Бата беру ?ыз ?зату тойында
Все проекты
Для бизнеса
Другие проекты
добавлена 19 июля 2020 в 01:51
Класс 2 592
добавлена 14 марта 2019 в 23:11
Класс 1 834
добавлена 20 февраля 2018 в 10:38
НАУРЫЗ - ПРАЗДНИК РОЖДЕНИЯ ВЕСНЫ Навруз-байрам – это старинный праздник, который отмечают жители многих стран Азии и ряда регионов России.. Наурыз - это праздник весны, обновления природы, начала нового года, новой жизни.Наурыз-мейрамы в Казахстане - государственный праздник и официально празднуется три дня - с 21 по 23 марта. Эти дни в республике, согласно законодательству, считаются выходными, нерабочими. До 2010 года в республике Наурыз официально отмечался только один день - 22 марта. В эт
Класс 1 630
добавлена 25 декабря 2017 в 19:45
Жаңа Жылдарыңызбен. С Новым годом. Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Новый год. Новый день! Нов
добавлена 22 декабря 2016 в 08:02
Казахи не делятся на роды, они состоят из родов. История родов — составная часть истории казахов. Ее изучение, знание должно подталкивать не к разделению, а к единению!Потому что изначально род – общественный институт, созданный не для разделения, а наоборот, для объединения казахов! Мы казахи должны знать свою родовую принадлежность, родословную до седьмого колена. Однако обязывать это мы не можем. Человека, который не знает свой род, свою историю трудно назвать полноценным казахом. Потому, ч
Класс 2 597
добавлена 1 мая 2017 в 06:05
добавлена вчера в 23:12
Аналарымыз аман болсын.
164 просмотра
добавлена вчера в 23:11
Видео удалено или не является публично доступным
добавлена вчера в 22:52
добавлена вчера в 15:51
добавлена 25 сентября в 09:22
добавлена 25 сентября в 09:06
8 194 просмотра
добавлена 24 сентября в 14:39
добавлена 24 сентября в 14:33
добавлена 24 сентября в 09:33
добавлена 23 сентября в 14:55
Қасиетті Жұма күні тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын!
Обсуждаемые
Вы отметили максимальное количество друзей (64) на этой фотографии.
В данный момент вы не можете отметить человека на фотографии. Пожалуйста, попробуйте позже.
Фотография недоступна этому человеку
Чтобы отметить человека, наведите на него курсор и нажмите левую кнопку мыши. Чтобы отметиться на фото, наведите на себя курсор и нажмите левую кнопку мыши.
за просмотры фотографий!
В группе 104 228 участников
Бата беру ( благословения) – древнейший и важнейший обычай казахов! Одна из народных пословиц гласит: Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер." Благодаря дождю земля зеленеет, Благословением процветает страна."
Зачастую благословение дается в стихах. Согласно казахским обычаям «бата» должен давать уважаемый аксакал(пожилой человек).Если на мероприятиях отсутствуют аксакалы, то это право предоставляется бабушкам. Если нет ни бабушек, ни дедушек, то благословление должен давать человек, являющийся самым старшим и авторитетным из людей.Это происходит в следующих случаях: рождается ребенок и ему выбирают имя, ребенок начинает ходить, впервые сажают в седло, малыш идет в школу, во время кудалык (сватовство), беташар – церемония открывания лица невесты, во время проведения ас (поминки), в начале тоя (свадьба), когда собирается урожай, перед сражением с врагами, перед дальней дорогой и т. д.
Как дается благословение? Обычно благословляют, слегка раскрыв обе ладони на уровне сердца .Все вокруг, стар и млад, тоже подобным образом держат руки. После того как заканчивается благословение, все проводят ладонями по лицу. Бата может совершаться как стоя, так и сидя, в любое время суток.
Казахские бата-благословения способствуют правильному развитию общества. Эта традиция продолжается и по сей день. В благословениях отражаются черты и сегодняшнего дня.
Казахи всегда придерживались своих обычаев и традиций. И нет сомнения в том, что бата-благословения как средство воспитания подрастающего поколения будут передаваться из поколения в поколение.
Издавна в нашем народе жила непоколебимая вера в благодатную силу слова. Из этой веры родился своеобразный обряд "бата беру" — благословения. Издревле люди верили, что благодаря доброму и искреннему пожеланию честного и праведного человека, можно достичь поставленных целей и желаний. И считали за честь получить благословение у самого уважаемого и почтенного аксакала.
Батаның түрлері:(виды благословения) 1. Нәрестеге бата 2. Асқа бата 3. Ұлға бата 4. Қызға бата 5. Келінге бата 6. Сапар бата 7. Жастарға бата 8. Сүндет той батасы 9. Наурыз батасы 10. Ораза айт батасы 11. Жарапазан батасы 12. Ас қайыру батасы т.б. Жас баланың күлкісін бер, Жас ананың ұйқысын бер. Жомарттың қолын бер, Жорытқанның жолын бер. Қыздың қылығын бер, Судың тұнығын бер, Асаудың арынын бер, Түнгі оттың жарығын бер. Асқар таудың паңдығын бер, Бұлбұл құстың таңғы үнін бер. Даланың жазықтығын бер, Гүлдің нәзіктігін бер. Теңіздің тереңдігін бер, Қыранның көрегендігін бер. Ердің көңілін бер, Бүркіттің жігерін бер. Лашынның жүрегін бер, Нағыз достың тілегін бер. Мәңгі-бақи ажырамас, Шын ғашықтың тілегін бер! Әумин! Үй иесіне берілетін бата Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің. Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекті төгейін. Денсаулығың мықты болсын, Абыройың зор болсын. Қайда барсаң алдыңнан, Жарқыраған жол болсын. Бастарыңа бақ берсін, Не берсе де, нақ берсін. Қырда жүрген Қыдырды Үйлеріңе ап келсін. Қарындарың тоқ болсын, Қайғыларың жоқ болсын. Шүпірлеген үйіңде, Балаларың көп болсын. Әумин! Жас бөбекке беретін бата Көтерейік білекті, Нұрға бөлеп жүректі. Бөбекке бата берейік, Ағынан айтып тілекті. Сәбиіміз сүйкімді болсын, Өнер-білімге икемді болсын, Бәйтеректей бойшаңданып, Өнер, өршіл, өркенді болсын, Жақсы жолды таңдасын, Жамандық тәлім алмасын, Даналардың дәстүрін, Жаңаласын, жалғасын. Шұғылалы шуақ күн кешсін, Басын сұр бұлт шалмасын, Қос топшысы талмасын, Қырандай биік самғасын. Ары адал, жаны жаз, Құрбысынан қалмасын! Абай, Жамбыл, Міржақып, Шоқан, Ахмет, Мағжандай Тасқа басқан таңбасын, Мәңгілік артына із қалдырсын! Әумин! Шілдехана тойында берілетін бата Анасының аяулы Жарып шыққан кемерін, Қадам басып өмірге, Жас шыбықтай бүр жарып, Жаңа жайған желігін, Торсық шеке, ақ маңдай, Өсе берсін бөбегің. Өмірі ұзақ болсын деп, Көңілі нұрға толсын деп, Ақ батамды беремін. Азамат боп ер жетсін, Қиын кезде жолдастан Аямайтын көмегін. Тойың тойға ұлассын, Бола берсін дегенің! Аллаһу ақпар! Асқа бата Дастарханыңа береке берсін, Бастарыңа мереке берсін, Астарыңа адалдық берсін, Бастарыңа амандық берсін, Дендеріңе саулық берсін! Әумин! *** Ашып тастап пейілді Дастарханың жайылды. Қасиетті нан ұлық Берекең тұр нақ ұйып. Асыл сөздер шашылды, Бар абырой бақ орнап Ел сыйласын басыңды. Аңыз болып отауың Айта жүрсін асыңды. Сүйген жарың, Бала-шағаң аман боп, Бүтіндесін асылды. Ниетіңе біз тойдық. Рахмет шәйіңа, Риза еткен бір қойлық! Әумин! Ұл балаға бата Жорытқанда, балам, жолың болсын, Қалтаң байлыққа толсын, Бір толмасын, жылда толсын, Өмір жасың ұзақ болсын! Қатарыңнан озған өрен бол, Қыз көзіндей терең бол, Сынай қалса – құлақ сал, Мақтай қалса – керең бол! Әумин! *** Азамат болып ер жетсін, Ақсақал болып төрлетсін, Азамат болып көрікті, Ғұмыры болсын берікті. Азамат болсын ардақты, Мінезі болсын салмақты, Өнері болсын жан-жақты, Осы айтқанның бәрі Қабыл болып, Алла берсін зор бақты! Әумин! Қыз балаға бата Талдай бой берсін, Сұңғыла ой берсін, Жаздай жамал берсін, Қардай жанар берсін! Анаға шуақ болсын, Ағаға қуат болсын, Нәзік жаны болсын, Елінің ары болсын, Басына өнердің бағы қонсын, Ақ орданың шамы болсын! Жастарға бата Қуаныш қайырлы болсын, Жастар абыройлы болсын. Уайымдары жоқ болсын, Көңілдері тоқ болсын, Адал еңбек арқасында Табыстары мол болсын. Алақандары ашық болсын, Өмірге машық болсын! Күйбең қалып кейін қалмай, Жаңалыққа ғашық болсын. Ұрпақтары ер болсын, Кемеңгерлермен тең болсын. Оларды көре алмағандардың, Бедел-берекеті кем болсын. Әумин! Той жасаған үй иесіне берілетін бата Құрметті той иесі, Ісіңді тағдыр оңдасын, Қайда жүрсең қолтықтап, Қыдыр бабаң қолдасын! Жамбылға ұқсап көп жаса, Денеңде дерт болмасын, Тойың тойға ұласып, Жан-жүрегің толғансын, Күннен-күнге көбейсін, Дос-жараның, жолдасың. Бақытың тассын әманда, Бергенін тәңірі алмасын! Өміріңді ұзартып, Балаң менен немерең, Шөберең мен шөпшегің, Туажаттар жалғассын! Келінге бата Отша лаула, сөнбегін, Еш жамандық көрмегін. Қосағыңмен қоса ағар, Құтты болсын қадамың, Келін болдың, қарағым. Салтын ұста, ардақта, Үлкен ата-бабаңның. Ошақтан от кетпесін, Үйіңнен көп кетпесін, Адал болғын жарыңа, Лаула, оттай, жалында! Әумин! Сапар бата Жолыңды алла қолдасын, Жаманшылық болмасын. Сенімді болсын жолдасың, Жолыңды кескен оңбасын. Сәтті болсын істерің, Жақсы болсын түстерің, Жұмсақ болсын ішкенің. Көрмеген жерді көріп қайт, Ырзығыңды теріп қайт. Айдарыңнан жел есіп, Желіп барып, желіп қайт. Әумин! Наурыз батасы Наурыз келіп қар кетті, Ақ қар, көк мұз жұтатқан Шаруа елінен зар кетті. Наурыз келіп жаз кірді, Жаз періште «Әз» кірді Күнеске тосып арқасын, Жан біткенге наз кірді. Арық-тұрақ төрт түлік, Көк жеп жапа-тармағай Қабырға жаппай қалмағай. Көтеремнің төрт бұты, Ербегей де сербегей Енді шығын бермегей. Бізге келген бәлекет – Қармен бірге қаңғырып, Таудан ары өрлегей, Мұсылман бетін көрмегей. Жарапазан батасы Қонақтасын берекет, Қаша берсін пәлекет. Қиын дейді қиямет, Жақын дейді ақырет. Ақыретке барғанда, Қыл көпірден аман өт! Міне, бата, ақ ниет, Бола берсін берекет. Қиын дейді қиямет, Жақын дейді ақырет, Құлшылық қыл Аллаға, Қыл көпірден таймай өт. Кірсін дәулет, Шықсын бейнет. Алла атымен бейнет ет. Жоқ-жітікке рақым ет. Тәңір сені қолдасын, Уайым-қайғы болмасын. Қабыл болсын оразаң, Әулетіңді оңдасын! Бата – өлеңдер 1. Кемеңгердің алғыр ойын берсін, Екі дүниенің абыройын берсін! 2. Талаптымен тау астырсын, Талантымен таластырсын. Жамандықтан адастырсын, Жақсылықпен жанастырсын! 3. Білімің молая берсін, Еңбегің зорая берсін. 4. Мақсаттарың айқын болсын, Өмірлерің жарқын болсын. Еңбектерің көшелі болсын! 5. Білімің тереңдесін, бауырым! Өнерің кемелденсін, бауырым! Жұлдызың жайнасыншы, бауырым! Табаның таймасыншы, бауырым! Дос-жарың безінбесін, бауырым! Қысылса сені іздесін, бауырым! Баталар Көш көлікті болсын, Дос серікті болсын, Жан ерікті болсын, Жар көрікті болсын, Жер құнарлы болсын, Жас елеулі болсын, Қыз шырайлы болсын, Тау өрісті болсын, Бау жемісті болсын, Жыл табысты болсын! Жас талапкерге бата «Сырым батыр жас кезінде батасын алайын…деп Бөкен биге барыпты». Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Қаракерей Соқыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті: Белбеуің белдеуіңде байлаулы болсын, Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын. Есігің ашық болсын: Қабағың жазық болсын. Сонда ағайының кетпес қасыңнан. Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер, Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бата Айналайын аттасым Талантың судай қаптасын, Дініңе сенсең, Мұхамбет демесін. Тіліңе сенсең, Жиренше шешен демесін. Атағың Абайдай болсын, Абыройың Абылайдай болсын, Жүректі болсаң, Қабанбай жебесін, Білекті болсаң, Бөгенбай жебесін. Наурызбайдай батыр бол, Бауыржандай батыл бол, Әділдікте Наршаруан қол берсін, Хакімдікте Лұқпан өзі дем берсін. Жалғыз болсаң, Алланы есіңе ал, Жарлы болсаң, пайғамбарды есіңе ал. Қалың елің халқыңды ұмытпа, Ата жолы –салтыңды ұмытпа. Аспанда Ғайса,Жерде Мәди Қырда Қыдыр Суда Сүлеймен қолдасын! Еш жамандық болмасын. Азамат бол, арлы бол, Қастарыңның алды бол, Біліміңмен әділ бол! Дос-жараның сүйсінсін, Дұшпаның іштей күйінсін, Басыңа бақыт құйылсын! Дуалы ауыздың батасына жолық! Әумин! Баталар қабыл болсын! Әумин деп қойыңыздар!
Тойда бата беру, үйлену той батасы
Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін,
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын.
Шаңырақтарың биік болсын.
Несібе-ырыс иіп келсін.
Дастархандарың кең болсын.
Қызық-қуаныш тең болсын.
Үй-іштерің мерекелі болсын,
Өмірлерің берекелі болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Махаббаттарың пәк болсын.
Жас жұбайларға арналған тойда айтылатын бата
Шаңырақтарың биік болсын,
Босағаларың берік болсын.
Бау-бақшаларың өрік болсын.
Басыңда дәйім,
Құлпырған құндыз бөрік болсын.
Ақ жүзіңде жарыңның,
Ақ кимешек көрік болсын.
Құдай қаласа,
Көп ұзамай жерік болсын.
Торсық шекелі ұл тауып,
Ол өзіңе серік болсын.
Үйлену тойда бата беру
Қос аққудай көлдегі,
Қызғалдақтай белдегі,
Жас жұбайлар екенсің,
Бата берем кел бері.
Дәулетті, малды болыңдар,
Жұқармас жалды болыңдар,
Ел-жұртың мақтан тұтатын,
Жастардың алды болыңдар.
Тұтатқан шырақтарыңды,
Басталған мұраттарыңды,
Бір Алла қолдап әрдайым,
Жайқалтсын құрақтарыңды.
Отауларың орда болсын,
Аттарың жорға болсын.
Қымызың қымызық татып,
Местерің қорда болсын.
Жас келіннің батасы,
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласын,
Анасы мен атасы,
Балалар, көтер қолыңды,
Қайырлы құтты жолыңды,
Ием берсін мал мен бас,
Толтырсын ол мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл болып келінжан,
Сыйла енең мен атаңды.
Кекшіл болма, қарағым,
Кешірер әркім қатаңды.
Бола берсін ойын-той,
Қызықтап тойлау – құрмет қой.
Ақыл, естен айрылмай,
Жастарым, еске алып қой,
Қайырлы болсын тойыңыз,
Құдалар кеуде соқтырып,
Құйрық, бауырға тойыңыз.
Сүндет тойға арналған тілек
Сүндетке отырғызу қазақ отбасынан шыққан әр ұл бала үшін есеюдің ең алғашқы сынағы десе де болады. Ер балаларды үш, бес, жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызу дәстүрге айналған. Сүндетке отырғызғаннан кейін мал сойып, алыс-жақын ағайынды тойға шақырады. Тойға келген қонақтар "сүндетің қабыл болсын!" деп баланың жастығының астына ақша салатын болған. Sputnik Қазақстан дерекқоры сүндет тойға арналған тілекті назарларыңызға ұсынады.
Сүндет тойға бата
Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап,
Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап.
Қырық парыздың біреуі осы дейді,
Исламда атқарар міндетке арнап.
Айың жарық, күндерің ашық болсын,
Пәлі-құла Қырық кез қашық болсын.
Жүрегіне Алладан нұр құйылып,
Өміріне жететін несіп болсын.
Бұл сүндет Әлми сақтан порым болған,
Бұл Жұмай ақ тілеуімен орындалған.
Ғайып Ерен, Қырық Шілтен қорғап жүрсін,
Азамат бол Қыдыр ата қолыңды алған.
Сөз бастар ақын болсын,
Қол бастар батыр болсын.
Ел бастар көсем болсын,
Ауыз дуалы шешен болсын
Еліне қорған болсын,
Дауылдан сақтасын, орман болсын.
Ағайынның ақ тілегі
Сүндет той құтты болсын! Ұлымыз бүгін ашамайлы атқа, мұсылмандық таққа мінді. Еліне, халқына адал қызмет ететін, ата-анасына қайырлы, ел-жұртына сыйлы, абыройлы, абзал азамат болсын деп тілейміз. Осы отырған баршаңызға той жұғысты болсын!
Өз құрбыңның алды бол, қора толы малды бол! Жауыңа дес бермейтін, арыстандай жалды бол! Өсе берсін өркенің, шарлай бергін жер шегін. Жаспен бірге бақ берсін, тәңір иіп нақ берсін! Қайырыңды ел көріп, жомарт деген ат берсін! Сен таңдаған келінім үйге ырыс ап келсін!
Пайғамбарымыздың хадисінде мұсылман үшін ең ұлы той – сүндет тойы деген екен. Мұның мәнісі, сірә, балғын жас бала ата-баба жолына түсті, мұсылмандық рухын сақтайды, дәстүрге адал болады деген ниетте жатса керек. Сондықтан бүгінгі ұлы тойларыңыз құтты болсын. Баламыз білімді, жеті жұрттың қамын ойлаған азамат болып өссін! Атаның ұлы емес, адамның ұлы болсын!
Бата беру дәстүрі қайдан шықты және оны кімдер береді?
АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны бар салт-дәстүрлерінің бірі — бата беру. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Оны кез келген адам айта бермейді және тойдағы тілектен айтарлықтай өзгешеленеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады.
Бата беру дәстүрі қайдан шықты?
Ал батаның шығуына қатысты фольклоршылардың пікірі әртүрлі. Яғни бұл тақырып әлі күнге дейін толық зерттеліп үлгермеген. Бірқатар маман оның араб елінің "фатеке" сөзінен шыққанын айтады. Фатеке дегеніміз — алғыс айту, ақ тілек білдіру.
"Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі" кітабында фатекенің негізінен намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға екені туралы жазылған. Яғни қазақ баталары соның үлгісінде айтылады. Мәтінінің көркем болуы әдетте батаны айтып тұрған ақсақалдың ақыл-ой, парасатымен тікелей байланысты.
Қазақ қоғамында бата көбінесе астан кейін табақты жинап алудың алдында атқарылатын ғұрып ретінде қалыптасқан. Ақсақал бата беріп жатқан кезде шаңырақтағы жастар, кейде, тіпті, жасы үлкендер орындарынан түрегеліп тұрады.
"Бата беруші жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі" деп жазылған кітапта.
Тілекті кез келген адам айта алатыны, ал батаны арнайы батагөй қариялар ғана беретіні көп жағдайда ескеріле бермейді. Бата көпшілік немесе белгілі бір адам үшін Жаратқаннан жалбарынып сұрау сипатында айтылады. Оны айтып жатқан кезде дастарханда міндетті түрде ас тұрады. Мұнымен қатар, батаның айтылатын жері мен өзіндік мазмұны, бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері болады. Ол адамды әдепті де арлы, дәулетті де бақуатты, білімді де батыр болуға баулиды.
Бата түрлері
Бата қай кезде және кімге қарата айтылып тұрғанына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар — жарапазан батасы, серттесу батасы, жол батасы, жаңа ай батасы, теріс бата, соғым батасы, көші-қон батасы, жас отау иелеріне арналған бата және өлім шыққан үйде айтылатын бата және т.б.-лар.
Бүгінде ұлттық нақыштағы ойыншықтар шығарып, дәстүрлі өнердің жалғасын табуына өзіндік үлесін қосып жүрген Қыдырәлі Болманов батаның діни түрі болатынын айтады. Оның өзге баталардан құрылысы да өзгеше.
Сондай-ақ, батаны кім көрінген адам бере бермейді. Бата беру үшін өзің абыройлы, салиқалы да парасатты өмір сүруің керек.
Тек ер адамдар емес әжелеріміз де бата беретін. Тіпті, эпостарымызда "ана батасы" деген тіркестер кездеседі.
Бата — біздің дәстүріміздегі үлкен ұғымдардың бірі. Ол халық үшін өте қажет және оны дұға деп те түсінуге болады. Қазір діни баталар көп айтылады. Батаның бұл түрінде "Жамбылдың жасын берсін, Абайдың басын берсін" деген сөздер айтылмайды. Алланың атымен басталып, ислам жүйесімен өрнектеледі", — деді продюсер.
Мұнымен қатар, ол ақсақалдардың текті жердің баласына бата беруге өздері сұранатынын айтып өтті. Бір кездері мұндай жағдай өзінің де басында болған екен.
Ол кезде балалардың құлақты қалай жақсы көргенін өздеріңіз білесіздер. Ақсақалдардың жанына тұра қалсақ, осы қойдың құлағын маған беретін. Сондай-ақ, әкеме келіп бата алуға асығатындар көп еді", — деді Қыдырәлі Болманов.
"Бата мен тілектің екі бөлек болатыны сөзсіз. Бірақ ол екеуі де оң дүниелер. Ешкімге зияны жоқ, тек жақсылықтың нышаны. Мен басқарып жүрген тойларда шама келгенше әулеттің үлкендері бата беріп жатады. Осылай болғаны да дұрыс деп ойлаймын. Біз қазақ үлкеннің алдын ешуақытта кесіп өтпегенбіз. "Кесіп өтсең, мұратыңа жетпегенсің" деген сөз де бар. Жалпы қазақ қоғамында батасыз өтетін той жоқ", — деді асаба.
Теріс бата. Халқымыз әрдайым жұрттың қарғысына ілігіп, теріс бата алудан сақтанған. Теріс батаны қарғыс пен жазаның ең ауыр түрі деп қарастыруға болады. Мұндай бата көп жағдайда ата-тегін көпшілік алдында ұятқа қалдырғандарға беріледі. Ғалымдардың айтуынша, қазақ қоғамында батаның бұл түрі сирек айтылған. Бұдан өзге теріс батаны алғаннан кейін оны қайтару үшін жалбарыну рәсімдері жасалатын болған.
Теріс батаға мысал ретінде "Қыз Жібек пен Төлеген" жырын қарастыруға болады. Аталған жырда Төлегеннің теріс бата алған жері сипатталған. Осыдан кейін оның ісі оңға баспай, ақырында жарық дүниемен қош айтысты. Яғни халқымыз теріс батаның әсері күшті деп есептеген.
Серттесу батасы. Батаның бұл түрін ел арасындағы маңызды үлкен шараларда, белгілі бір жағдайға байланысты уәде мен серт берген кезде және құдалық барысында беретін болған. Оның өзге түрлерінен басты ерекшелігі — әруақ, ақсақал, хан және билер алдында беріліп, соңында қол алысатындығында. Халқымыз сертті бұзуды қарғысқа ұшыраумен теңестірген.
Бұл бата түріне этнограф-жазушы Сейіт Кенжеахметұлы бір мысал келтірген-ді. "Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: "Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын", — деп, қол жайып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ", — деп баяндады оқиғаны этнограф.
Құдай сені қор қылсын,
Дұшпаныңды зор қылсын!
Жетейін дегенде жер қылсын,
Еңбегіңді сор қылсын,
Басқан жеріңді шөл қылсын,
Көз жасыңды көл қылсын!
Қайғың қалың шемен болсын,
Шыға алмайтын терең болсын!
Аузыңа жылы су тимейтін,
Күнің иттен төмен болсын!
Өмірден мəңгі қор болып өт,
Ел бетіне қарай алмай, жер болып өт.
Еш жақсылық, қызық көрмей,
"Не болдым" деп зарланып өт!
Басыңнан пəле арылмасын,
Өлсең бетің жабылмасын!
Ас батасы. Бұл бата дастархан жайылып ауызға асты алмас бұрын және тамақтанып болғаннан кейін беріледі. Халқымыз әр кез тамақ ішкен сайын "Асқа адалдық, денге саулық" деп тілек тілеп отыруды өздерінің адамдық парызы деп білген.
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Қыдыр келсін қасыңа!
Сенен байлық өтпесін,
Тәңірі берген берекең
Желіңнің екі шетіне,
Тай шаптырса жетпесін!
Наурыз батасы. Халық мерекеде қыдырып, үйді-үйге барып көже ішіп жүргенде берілетін бата түрі. Аты айтып тұрғанда көбінесе Наурыз мерекесі кезінде беріледі. Әдетте бұл батаның мәтінінде "Жасыңыз ұзақ болсын! Көктем көңілді, ұрпақтар өмірлі болсын! Ұлыс береке берсін, пәле жала жерге енсін" сынды тармақтар болады.
Әумин! — бата берейін,
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Араздыққа жол беріп,
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!
Сапар батасы. Қазақ елі ұл-қызы алыс сапарға немесе өмірін бәске тігіп жорыққа аттанарда халықты жинап, ішінен ең сыйлы деген азаматтан бата сұрайтын болған. Осыдан кейін адамның сапары немесе жорығы сәтті болып, елге аман-есен оралады деген наным қалыптасқан.
Жолыңды Алла қолдасын,
Серті мен сөзде тұратын,
Сенімді болсын жолдасың.
Жолыңды кесем дегендер
Сәтті болып істерің,
Жақсы болсын түстерің,
Жортып бір жортып жеткенде,
Жомарт болып төсегің.
Жұғымды болсын ішкенің
Көрмеген жерді көріп қайт,
Қайырылып сәлем беріп қайт.
Ырзығың сыртта шашылса,
Оны да түгел теріп қайт.
Айдарыңнан жел есіп,
Желіп барып, желіп қайт.
Бақ қосылып басыңа,
Дақ түспей ар мен бағыңа,
Кездесейік тағы да.
Балаларға арналған бата. Қазақ халқында сәби жаңадан дүние есігін ашқан сәтте ұзақ жасап келе жатқан қариялардан бата сұрайтын болған. Сондай-ақ, ата-аналар ұлдары ат жалын тартып мініп, қыздары іс тігуге жарап қалғанда өздері ұнатқан адамдардан бата сұрайтын болған.
Өмір-жасы ұзақ болсын,
Маңайы аққан бұлақ болсын,
Əр күні қызық, шуақ болсын,
Жер-ана жайлы тұрақ болсын,
Жомарттың қолын берсін,
Жортқыштың жолын берсін,
Қыздың қылығын берсін,
Судың тұнығын берсін,
Даланың кеңдігін берсін,
Батырдың ерлігін берсін,
Ақынның өрлігін берсін,
Той батасы. Бұл бата түрі екі түрлі жағдайда айтылады. Біріншісі — той иелеріне бата беру мақсатында, екіншісі осы тойға арналған малды соятын кезде.
Той тойға ұлассын,
Тойдан кенде қылмасын!
Өлең-жыр боп күндіз-түн,
Құтты болып қуаныш,
Еш жамандық болмасын!
Қызыр дарып, бақ қонып,
Құдай өзі қолдасын!
Болсын тойың торқалы,
Қарық болсын кəрі-жас,
Өлең айтып, əн салып!
Көрген досың сүйінсін,
Көре алмаған күйінсін!
Игі жақсы жиылсын!
Қарияларға берілетін бата. Қазақта бата жастарға ғана емес, бата айтушылардың өздеріне де беріледі. Ақ сақалды аталар мен ақ самайлы әжелер өздері ұнатқан данагөй жандарды шақыртып алып бата сұрап алатын болған.
Уа, қария, күйлі болыңыздар,
Ел-жұрттарыңызға сыйлы болыңыздар!
Немере, шөбере, шөпшек көріп,
Тоқсан отау үйлі болыңыздар!
Түндеріңіз тыныш болсын,
Үйлеріңізге ырыс толсын!
Ұлдарыңыз десті болсын,
Келіндеріңіз есті болсын!
Орындарыңыз төр болсын,
Мəртебелеріңіз зор болсын,
Ел-жұрттарыңыз тоқ болсын,
Қатарларыңыз көп болсын,
Қам-қайғыларыңыз жоқ болсын!
Қыздар мен келіндерге берілетін бата. Өсіп келе жатқан қыздың ақылына көркі сай, білімді де ісшең болсын деп қарттардан ықылас баталарын сұрайтын болған. Бұдан өзге ата-енелер келіндерін қыздай еркелетіп, оларға дастарханнан ас немесе табақтың түбін, кейде тіпті ішіп отырған шайын ұсынатын болған. Мұндайда келін орнынан атып тұрып сәлем берген. Осындайда қариялар келіндерге бата беретін болған.
Қыздарың құлықты болсын,
Ғаламат білікті болсын.
Күндей нұрлы болсын,
Гүлдей түрлі болсын.
Өлмес өнер берсін,
Əн-жыр, өлең берсін.
Теңдессіз дарын берсін.
Ізгіліктің бəрін берсін.
Талдай бой берсін,
Таудай ой берсін.
Жаздай жамал берсін,
Оттай жанар берсін!
Жасың ұзақ болсын,
Күнің шуақ болсын.
Басыңа бақыт қонсын,
Үйіңе жақұт толсын.
Ағалы-жағалы бол.
Өркенің өсе берсін,
Бақытқа қолың жете берсін!
Шенді-шекпенділерге арналған бата. Бұл бата түрі беделді қызметке жаңадан орналасқан азаматтарға беріледі. Мұндай батаны алдағы қызметінде айы оңынан туып, жолы болсын деген ниетпен береді.
Әумин десең есе берсін,
Қызырың кеп жетелесін.
Айларың аман кете берсін,
Күндерің күліп өте берсін.
Бақ-дәулет пен дәрежең,
Одан әрі өсе берсін!
Құлағың сақ болсын,
Ниетің ақ болсын,
Құлқының пәк болсын.
Көңілің шат болсын!
Қара қылды қақ жарып, елді түзу баста!
Жас жұбайларға және күйеу бала мен қарындасқа арналған бата. Өз алдына түтін түтеткен жас жұбайлар отауларына кіріп орналасып алған соң сыйлы қариялар мен ағайын-туысқандарына дастархан жайып, кейін олардан бата сұрайтын болған. Сондай-ақ, үйлі-баранды болып үлгерген ерлі-зайыптылар да өздеріне тілекші болып жүрген ағайын-туыстарын шақырып, олардан ықылас баталарын тыңдайтын болған.
Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін,
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын.
Шаңырақтарың биік болсын.
Несібе-ырыс иіп келсін.
Дастархандарың кең болсын.
Қызық-қуаныш тең болсын.
Үй-іштерің мерекелі болсын,
Өмірлерің берекелі болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Махаббаттарың пәк болсын.
Дастарқандарың берекелі болсын,
Отбасыларың мерекелі болсын.
Өмір-жастарың ұзақ болсын,
Жолдастарың Қызыр болсын!
Қораларыңнан қой кетпесін,
Есіктеріңнен той кетпесін.
Көшкенде көлікті болыңдар,
Өлшеусіз өрісті болыңдар!
Халық сүйер аға болыңдар,
Тоңдырмайтын жаға болыңдар.
Қиын жерде жол табар,
Дарқан ойлы дана болыңдар!
Шаңыраққа бата. Алыстан ат терлетіп келген қонақтар өздері түскен шаңыраққа алғыс ретінде бата-тілектерін айтатын болған. Ел мен жерге берілетін бата да осы іспеттес. Бірақ ол бір шаңыраққа емес, бүкіл елге беріледі.
Жаратқан Иең жар болып,
Не сұрасаң да қайтармасын!
Шаңырақтарың сыйлы болсын,
Отбасыларың дулы болсын.
Қоныстарың нулы болсын,
Өрістерің сулы болсын!
Қорыта айтқанда, қазақ халқы бата арқылы өзінің жан-жүрегінде жатқан ізгі тілектерін жеткізіп, бір адамның немесе халықтың тілеуін тілейтін болған. Сондай-ақ, бата беруші қариялар да халық алдында беделін түсіріп алмауға, бата беруге лайық болуға тырысқан.
БАТА беруде НЕНІ ескермей жүрміз?
Шымкент шаһарында тамаша тойдың куәсі болдым. Тойдан тойып қайттым. Тамаққа тойғанымды айтпаймын. Әдемі әңгімеге, салиқалы сөзге, өнегелі іс-әрекетке, керемет көрініс баурап алды. Мені ғана емес сонда отырған қонақтардың бәрі де тапжылмай отырып тамаданы тыңдады.
Той тізгінін ұстаған асаба жігіттің көргені мен түйгені мол екен. Кеш қонақтарына өзін және музыкалық қызмет көрсететін ансамбльді таныстырды да, көп ұзатпай тойды бастады.
Тойға барғандағы алғашқы көрініс жастарды әндетіп ортаны айналдырады да, төрдегі орынға отырғызады. Сосын әулеттің ақсақалдарын шақырып алып, сөз береді. Міне, осы кезде не тойда, не жиналыста отырғаныңды білмей қаласың. 20-25 минутқа созылған тост соңы шапан жабумен жалғасын табады. Шынымды айтсам тап осы көріністі күтіп отырғанмын. Бірақ күткенім бекер болды.
Тәрбиесі мен тектілігі тұла бойынан көрініп тұрған тамада әулет ақсақалдары отырған төрдегі үстелге өзі барды. Сөйтіп:
«Қазақ халқы қай істі болмасын бісмілләсіз және батасыз бастамаған. Мұны жаратушымыз да хош көреді. Сіздер той тәртібін бұздың деп мені сөге көрмеңіздер. Бірақ атам жастайымнан «Жүрген жеріңде бата ал, шырағым! Бата алған жігіттің қашанда жолы ашық болады. Ісі оңға басады, сапары сәтті болады» деп санама сіңірген болатын. Сонан соң батаны ешқашан орныңнан тұрып беруге болмайды. Батаны төрде отырған ақсақал салиқалы, мәнді, мағыналы сөздерді ұйқастырып, шаңырақ иесіне, осында қол жайып отырғандарға арнайды. Жанындағылар отырған күйі қол жайып соңында «әумин, айтқаныңыз келсін» деп қоштайды. Бала кезімнен көргенім осы еді. Сондықтан да бүгінгі тойда қазыналы қарияларымыздан бата алуға өзім барамын, деді.
Отырғандар ду қол шапалақтап риза болды. Тіпті орындарынан тұрып құрмет көрсеткендер де кездесті.
Әншейінде бірі кіріп, бірі шығып сапырылысқан халықты көрген жоқпын. Бәрімізді де жап-жас асабамыз баурап алды.
Бата алуға микрофонды ұсынған кезде ақсақал сасқалақтап қалды ма, мәні жоқ, мағынасы жоқ бірнәрсе деді. Сонда асаба жігіт:
«Ата-ау, бата бердіңіз бе, тілек айттыңыз ба? Сізден бата сұраған ем» демесі бар ма?
«Бата ма, тілек па бәрібір емес пе? Екеуі де жақсылыққа айтылады ғой» деді.
Бұл сөзге де асабамыз тосылып қалған жоқ. Ол осында отырғандарға БАТА менен ТІЛЕКТІҢ аражігін ажыратып берді. Үлкен кісілерді сөзімен сойып-сойып алған кезде, кызарған жүздерді көрдім.
"БАТАНЫ айтары бар, көргені мол ақсақалдан, ақ жаулықты анадан аламыз. Олар алақанын жайып, Алладан бар жақсыны тілейді. Батаның өзі сан түрге бөлінеді. Ол кезде айтылатын сөздер де сан алуан болады. Жастарға берілетін батаның сөзі салмақты, санаға сіңімді, құлаққа құйып аларлықтай болады. Бата алған баладан жамандық шықпайды.
Ал ТІЛЕКТІ көрінген айта береді. Көшеде өтіп бара жатқан жанның өзі қуанышыңды естіген кезде қарап тұрмай тілек айтып кетеді. Тілек бата секілді терең ойға жетелейтін ұзақ болмайды. Екі-үш сөзбен қысқа ғана қайырылады", деді асаба жігіт.
Бата-тілек айтқан үлкендерге той иесі құрметіне сай сыйлықтарын үлестіріп жатты. Ал асаба жігіт әрмен қарай жалғастырды. Бұл тойда торт кесілмеді, гүл лақтырылып талас болмады, 7 түрлі елдің биі қойылмады. Той – халықтың қазынасы деген міне, осы тойға арналып айтылғандай сезілді.
Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін,
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын.
Шаңырақтарың биік болсын.
Несібе-ырыс иіп келсін.
Дастархандарың кең болсын.
Қызық-қуаныш тең болсын.
Үй-іштерің мерекелі болсын,
Өмірлерің берекелі болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Махаббаттарың пәк болсын.
Шаңырақтарың биік болсын,
Босағаларың берік болсын.
Бау-бақшаларың өрік болсын.
Басыңда дәйім,
Құлпырған құндыз бөрік болсын.
Ақ жүзіңде жарыңның,
Ақ кимешек көрік болсын.
Құдай қаласа,
Көп ұзамай жерік болсын.
Торсық шекелі ұл тауып,
Ол өзіңе серік болсын.
Қос аққудай көлдегі,
Қызғалдақтай белдегі,
Жас жұбайлар екенсің,
Бата берем кел бері.
Дәулетті, малды болыңдар,
Жұқармас жалды болыңдар,
Ел-жұртың мақтан тұтатын,
Жастардың алды болыңдар.
Тұтатқан шырақтарыңды,
Басталған мұраттарыңды,
Бір Алла қолдап әрдайым,
Жайқалтсын құрақтарыңды.
Отауларың орда болсын,
Аттарың жорға болсын.
Қымызың қымызық татып,
Местерің қорда болсын.
Жас келіннің батасы,
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласын,
Анасы мен атасы,
Балалар, көтер қолыңды,
Қайырлы құтты жолыңды,
Ием берсін мал мен бас,
Толтырсын ол мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл болып келінжан,
Сыйла енең мен атаңды.
Кекшіл болма, қарағым,
Кешірер әркім қатаңды.
Бола берсін ойын-той,
Қызықтап тойлау – құрмет қой.
Ақыл, естен айрылмай,
Жастарым, еске алып қой,
Қайырлы болсын тойыңыз,
Құдалар кеуде соқтырып,
Құйрық, бауырға тойыңыз.
Тойларда айтылатын баталар мен тілектер
Бата-діни салт-дәстүр. Бұл сөздің мағынасы ниет, ету тілек тілеу, жасау тұрғысында түсіндіріледі. Батаның екі түрі болады, олар: діни және дәстүрлі бата. Діни батаның дәстүрлі батадан өзіндік өзгешелігі болғанымен, мағынасы біреу. Екі түрлі батаның, мақсаты тілек тілеу болып табылады. Діни батаны көбінесе өлген адамға құран оқып болғанда, көңіл айтқанда жасалады. Дәстүрлі батаны көбінесе тойларда, салтанатты жиындарда, айтады, немесе кез келген отырыстарда, шараларда жасай береді Мысалы тұсаукесер,үйлену той, сүндет той, бессіке салу және де басқа да тойларда айта береді. Батаны көбінесе жасы үлкен ақсақалдар жасайды. Егерде жиындарда ақсақалдар болмаса, онда жасы үлкен әжелер жасайды. Егерде үлкен әжелер болмаса, кез келген жасы үлкен, абыройы бар адам жасай береді. «Бата қалай жасалады» деген сұраққа келетін болсақ, оған былай жауап берсе болады: біріншіден бата жасалғанда, жиналған адамдар екі алақандарын жаяу керек, екіншіден, бата айтылғанда барлық адамдар тыныштық сақтап, батаны тыңдау керек, үшіншіден, бата айтылып болғаннан кейін барлық адамдар жайылып тұрған алақандарымен беттерін сыйпау керек. Жоғарыда айтылып өткен шарттар, ислам дініне алынған. Батаның айтылу түрлері де болады. Кейбіреу адамдар батаны алдын ала жаттап алып айтса, екіншілері жаттамай өздерінің сөздерімен айта береді. Батаны кейбір адамдар ұйқастырып, тақпақ сияқты айтса, кейбірлері ұйқастырмай айта береді.
Тойларда, салтаннаты жиындарда, жиналған қауым батамен шектеліп қалмай, тілектерді де айта береді. Тілек пен батаның бір айырмашылғы бар. Тілек айтылғанда ешкім қолын жаймайды. Адамдар құр тыңдап тұра береді. Тілектер де бата сияқты ұйқастырылып және ұйқастырылмай айтыла береді.
Егерде бір адам тілек немесе бата айтқысы келетін болса, бірақ не айтқысы келетінің білмесе, онда ол үшін дайын бата мен тілектер бар. Оны тек қана жаттап алу керек. Мысалы үйлену тойға арналған мынадай бата бар:
Сұрасан бата берейін, үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсан, ақ тілекті төгейін
Дастархандарын мол болсын абыройларын зор болсын
Көк жайлауды жайласан, тай құлынды байласан
Келін тұрсын керіліп, салтанаты көрініп
Ыдыс толсын қымызға, шаран толсын уызға
Өрісіне мал толсын, ақ тілеуін жар болсын
Қара ниет жауларын, ит пен құсқа жем болсын
Уайымдарын жоқ болсын, қарындарын тоқ болсын
Шүпірлеген үйінде, балаларын көп болсын
Өрісіне мал толсын, ақ тілеуін жар болсын
Балаларын сән өссін,
Қорған болсын халқына, ел қарасын даңқына
Достарын көбейе берсін, жауларын азая берсін
Жас баланың күлкісін берсін, жас ананың ұйқысын берсін
Жомарт адамның қолын берсін; судың тұнығын берсін
Түнгі оттың жарығын берсін, асқар таудың таңдығын берсін
Сәкеннің сәнің берсін, Жамбылдың жасын берсін, Күләштің әнің берсін
Читайте также: