмыз төсті төске түйістіріп,
Сыйластық –
Құдалықтың бір белгісі.
Екі бала бәрімізді сыйлы етсін,
Күйеу демен,
өз ұлым деп жүрмекпін.
Қызыңдай көр,
Құдаға айтар қолма қол,
Ал, құдағи білмей жатса үйреткін.
Материал «neke. kz», «kuttybolsyn. kz» сайттарынан алынды.
Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)
Қыз ұзату тойына арналған тілектер
Түрлі той-думанға арналған әдемі тілектер білсеңіз бізге жіберіңіз. Мына эл. поштаға жолдауға болады: [email protected] немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады
Қыз ұзату ұзату тойына тілектер қыз ұзату құттықтаулар қыз ұзатуға тілектер
Қыз ұзату тойында әке тілегі мен батасы
Құрметті халайық, бүгін біздің қуанышымызды бөлісуге келіп отырған ағайын, туыс, бауырлар!
Құрметті құда-құдағи! Сөзімнің бірінші бөлігін сіздерге арнағым келеді!
«Біздің еккен дәніміз пісті. Үйімді жарық еткен нұрым, жүрегімді тербеген жырым, ана – жұмыртқасын жарып, ақ құсқа айналып, көрші бәйтерекке ұя салмаққа ұшып барады деп ойлаймын.
Әлемде әке үшін өзінің қызынан асқан сұлу қыз жоқ. Менің қызым өзім үшін – «Тау Баян деп жаңғырады, өзен Баян жеп ағады, орман-тоғай Баян деп шулайды» деп жар салатын Қозы Көрпештің Баянынан да асқан сұлу. Ер Тарғынға тар жерден жол тауып берген Ақжүніс арудан да өткен ақылды! Әйткенмен, Қобландының Қыз Құртқа баптап –жаратқан қырық күндік кемдігі бар Тайбурыл –тұлпары сынды өмір-тәжірибесі әлі жеткіліксіз, аз. Ендігі кемдігін өзің толтыр, құрметті құд-құдағиым!
Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, күнге күйдірмей, суыққа тоңдырмай бой жеткіздім, өсірдім. Ендігі жерде Еңлікгүлімнің сүйегі – менікі, еті – сіздікі. Менен - өтті, Сізге- жетті. Қыз бала - өзге елдің аманаты. Өзге ел – Сіз үшін асырап-жеткерген көзімнің нұры, бауыр еті баламның ендігі жердегі тағдырын сізге аманаттаймын, құрметті құда-құдағи!
Бұдан былайғы жерде обалды мен сауабы да, қызығы мен рахаты да Сіздің босағаңызда, құрметті құда-құдағи!
Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! Ендігі жердегі тілегім саған арналады. «Қыз бала – қонақ» деген осы екен. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені, өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып, бақытты сапарға шығып барсың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам екеуіңе бар айтар тілегім; қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым; сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды - бұлт, бауырыңды мұз шалмасын!
Бақытты болыңдар!
Қыдыр ата болсын балам жолдасың,
Көкірегің елдің күйін толғасын.
Атқан таңың бағыңды ашып әрдайым,
Ата бабаң әруағы қолдасын!
Ашық болсын аспаның мен айналаң,
Ардақтасын ақ орамал байлаған.
Таң сәріде тілек тіле Тәңірден,
Тартынбасын қолыңды енді жай балам!
Болған едім сырласың да, ақылшың,
Деуші ең әркез - Әке, қымбат, жақынсың.
Балдәуренің бойжетті де бір күнде,
Туған үйден ұзап бара жатырсың.
Өмір деген - ойлағанға өр теңіз,
Балалығың, бал қылығың - көркем із.
Есейіпті Әкесінің алдынан
Кеше күліп жүгіретін ерке қыз.
Сырғиды екен көз ілеспей уақыт тым,
Сен деп мына өмір дәмін татыппын.
Жарыңменен қол ұстасқан сапарың
Апарсыншы айдынына бақыттың!
Тоқтамасын сол сапарда өр кемең,
Бірге күліп, бірге қуан елменен.
Шұғылалы, мынау ғажап дүниеге
Сен бақытты болу үшін келген ең.
Сыңарыңмен қол ұстасқан бүгінің
Жалғастырсын ертеңіңнің ғұмырын.
Бірге бөліс қиындығын өмірдің,
Бірге қадас отауыңның уығын.
Тілегі осы саған айтар Әкенің,
Бойға жима жат қылықтың бөтенін.
Ұғына біл мына өмірде алдымен
Жар болудың биік ұғым екенін.
Қызға міндет өмір осы жүктеген,
Сені алдан тосып тұрсын құт-мекен.
Буалдыр боп кетті Әкеңнің жанары,
Менен гөрі қайта анаң мықты екен.
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Қыз ұзату тойына құттықтау сөздер мен тост тілектер топтамасы
Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болсын. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.
Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі армандарың орындала берсін. Өмір жолында серіктерің сәттілік, жолдастарың жақсылық болсын.
«Бақыт деген досыңның – қабағында, жарыңның – жанарыңда» дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер. Жүздеріңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіздер!
Қуанамын неге бүгін соншалық
Шаттанғаннан келіп жетті бір шабыт
Қиясына ұшқалы отыр тәтеміз
Көңілде бір қимастық бар қайтеміз
Қадамыңыз бүгінгі құтты болсын
Қыдыр дарып отауға бақыт қонсын
Көтерген жездемізбен шаңырақтың
Ішіне қуаныш пен күлкі толсын
Ұлдарды нәсіп етсін ақылды ұдай
Қыздарды нәсіп етсін күн мен айдай
Отаудың берік қылып босағасын
Біздерге болыңыздар жаққан шамдай
Көктемнің күлімдеген күніндейсіз
Дүниенің ең шырайлы гүліндейсіз
Папасы мен мамасының асыл қызы
Әрқашан жездемізбен бір жүргейсіз!
Өмірде ең бақытты жан болыңыз!
Мәнді де даңғыл болсын бұл жолыңыз!
Мәңгілік бір - біріңе ғашық болып
Көңілі туыстардың жүрсін толып!
Қыз ұзату тойына арналған құрбыма әдемі құттықтау тілек
Құрбының тілегі
(Тұрмысқа шығып жатқан бойжеткенге құрбысының тілегі)
Уақыттың бірге жылжып күндері,
Жылыстайтын әр кезеңмен жыл легі.
Ортақ еді біздің салған әніміз,
Таңымыз да қарсы алатын бірге еді.
Бірге еді армандардың оттары,
Сыр да ортақ қиял қуған шақтағы.
Бірақ бізді қыз - бақытқа апарар
Уақыттың бөлек еді соқпағы.
Міне, құрбым, сол бақытқа беттедің,
Маған қымбат - сен шаттыққа жеткенің.
Тұрмыс құру тұғырлы жол өмірде,
Қыз ғұмыры қарсы алғандай көктемін.
Туған үйің әлпештеп еді сені де,
Келін болдың сүйіктіңнің еліне.
Сол өмірде бақытты бол жарыңмен,
Көктеміңнің көтеріл де көгіне.
Сол көктемің болсын қымбат, ғұмырлы,
Шын сыйлаңдар бірің әр кез біріңді.
Тұрмыс жолда тұмар тағып бақыттан,
Қуанышпен атқыз әрбір күніңді.
Әрбір сәтің бақытпенен көктесін,
Жүзіңнен тек шаттық күлкі кетпесін.
Әрбір таңың ашық болып атсын да,
Әрбір жылың той - думансыз өтпесін.
Думан күнді бірге қарсы алыңдар,
Арман жолға ортақ бірге барыңдар.
Отауларың құтты болсын көтерген,
Мына өмірде тек бақытты болыңдар.
Сыры да ортақ, жыры да ортақ үнемі
Осы саған құрбыңның ақ тілегі.
Сенің осы бақ жолыңа жүрегі
Барлық, барлық жақсылықты тіледі.
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ
Қажетті сілтемелер:
- Қыз ұзату тойына ? арналған өлеңдер жинағы
- Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер
- Қыз ұзату тойына өлеңдер жинағы
- Қыз ұзатқан ата-анаға тілек
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.
Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі . (аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті.
Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!
Қыз ұзату тойына арналған өлең
Шаңырақтың шырағысың шаттығы,
Текті жердің тұяғысың ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке-шешең арнап отыр жыр ағын,
Кәусар таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,
Бақытты бол, бақытты бол, шырағым.
Көкірегі сырға толы күй-дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген,
Өзі өскен ортасына сыймастан
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.
Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.
Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!
Қыз ұзату тойына қысқа тілек
Айжанымыз ақ босағасынан ұзатылып, Мағжан есімді өзінің өмірлік серігін тапты. Жас жұбайларға қашанда жандарыңа жақсылық серік болсын, өмір өткелінен қол ұстасып бірге өтіңдер деп тілек білдіреміз.
Ердің бағы - жарынан. Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді, жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес, ел азаматы қылу сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен аяқ басқайсың.
Қонақтан кетпей төрлерің,
Ісіңнің таппай ел кемін.
Тамсан мақтап көп адам
Баса алмай жүрсін шөлдерің.
Қалаулы бол халыққа,
Еңбектен еш жалықпа.
Қосылған сүйіп жарыңмен
Аққудай мәңгі қалықта.
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.
Ақ тілегің ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.
Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді.
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Тілеуші едік басыңа
Болсыншы деп бақ қонар.
Сол сәт бүгін келіп тұр
Ақ тілекті ақталар.
Көлге біткен құрағым,
Өрге біткен шырағым.
Анаң сенің шаттанар,
Табылды деп сыңарың.
Әкең сенің мақтанар
Маздады деп шырағым. Оң аяқпен аттандың,
Гүл бітсін қонған қияңа
Келіп жүр сүйген жарыңмен
Өзің ұшқан ұяңа!
Өмірдің өрлеп шықсын белесіне,
Мұхитқа жетсін жүзіп кемесі де,
Бір үйдің әлпештеген еркесі екен,
Ата менен сыйлы болсын енесіне.
Үлкенді қадірлеуден жалықпасын
Жарқылда жарыңның да тауып бабын.
Қадірлеп айналайын бір-біріңді,
Қырандай қия шыңға шарықтағын.
Тағдыр қосып табылыпты қосағың
Әлі ақталар жабдығыңмен жасауың.
Шаттықталар шаңыраққа айналсын
Керегесін кеңге жайып отауың.
Құтты болсын ақ қадамың
Келін болу жолы ғой қыз баланың
Барған жерде жақсы келін атанып
Қуанышын сыйласын әрбір қадамың.
Жекжаттарым-ай,
Жекжат болып аулыма кеп жатқаның-ай!
«Бала бақытын қыздан іздейді,
Қыз бақытын түзден іздейді» жеген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден - өтті, сіздерге – жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік – Сіздерде, құдалар! Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі . (аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті.
Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!
«Жолаушы мұраты - жету, қыз мұраты – кету» екенін ұғынғанымызбен, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қызын өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен. Дегенмен, теңін тауып, көңіл жарастырып, біздің, яғни ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.
Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін, көп балалы ана болып өркенін жайсын!
Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын!
Құда-жекжаттарымызға айтарым, бір-бірімізге деген жылы ықыласымыз суымай,сыйластығымыз жоғалмай екі жастың қызығына кенелейік. Той сіздерге де құтты болсын! Екі жас бақытты, өмірлері ұзақ болсын!
Жаныңда жан - жарың, айналаңда етжақын туған - туыс, дос - жаран, бауырларың, артыңда қылықты қыз бен айбатты ұл, алдыңда жарқыраған күн тұрсын. Осылайша, төрт құбылаң түгел боп, еліңе сыйлы келін, салиқалы ене боп, ел анасына айналғайсың. Қосағыңмен қоса ағар. Үбірлі - шүбірлі боп, өркенің жайылсын! Еріңнің қияға ұшуға қамданған қанатына қарқын беріп, көкжиекті қамтыған ой - өрісіне серпін беріп, көктегі ісін ептейтін, қатесі болса екшейтін, тарылған жолын кең қылып, кетігі болса септейтін сұңғыла жары болғайсың. Пейіліңді кең ұста, иманың мен ақылдың екеуін де тең ұста. Үйіңнің берекесі, еліңнің мерекесі бол. Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі – тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі бар, қолында қонақ келгенде нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде тілінде тоқтауы бар. Тіліне еге болады деген сөз ғой. Сондықтан тілек — екі пышағы бар емес, үш белгісі бар жақсы келіншек бол, айналайын! Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,
Пенденің жетсем деген талабы көп.
Қадамың құтты болсын, құда - жекжат,
Отырмын мен де,
Сен де балалы боп.
Үмітпен ұл да өсірдік,
Қыз да өсірдік,
Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.
Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,
Жайласын жас отаудың іргесін құт.
Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,
Қуаныш ортақ сізге,
Көңіл көтер!
Құдалар бір - бірімен тату болса,
Екі жас мұратына сонда жетер.
Болғанмен ұл менікі,
Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Жатырмыз төсті төске түйістіріп,
Сыйластық –
Құдалықтың бір белгісі.
Бала - ортақ,
Жатсын, құда құрметтеп,
Құдалық - сын,
Ол да өзінше бір мектеп.
Қарсы аламын төбеге тік көтеріп,
Құда - жекжат жатса егерде іздеп кеп.
Екі бала бәрімізді сыйлы етсін,
Күйеу демен,
өз ұлым деп жүрмекпін.
Қызыңдай көр,
Құдаға айтар қолма қол,
Ал, құдағи білмей жатса үйреткін.
Құлаққағыс,
Айттым - құда назын жай,
Күй кернесін Құрманғазы сазындай.
Екі бала ортақ бізге, сондықтан,
Мың жылдыққа
Жүрсін құшақ жазылмай!
Ұзатылған қызға бата
Құлыным-ау құлыным,
Халқыңа қалаулы бол.
Еліңе елеулі бол.
Таудай талап бергенше.
Бармақтай бақ берсін.
Ата-анаң дегізбе,
Ата-анаңа мейірбан бол.
Алдыңа ай тусын.
Артыңнан күн тусын!
Үлкендердің алдынан
Кесе-көлденең өтпе.
Ата атандырма,
Сүйек сындырма, қалқам!
Әумин.
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол,
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайыныңа қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Әумин.
Құлыным-ау, құлыным,
Халқыңа қалаулы бол.
Еліңе елеулі бол.
Таудай талап бергенше.
Бармақтай бақ берсін.
Ата-анаң дегізбе,
Ата-анаңа мейірбан бол.
Алдыңнан мейірбан бол.
Алдыңнан ай тусын.
Артыңнан күн тусын!
Үлкендердің алдынан
Кесе-көлденең өтпе.
Ата атандырма,
Сүйек сындырма, қалқам!
Әумин.
Қыз ұзатуға арналған құттықтау тілектер
Қыз – тіршіліктің тірегі.
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан - ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата - ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.
Ердің бағы - жарынан. Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді, жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес, ел азаматы қылу сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен аяқ басқайсың.
Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,
Жан дүниең қалай ғана сыздамасын.
Құдалар алақанға салып бердік,
Жүректің жұлып алып бір парасын.
Бір баламыз бүгінде екеу болды,
Жас - жұбайлар одағы бекем болсын.
Көңіл де, көзде тояр күйеу бала,
Болма тек үш жұртыңа сүйеу ғана,
Жарыңның жұлдызы бол бақыты бол.
Мұндай қыз бұл дүниеде біреу ғана!
Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!
«Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!
Құрметті құда-құдағи! Сөзімнің бірінші бөлігін сіздерге арнағым келеді! Біздің еккен дәніміз пісті. Үйімді жарық еткен нұрым, жүрегімді тербеген жырым, ана жұмыртқасын жарып, ақ құсқа айналып, көрші бәйтерекке ұя салмаққа ұшып барады. Әлемде әке үшін өзінің қызынан асқан сұлу қыз жоқ. Ендігі кемдігін өзің толтыр, құрметті құд-құдағиым! Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, күнге күйдірмей, суыққа тоңдырмай бой жеткіздім, өсірдім. Ендігі жерде Еңлікгүлімнің сүйегі – менікі, еті – сіздікі. Менен — өтті, Сізге- жетті. Қыз бала — өзге елдің аманаты. Өзге ел – Сіз үшін асырап-жеткерген көзімнің нұры, бауыр еті баламның ендігі жердегі тағдырын сізге аманаттаймын, құрметті құда-құдағи! Бұдан былайғы жерде обалды мен сауабы да, қызығы мен рахаты да Сіздің босағаңызда, құрметті құда-құдағи! Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! «Қыз бала – қонақ» деген осы. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені өз қалауыңмен теңіңді тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам екеуіңе бар айтар тілегім: қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым: сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды — бұлт, бауырларыңды мұз шалмасын! (ана тілегі)
Шаңырақтың шырағысың, шаттығы,
Текті жердің тұяғысың, ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке-шешең арнап отыр жыр-ағын,
Кәусар, таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,
Бақытты бол, бақытты бол, шырағым!
Тілеуің тілеп тұрды аппақ,
Қимайды іштей ата – ана.
Қыз едің өскен бұлғақтап.
Аттайсың бөгде босаға.
Әлпештеп басқан бауырға,
Кем көрмей ұлдан шалқытып.
Ата – ана қалып ауылда,
Асықтың тұр деп жар күтіп.
Анаңның жолын жалғадың,
Жат жұртқа кетіп барасың.
Сүюдің татып бал дәмін,
Жарыңмен тапқын жарасым.
Бақыт бол барған жеріңе,
Жүзіңе кірбің жуымай.
Береке қонсын төріңе,
Демесін "жаман қылығы-ай".
Қылығың түзде – ержеттің,
Ие бол ақыл – тізгінге.
Гүлі бол барған әулеттің,
Тастай бат, судай сіңген де.
Тіршілік деген майдан бұл,
Өмірдің әлі сыны алда.
Жарыңмен бірге жайнағын
Ұқсағын асқақ шынарға!
Көкірегі сырға толы күй - дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген,
Өзі өскен ортасына сыймастан
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.
Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.
Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз – өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз – өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі. Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады. Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі ……(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті. Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Ердің бағы – жарынан.
Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді, жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес, ел азаматы қылу – сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен аяқ басқайсың.
Үйлену тойға арналған құттықтау тілектер
Бұл мақалада үйлену тойына және қыз ұзатуға арнлаған тілектер, өлеңдер, тосттар, бата, құттықтау сөздері, жырлар және жастарға, құрбыларға, той иелеріне, қарындаспен, інішекке, аға мен әпкеге ақ тілектер жинақтағанбыз:
Үйлену тойға арналған өлең-тілектер:
Екі бұлақ бір арнаға тоғысты.
Екі жүрек ұғынысты, табысты.
Тілейікші аппақ арман-ағысты.
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп.
Кел, достарым, жақсы тілек етелік!
Үйленгендер – алтын сарай салғандар.
Балалығы естелікке қалғандар!
Қалады енді балалық шақ ертек боп.
Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!
Екі жұбай – қатар тұрған періште.
Бірге ұшсын бақ-болашақ – өрісте!
Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймыз!
Шын жүректен махаббатты мәңгіге сақтауларыңызды тілейміз!
Бүгінгі күн - сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. "Үйлену оңай, үй болу қиын",-
дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін.
Сіздерге тілейтініміз - бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын!
Жас-жұбайлар бүгінгі заңды некелерің құтты болсын! Араларыңда түсінушілік пен сыйластық орын алсын! Әрқашан қуанышты да, қайғыда да бірге болыңдар, бірақ та, қуанышты сәттерің 100 есе артық болсын! Алла сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір етсін! Махаббат айдынындағы сапарларың сәті, бақыттарың баянды болсын! Шаңырақтарыңның керегесі кең, тересезі тең, босағаларыңыз берік, еңсесі \"Келісім сарайындай\"биік болсын!
Бәрінінде жайнап тур бүгін көнілі,
Жастыққа толы болсын екі жастын өмірі.
Бүгінгі тойлдарын құтты болсын!
Бір жастықтан алыстамасын бастарыныз,
Және де ұзақ болсын жастарыныз.
Болашақтын есігін бірге ашып,
Ешқашан жазылмасын жұптарыңыз!
Екi жас қадамдарың құтты болсын,
Құт болып құшактарың гүлге толсын.
Ата-ана көпшiлiктiң тiлеулерi қабыл болып,
Бастарыңа бақыт құсы келіп қонсын!
Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,
Екі жүрек уғынысты, табысты.
Тілейікші аппақ арман-ағысты,
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп,
Кел, достарым, жақсы тілек етелік!
Үйленгендер - алтын сарай салғандар,
Балалығы естелікке қалғандар!
Қалады енді балалық шақ ертек боп
Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!
Екі жұбай - қатар тұрған періште,
Бірге ұшсын бақ-болашақ - өрісте!
«Үйлену оңай, үй болу ќиын» деген бар,
Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.
Ќос өзен сынды ќос тағдыр бүгін ќосылса,
Жарасым тауып жасалсын ізгі ќадамдар.
Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,
Шамшырақ сынды жетелей берсін тәтті үміт.
Беу, қарақтарым, алтын тойды да тойлаңдар,
Отауларыңнан қуаныш кетпей, бақ күліп.
Көңілде көктем, махаббат гүлі, нұр гүлі,
Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры.
Өрісі кеңіп, бабадан қалған әулеттің
Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры.
Адами ғұмыр болары айқын бір нүкте,
Жақсылық келер, ынтымақ бар да, бірлікте.
Бас қосқан жастар сендерге үлкен тілегім –
Біріңе-бірің сүйеніш болың тірлікте.
Көтеріп қайным бүгін нардың жүгін,
Өзінің тапқан екен жар-жұлдызын.
Гүл болып жайнай берсін әр көктемің,
Жеміске толы болсын әрбір күзің.
Шуағын, Төге берсін, Тәңір нұрын.
Жарыңа сен де сыйла жанның нұрын.
Үйіңе үбір-шүбір, Ұл-қыз толып,
Басыңа бақ сыйласын қалыңдығың!
Табыстырып махаббат-алау, жалын,
Орындапты екі жас пәк арманын.
Біріңді-бірің сүйіп, отау құрдың,
Құтты болсын алғашқы қадамдарың.
Әлі алда сынар күн,
Көрініңдер қасынан жақсылардың.
Ақ батамды беремін қос батама,
Бір құдай мен құдама тапсырамын.
Сарқылмасын сыйластық, сіз-бізіміз,
Қуанышсыз өтпесін бір күніміз.
Ұяда ұл-қыз өрбіп өнегелі,
Жарқырай берсін бақыт-жұлдызымыз.
Жүрмейді ешқашанда жүрекке әмір,
Мәңгілік екі жасты бір ет, тәңір!
Түтіні түзу өрлеп жас отаудың,
Болсыншы біздер айтқан тілек
Бүгінгі күн - Сіздердің күндеріңіз! Жұбайлық өмірдің рауандап атқан әрбір таңы Сіздерді бақыт болашағының таңғажайып төріне жетелейді. Сіздердің ендігі сәтте өздеріңізді жастық өмірлеріңіздің нағыз бақытты Ханшайымы мен Ханзадасы сезінулеріңізге толық құқыларыңыз бар. Өздеріңіз арман еткен бақыт күндеріңізде Сіздердің ата-аналарыңыз бен туған-туыстарыңызды сол тамаша күндеріңіздің куәсі болуға
Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!
Қыз ұзатуға арналған өлең-тілектер:
Қыз – тіршіліктің тірегі.
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан - ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата - ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.
Ердің бағы - жарынан. Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді, жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес, ел азаматы қылу сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен аяқ басқайсың.
Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,
Жан дүниең қалай ғана сыздамасын.
Құдалар алақанға салып бердік,
Жүректің жұлып алып бір парасын.
Бір баламыз бүгінде екеу болды,
Жас - жұбайлар одағы бекем болсын.
Көңіл де, көзде тояр күйеу бала,
Болма тек үш жұртыңа сүйеу ғана,
Жарыңның жұлдызы бол бақыты бол.
Мұндай қыз бұл дүниеде біреу ғана!
Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей
«Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!
Құрметті құда-құдағи! Сөзімнің бірінші бөлігін сіздерге арнағым келеді! Біздің еккен дәніміз пісті. Үйімді жарық еткен нұрым, жүрегімді тербеген жырым, ана жұмыртқасын жарып, ақ құсқа айналып, көрші бәйтерекке ұя салмаққа ұшып барады. Әлемде әке үшін өзінің қызынан асқан сұлу қыз жоқ. Ендігі кемдігін өзің толтыр, құрметті құд-құдағиым! Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, күнге күйдірмей, суыққа тоңдырмай бой жеткіздім, өсірдім. Ендігі жерде Еңлікгүлімнің сүйегі – менікі, еті – сіздікі. Менен — өтті, Сізге- жетті. Қыз бала — өзге елдің аманаты. Өзге ел – Сіз үшін асырап-жеткерген көзімнің нұры, бауыр еті баламның ендігі жердегі тағдырын сізге аманаттаймын, құрметті құда-құдағи! Бұдан былайғы жерде обалды мен сауабы да, қызығы мен рахаты да Сіздің босағаңызда, құрметті құда-құдағи! Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! «Қыз бала – қонақ» деген осы. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені өз қалауыңмен теңіңді тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам екеуіңе бар айтар тілегім: қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым: сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды — бұлт, бауырларыңды мұз шалмасын! (ана тілегі)
Шаңырақтың шырағысың, шаттығы,
Текті жердің тұяғысың, ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке-шешең арнап отыр жыр-ағын,
Кәусар, таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,
Бақытты бол, бақытты бол, шырағым!
Тілеуің тілеп тұрды аппақ,
Қимайды іштей ата – ана.
Қыз едің өскен бұлғақтап.
Аттайсың бөгде босаға.
Әлпештеп басқан бауырға,
Кем көрмей ұлдан шалқытып.
Ата – ана қалып ауылда,
Асықтың тұр деп жар күтіп.
Анаңның жолын жалғадың,
Жат жұртқа кетіп барасың.
Сүюдің татып бал дәмін,
Жарыңмен тапқын жарасым.
Бақыт бол барған жеріңе,
Жүзіңе кірбің жуымай.
Береке қонсын төріңе,
Демесін "жаман қылығы-ай".
Қылығың түзде – ержеттің,
Ие бол ақыл – тізгінге.
Гүлі бол барған әулеттің,
Тастай бат, судай сіңген де.
Тіршілік деген майдан бұл,
Өмірдің әлі сыны алда.
Жарыңмен бірге жайнағын
Ұқсағын асқақ шынарға!
Көкірегі сырға толы күй - дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген,
Өзі өскен ортасына сыймастан
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.
Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.
Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!
Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз – өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз – өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі. Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады. Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі ……(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті. Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!
Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын! Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын! Үйлену тойларың құтты болсын!
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Ердің бағы – жарынан.
Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді, жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес, ел азаматы қылу – сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен аяқ басқайсың.
Тойға бата
Әуелі құдай оңдасын!
Тойың-тойға ұлассын!
Ризығың мол болсын,
Тойларың құтты болсын,
Ұл-қыз бақытты болсын!
Жұлдызы жоғары болсын,
Риза болсын мейманың,
Орнына келер жинағың,
Көпшіліктен бата алсаң,
Мұратыңа жетерсің,
Жомарттық қылсаң тірлікте,
Қуанышпен өтерсің.
Ықыласқа тойдық біз.
Шақырған соң келдік біз,
Келмек – сүннет,
Қайту – парыз.
Тойыңыз тойға ұлассын,
Келген ізбен қайтамыз,
Әумин, Аллаһу әкбар!
Әумин десең маған,
Берейін бата саған.
Қатарыңның алды бол
Тең құрбыңның туы бол.
Қайырлы болсын тойларың,
Орындалсын ойларың
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің.
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың.
Бола берсін тойларың,
Аман болсын отбасың.
Жүзге жасың жеткенше,
Жағың төмен түскенше,
Болмай өтсін арманың.
Баталы құл арымас,
Көп бата сауап алғанның
Бағы кеміп сарқылмас.
Әумин,Аллаһу әкбар!
Ақылың ассын,
Ықыласың тассын,
Балаң үбірлі болсын,
Қызың шүбірлі болсын,
Жақының көп болсын,
Дұшпаның жоқ болсын,
Жақсы келсін қасыңа,
Нұр жаусын басыңа,
Көшің көлікті болсын,
Қонысың түлікті болсын.
Қатулықтан аулақ бол,
Татулыққа жақын бол.
Дәуренің сәнді болсын,
Ғұмырың мәнді болсын.
Таңың азанды болсын,
Үйің қазанды болсын,
Шаңырағыңа құт құйылсын,
Дастарханыңа жұрт жиылсын,
Әумин.
Бисмиллаһир – рахманир – рахим,
Уа, Жаратқан Ием құдірет,
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет!
Достың көңілін аша көр,
Дұшпанның көңілін баса көр.
Әділдікті бұрғаннан сақта,
Қайырымсыз туғаннан сақта.
Өтпес пышақ, шабан атыңнан сақта.
Кедергі мен кеселден сақта.
Түздегіні түзде сақта,
Жалақтаған жаудан сақта!
Ашынған ұрыдан сақта,
Далақтаған даудан сақта,
Дауылдың кәрінен сақта,
Жыланның зәрінен сақта!
Жаратушы жан Ием,
Айтқанымды қабыл ет,
Әумин Аллаһу әкбар!
Уа, Жаратқан, жарылқа,
Бақ-дәулетін аумас қыл!
Ала ауыздан алас қыл,
Қарғағаннан қалас қыл!
Ниеттері ақ болсын,
Бейнеттері пәк болсын!
Өрендерің ер болсын,
Отырғаның төр болсын,
Көре алмаған бағыңды,
Сындыра алмай сағыңды,
Қара ниет дұшпаның,
Бетін басып жер болсын!
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің келісті болсын.
Еңбегің жемісті болсын!
Жарың жібектей болсын!
Өнерің өрлей берсін,
Өмірің төрлей берсін!
Берекеміз қашпасын,
Белімізді ешкім баспасын,
Адал жан болып астасың,
Арыңды күлдей шашпасын.
Бақыт болса бастасын,
Мейманың сірә, таспасын.
Тірлікте түзу жол тапсаң,
Тәңірім берер басқасын.
Әумин.
Бақ келіп қонып басыңа,
Көңілің көлдей шалқысын.
Пейіліңе тойған қонағың,
Ішпей-жемей балқысын.
Әумин.
Талмайтын талап берсін,
Самғайтын қанат берсін.
Баянды махаббат берсін,
Ұзақ ғұмыр, тұрлаулы бақыт берсін.
Әумин.
Абырой бер, аман сақта,
Оттан, судан сақта.
Тілсіз жаудан сақта.
Күле кіріп,
Күңірене шыққан дұшпаннан сақта.
Құрдасыңа – қуаныш бол,
Сырласыңа – сынық бол,
Жылағанға жұбаныш бол,
Туысыңа тұнық бол.
Татулыққа – тамаша бол,
Ықыласқа – иық бол,
Ана алдында аласа бол,
Ар алдында биік бол.
Әумин.
Атаның наласынан сақтасын,
Баланың шаласынан сақтасын,
Ағайынның аласынан сақтасын
Жамандардың жаласынан сақтасын.
Әумин.
ЖАСТАРҒА БАТА
Иә, Құдайым жарылқа
Жарылқағанның ішінде ет,
Екі аяғын есен ет,
Төрт бұрышын түгел ет,
Пәле-жаладан аман ет.
Сақтағайсың саламат.
Аузы қанды бөріден сақта
Аяғы қанды ұрыдан сақта.
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,
Төрде отырып шіренгеннен сақта.
Байлық пенен бақ беріп,
Құрбысының алды ет.
Көл ет, көп ет,
Көлді мамыр ет.
Не тілегенін әзір ет
Досты Аллаһ бездірме,
Сүйген көңілін үздірме.
Дүние үшін қызығып,
Кейін қалып кездірме.
Тілек тілеп Аллаһтан
Біреуге көзін сүздірме.
Әумин, Аллаһу әкбар!
Қуаныштың тұрағы бол,
Ұлан істің бұлағы бол.
Мерекенің құрағы бол,
Мейірімнің шырағы бол.
Сабырлылықтың сыңары бол,
Пәк үлгінің шынары бол.
Туырлықтың тұмары бол,
Тұлғалы ұлттың құмары бол.
Әумин.
Қыз ұзату тойына бата беру
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.
Ақ тілегің ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.
Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді.
Өмірдің өрлеп шықсын белесіне,
Мұхитқа жетсін жүзіп кемесі де,
Бір үйдің әлпештеген еркесі екен,
Ата менен сыйлы болсын енесіне.
Үлкенді қадірлеуден жалықпасын
Жарқылда жарыңның да тауып бабын.
Қадірлеп айналайын бір-біріңді,
Қырандай қия шыңға шарықтағын.
Тағдыр қосып табылыпты қосағың
Әлі ақталар жабдығыңмен жасауың.
Шаттықталар шаңыраққа айналсын
Керегесін кеңге жайып отауың.
Құтты болсын ақ қадамың
Келін болу жолы ғой қыз баланың
Барған жерде жақсы келін атанып
Қуанышын сыйласын әрбір қадамың.
Айжанымыз ақ босағасынан ұзатылып, Мағжан есімді өзінің өмірлік серігін тапты. Жас жұбайларға қашанда жандарыңа жақсылық серік болсын, өмір өткелінен қол ұстасып бірге өтіңдер деп тілек білдіреміз.
Қонақтан кетпей төрлерің,
Ісіңнің таппай ел кемін.
Тамсан мақтап көп адам
Баса алмай жүрсін шөлдерің.
Қалаулы бол халыққа,
Еңбектен еш жалықпа.
Қосылған сүйіп жарыңмен
Аққудай мәңгі қалықта.
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Алтынымыз мақтанар,
Тілеуші едік басыңа
Болсыншы деп бақ қонар.
Сол сәт бүгін келіп тұр
Ақ тілекті ақталар.
Көлге біткен құрағым,
Өрге біткен шырағым.
Анаң сенің шаттанар,
Табылды деп сыңарың.
Әкең сенің мақтанар
Маздады деп шырағым!
Оң аяқпен аттандың,
Гүл бітсін қонған қияңа
Келіп жүр сүйген жарыңмен
Өзің ұшқан ұяңа!
Ұқсас мақалалар:
» Мерейтой батасы » Күміс той батасы мен алтын той баталары » Баталар жинағы » Балаларға арналған дастархан батасы » Қыз балаға бата » Дастарханға бата беру, ас қайыру » Мал-жанға берілетін бата
Читайте также: