Астанада?ы этноауыл ?лтты? м?дени кешеніне бірінші к?ні 150 турист
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 3 ай бойы өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ашылған «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені туралы көпшілік хабардар. «Этноауыл» аталған кезең ішінде көрмеге келушілердің басты туристік объектісіне айналды. Осыған орай ҚазАқпарат ғалым, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімнің аталған ұлттық кешен туралы пікірін жариялайды..
Тарихында тағдыр тәлкегінің талайын көрген халқымыздың кеңпейілдігі, қонақжайлығы хақында көп айтылады, ал бұл аксиома ақиқат. Бірақ бейбіт жағдайдағы елімізде қазіргі күндері халықтың қалай өмір сүріп жатқаны, нені ұлағат тұтып, нені қалайтыны, жалпы алғанда, жаратылысы, болмыс-бітімі қандай екені әлемнің көпшілігіне бұған дейін беймәлім болып келген.
Міне, осы сауалдарға жауап алу үшін, Қазақ елін танып-білуге ұмтылған шетелдік кім үшін де, биыл зор мүмкіндік туды. Бұған елордамыз Астанада жанға жайлы жаз айларында ашылған «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі толық жағдай жасады. Көрменің мәдени бағдарламасы Қазақстанның басты байлығы бірегей мәдениет пен көпұлтты халқымыздың дәстүрін жан-жақты, кеңінен насихаттауға бағытталғаны көп көңілінен шыққаны даусыз.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеямыз, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, табысты дамуы және жас елордамыз Астананың гүлденуі мәдени іс-шаралар арқылы 93 күн бойы ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында, сонымен қатар Астана қаласының барлық сахна алаңдарында көрсетілді. Кешенді бағдарламадағы қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрін ашатын іс-шараларға ерекше көңіл бөлінгені қуантады.
Ең алдымен, әрине, шетелдіктер халықтың тыныс-тіршілігін күнделікті олар көп болатын орындарда, сауда-ойын сауық орталықтарында, демалыс орындары саябақтар мен спорттық мекен-жайларда, әлбетте, мұражайлар мен қызықты көрмелерде, сосын театрлардан көріп-біліп, таныса алады. Ал, осының бәрін бір өзіне біріктіре алған көрнекті жер болса, тіптен жақсы. Республикамыздың Мәдениет және спорт министрлігі осыны ескере келе, жақсы бір кешенді орталықты уақтылы іске қосып, шет жерден келгендердің де, өзіміздің отандас туристеріміздің де көңілінен шыққан сыңайлы. Бұл этномәдени кешені.
Қазақ халқының ұлттық дәстүрін кеңінен паш ететін «Этноауыл» этномәдени кешені «Қазанат» ипподромының аумағындағы 2,5 мың шаршы метр аумақты жерге орналастырылыпты. Қазақстанның жағымды және еліміздің туристік көзтартарлық бейнесін қалыптастырған кешенге арнайы келіп тамашалаған көпшіліктің қарасы көрме аяқталғанша, бір толастамады. Алғашқы күннен бұл кешен шетелдік қонақтар үшін басты туристік нысанға, қазақстандықтардың өздері үшін де сүйікті орынға және көрменің визиттік картасына айналып үлгерді.
Кешен аумағындағы сан алуан мәдени шаралар бірінен соң бірі тартымды әрі үзіліссіз жүріп жатты. Этноауыл бірнеше тақырыптық аумақтардан құралған. Мәселен, «Қолөнершілер» секторында қолданбалы қазақ өнерінің экспозициясы көрсетілген: мұнда кескіндеме де бар, зергерлік бұйымдарды әзірлеу де бар, сондай-ақ, ағаш ою, қыш ыдыстарды жасау, кестелеу өнері және тағы басқа да қазақ халқына тән қолданбалы өнерлер көпшілік назарына ұсынылды. Шетелдіктер сол жерде шеберлерге тапсырыс беріп, өздеріне ұнаған бұйымды көздерінше жасатып алып та жатты, қазақтардың ісмерлігіне таңдай қағып, бастарын шайқағанның куәсі болдық.
Тағы бір, яғни «Ұлттық дәм орталығы» секторында этноауыл қонақтары қазақ халқының қонақжайлығын бағалай алды, сондай-ақ, қазақ халқының ұлттық асханасының алуан түрімен танысты. Мұнда, көп шет жерден келгендер үшін «бесбармақ» аталып жүрген нағыз қазақи тағамымыз талайдың тілін үйіріп, мақтауына ие болды.
Ұлттық болмысымыздың тағы бір басты белгісі аңшылық кәсіп «Дәстүрлі аң аулау өнері» секторында көрініс тауыпты. Мұндағы аңшы ағайындарымыз құстармен дәстүрлі аң аулау өнері саятшылық және дала аңдарын тазымен аулау секілді қазақ халқының ең сүйікті кәсібін жария етті. Мергендер де өз өнерлерін халық назарына осында ұсынып жатты.
Қонақтар мен шетелдік туристерді «Ұлттық ойын және ойын-сауық» секторы аса қызықтырды. Онда «Көкпар», «Сайыс», «Қыз қуу», «Күміс алу», «Алтыбақан» секілді қазақтың ұлттық ойындары мен әскери-спорттық ойындар көрсетіліп, әсіресе бұлар шетелдіктер тарапынан жақсы бағасын алды.
ЭКСПО көрмесі өтіп жатқан күндері Этноауылда күнделікті «Концерттік алаңда» Қазақстан өнер шеберлері мен жұлдыздарының қатысуымен әртүрлі жанрдағы концерттік бағдармалар ұсынылды. Сондай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық ұйымдар, облыстардан арнайы концерттік бағдарламаларымен келген ұжымдар да өздерінің өнерлерін көрсетіп, көпшілікті қуантты.
Сондай-ақ, осы секторда Өзбекстан, Мажарстан, Ресей, Норвегия, Монғолия, Қырғызстан, Түркия елдері әртістерінің қатысуымен «The Spirit of Tengri» («Тәңір рухы») жобасының авторларымен бірлесе отырып, «Nomads way» шарасы да көңілден шыққан.
Бір сөзбен айтқанда, жұмыс күндері әдеттегі қалыпта тынымсыз жұмыс істеген кешенде, әсіресе сенбі, жексенбіде қарқын тіпті қыза түскенін көрдік. Демалып жүрген көпшіліктің ересектері өзгеше қызық іздемей-ақ, жоғарыда аталған секторлардың кез-келгенінен іздегенін тауып жатты, бірі көкпар мен аударыспақ қызықтаса, енді біреулер саятшылыққа назар аударып әлек.
Балалар мен жастарға да қалағанынша қызық жеткілікті болды мұнда. Әсіресе атқа мініп, қысқаша серуендеу бір ғанибет десек, асық ойнап, бел жазуға ұмтылған, тіпті жастық дәуренін еске түсіруге асыққан, үлкендер де бұл жерде көптеп саналды. Әсіресе шет елдерден келгендер осының бәрін қызық көріп, балаша қуанып, қол шапалақтағаны сырт көзге оғаш та көрініп жатты.
Шын мәнінде, Этноауыл келушілерді қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, өнері және салт-дәстүрлерімен таныстырып, кез келген адамға көшпелі өркениет пен өткен ғасырдың хал-ахуалын сезінуге мүмкіндік жасады. Ал, бұл бастаманың аяқсыз қалмай, одан әрі жалғасуына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы уәде беріп отыр және бұл Үкімет тарапынан қолдау тапса нұр үстіне нұр!
Астанада 30 киіз үйден құралған «Этноауыл» ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусым күні Астананың 20 жылдығына арнайы құрылған «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің екінші маусымы ашылады және ол жаздың соңына дейін жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлағандай, ауқымды оқиға қазақ мәдениеті мен тарихының көп ғасырлық жауһарын жинақтаған. Этноауылды өз саласындағы айрықша және алғашқы ұлттық жоба деп мақтанышпен айтуға болады. Кешеннің қақпасына кіре бергеннен қонақтарды батыр көшпенділердің, шексіз сар даланы бағындырушылардың ежелгі заманына қас қағым сәтте алып барады. Астананың мерейтойын атап өтуге келген әр адам өзі үшін қызықты және есте қаларлық оқиғаны көруіне мүмкіндік алады.
Этнауыл аясында этникалық музыка және театр өнерінің фестивальдері, көрмелер, қолданбалы-сәндік өнерінің әртүрлі шеберлік сыныптары, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, атты-спорттық іс-шаралар өтеді.
2,5 мың шаршы метр алаңына жайылған аймақ «Шеберлер ауылы», «Спорттық-цирктік іс-шаралар», «Концерттік зал», «Демалыс аллеясы», «Дәстүрлі қазақ және шығыс тағамдары мейрамханасы», «Ұлттық дәстүрлер мен салттар», «Жібек жолы» Шығыс базары және «Аңшылықтың дәстүрлі түрлері» секілді көптеген секторларға бөлінген.
Этнауыл аясындағы ең ауқымды оқиға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Алпамыстың жарқын жебесі» атты театрландырылған цирктік шоуы болады.
Қойылымға әр елден келген 70 артист қатысады. Олар: халықаралық цирктік конкурстарының лауреаттары және ең жоғары деңгейдегі спорттық сайыстардың жеңімпаздары, Du Soleil циркінің көп жылдар бойы қатысушылары.
«Этноауыл» Астана қаласынан 14 шақырым жердегі «Қазанат» атшабарының аумағында орналасқан.
Қазақстанның жалпыұлттық деңгейдегі қасиетті орындары мен кешендерінің толық тізімі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жалпыұлттық деңгейдегі қасиетті орындары мен кешендерінің толық тізімі жарияланды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын айтып өткен болатын.
Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. Ғылыми-сараптамалық кеңес ашылып, оған белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылды.
Аймақтарда жергілікті өлкетанушылар мен ғалымдар, облыстық әкімдіктің қатысуымен қасиетті орындарды анықтау үшін облыстық жұмыс топтары құрылды. Солардың ұсынысы бойынша Қазақстанның 100 қасиетті орындары мен кешендерінің тізімі анықталды.
«Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендері» ретінде ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұраның, зайырлы және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады.
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер кірді.
Еліміздегі барлық қасиетті нысандар бес топқа жіктелді.
1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері. Ел аузында киелі аталып кеткен, кейбіреуі қазірдің өзінде мемлекет қарауында тұрған табиғат құбылыстарының нәтижесінде пайда болған орындар.
2. Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар. Бұл топқа қалашықтар, бекіністер, петроглифтер, қорымдар, халқымыздың қалыптасуында ерекше рөл атқарған, Қазақ мемлекетінің, Ұлы Жібек жолының құрылуына ұйытқы болған орта ғасырлық қалалар кіреді.
3. Діни және ғұрыптық орындар. Бұндай қасиетті орындарды әулие феноменімен байланыстыруға болады. Түркі кезеңіне дейінгі дәуірдегі аттары аңызға айналған, көне түркі дәуірі және орта ғасырлардағы, сонымен бірге XIX аяғы - XX ғасырдың басына дейінгі тарихи тұлғаларды қамтиды.
4. Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар. Қазақстан тарихында елеулі орын алатын, бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы мен егемендігіне арнап, үш жүздің батыр-билерін жиып, елдік маңызды мәселелерді шешкен хандар, қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың батырлары, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері, қолбасшылар, ғылым мен білімге, мәдениетке үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, ғалымдар, ағартушылар туралы мәні зор жерлер алынып отыр.
5. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Қазақ даласында қазақ халқының бірлігі үшін болған шайқастарды, ерлікті, батырлықты, қайсарлықты насихаттайтын, елдің бірлігін білдіретін ескерткіштер мен ел жадында өшпес із қалдырған қасіретті орындар. Қоғамның, мемлекеттің тарихында ерекше орны бар мемлекетіміздің жаңа нышандары еніп отыр.
1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері
Читайте также: